Бұл әнді қазақтың ұлы ақыны Абай мен оның музыкасының 175 жылдығына орай Теннесси штатының Нэшвилл қаласынан келген американдық топ орындады.
Humming House музыкалық ұжымы 2011 жылы АҚШ-тың Теннесси штатының Нэшвилл қаласында құрылды. Жап-жас бес адамнан құралған топ фолк, соул және блюграсс сияқты стильдерді араластырып музыка ойнайды.
2018 жылы топ American Music Abroad бағдарламасы аясында Қазақстанға сапар шегіп, Абайдың туған қаласы – Семейге бару мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстандағы саяхат олар үшін бұрын-соңды болмаған өмірдің ғажабын көрсетті. Жастар өз өмірлеріндегі көп сәттерді алғаш рет осында көргендерін мойындады.
«Мен ешқашан атқа мінген емеспін. Қымыз, лағман, бауырсақ, хачапури – осының бәрінің дәмін біз алғаш рет татып көрдік», – деп еске алады топ мүшелерінің бірі.
Бұл топтың қазақ әнін бірінші рет орындауы емес. 2018 жылы Humming House «Наурыз» әннің кавер-нұсқасын жазды: https://youtu.be/2yY56J6GjdE