Елшінің Алғыс Айту күніне арналған хабарламасы

Құрметті достар,

Бейсенбі, 24 қарашада америкалықтар Алғыс Айту күні мерекесін атап өтеді. Осы мерекелеу тарихы Америка Еуропалықтардың Америка құрлығына қоныс тебуінің алғашқы күндеріне байланысты болғандықтан ғана емес, бұл күн сондай-ақ байырғы америкалықтардың дәстүрі болып табылады. Массачусетс елді-мекеніне айналған Плимут жазығының ертеректегі қоныстанушылары алғашқы қатал қыстан аман шыққандарына көмектескен бірінші егінге шүкірлік етіп, 1621 жылы байырғы тұрғындармен бірге той өткізеді. Мұндай егін жинау тойлары  бүкіл американдық қоныстарда дәстүрге айналды. Тәуелсіздік алғаннан кейін, біздің алғашқы президентіміз Джордж Вашингтон Алғыс Айту күнін ресми мейрам етуге жарлығын шығарды. Кейінірек, бұл мерекені президент Ибраһим Линкольн де қолдайды және, сайып келгенде, 1941 жылы мереке Президент Франклин Рузвельт қол қойған Заңмен бекітілді.

Алғыс Айту мерекесі Американың ең танымал және сыйлы мерекесі десек те болатындай. Әдетте бұл күні біздің еліміздің барлық отбасылары және қауымдастықтар дастархан басында жиналып, елдің, халықтың және мемлекетімізге барлық жақсы тілектер тілеп, бата жасайды. Шетелде тұратын және қызмет ететін америкалықтар осы күні үйде қалған жақындарымызды ойлау үшін арнайы маңызы бар.

Америкалықтардың көпшілігі, әдетте түйетауықтан дайындалған шұрайлы көкөніс, картоп немесе күріш қоспасы және мүкжидектермен бірге арнайы тамақ жасап, Алғыс Айту күнін атап өтеді. Асқабақ, алма және тәтті картоп бәліштер, әдетте мейрамның шырайын келтіреді. Соңғы онжылдықтарда, ас ішіп болған соң көптеген америкалықтар өздерінің сүйікті университеттік футбол командаларын көруге теледидар алдына жиналады.

Ал Астанадағы Америка Елшілігі мереке күні жабық болады. Елшілік отбасылары Алғыс Айту мерекесіне тамақ дайындауға және бірге болғандары үшін шүкірлік етіп, түгел бас қосады. Мен де, өзімнің дәстүрлі қазақстандық киіз үйімде миссиядағы әріптестер бірқатарына Алғыс Айту тағамын тартамын. Біз еліміз үшін және осындай жомарт Қазақстан халқымен серіктес болғанымыз үшін, біздің отбасыларымыз үшін алғыс айтамыз. Біз үшін осындай Қазақстан сияқты сұлу елде қызмет ету мәртебе болып табылады. Рахмет Қазақстан! Барлықтарыңызға және сіздің отбасыларына Алғыс Айту күні құтты болсын!

 

Елші Джордж Крол