Американың деректі фильмінің фестивалі

17 қазан 2014 жыл

Қазақстан Республикасындағы АҚШ дипломатиялық миссиясы 2014 жылғы 23 қазан мен 5 қараша аралығында Орта Азия америкалық деректі фильмдер фестивалінің  енді Қазақстанда  өтетінін қуана хабарлайды. АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Оңтүстік Калифорния университетінің кинематография факультетінің арасындағы ынтымақтастығы мен осы фестиваль шеңберінде екі атақты америкалық кинематограф-шебері Түрікменстанға аттанар алдында Қазақстанның бес қаласын аралап қайтады.

Фестиваль 25 қазанда басталып, салтанатты ашылуы Қазмедиа орталығында өтеді. Фестивальда жұлдыздар «қызыл кілеммен» жүріп өтеді және америкалық кинематографшылардың құрметіне қабылдау өткізіледі. Қабылдаудан кейін «Бак»  және «Қалалану» фильмдерінің көрсетілімі өтеді. Осы және басқа үш деректі фильм Астана қаласында 25 қазанда, Қостанай қаласында 26 және 27 қазанда, Қарағанды қаласында 28-30 қазанда, Алматыда 31 қазан-2 қараша аралығында және Шымкентте 3-4 қараша аралығында көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Орта Азия америкалық деректі фильмдер фестивалінің аясында америкалық мәдениетті, атап айтсақ,  америкалық мәдениет сіңген батыс елдері және америкалық үндістердің тұрмыс-салтын сипаттайтын көптеген сыйлық иегері атанған бес фильм көрсетіледі:

  • Бак – жылқылар – айнадағы адамның жан-дүниесінің көрінісі деп білетін америкалық бақташы туралы шынайы әңгіме.
  • Қалалану – мемлекеттік резервациядан қазіргі заманғы қалаларға дейін басым көпшілігі тумысынан көшпенді болып келетін байырғы америкалықтардың өз еркімен қоныс аударуын сипаттайтын туынды.
  • Қараңғы қала жарықтың  ғаламшарымыздың қоршаған ортасына тигізетін ластаушы әсерін  зерттейді.
  • Емдік қасиеті бар ойын –  ата-бабалары ізгі салт-жорасы етіп ойлап тапқан ойынында кәсіпқой спортшы болатынына сенетін және онондага тайпасынан шыққан екі ағайындының рухтандырғыш әңгімесі.
  • Уран драйвы – Колорадодағы шағын қауымның тұрғындары, олардың атамұрасы мен  қоныстанған жерлерінде уран зауытын салудың нәтижелері арасында таңдау жасау қаншалықты қиын екендігі сипатталады.

Фильмдерді АҚШ Елшілігінің мәдениет атташесі Орта Азия америкалық деректі фильмдер  фестиваліне арнап іріктеген. Осы бес фильм бір іс-шара барысында көрсетілетін болады.

Бұрын Discovery Communications компаниясында қызмет еткен Мичиган мемлекеттік университетінің өкілі Андреа Медич – Sundance Film Festival және Crossroads Film Festival фестивальдарындағы сыйлық иегері Buckфильмінің атқарушы продюсері болып табылады. Сондай-ақ, ол «Оскар» сыйлығының иегері Даршы мен «Оскар» сыйлығына үміткер атанған Ақырғы замандағы кездесулер фильмдері, «Эмми» сыйлығына үміткер атанған Шайқасқа шыққан рейс фильмі мен Сандэнсте аталған басқа да көптеген фильмдердің  продюсері болған.

Лиза Олкен Колорадо штатының Денвер қаласындағы Rocky Mountain PBS компаниясында қызмет етеді. Ол Regional Heartland Emmy Award сыйлығының иегері «Қалалану» фильмінің, оған қоса америкалық үндістер, америкалық мәдениет пен батыс елдерінің өнері туралы түсірілген басқа да  фильмдердің режиссері болып табылады. Ол  27 өңірлік «Эмми» сыйлығы, 3 «CINE Golden Eagles» сыйлығы және батыс елдерінің америкалық мәдениетіне арнап түсірілген өнер туындылары үшін берілетін ең беделді 2 «Western Heritage Wranglers» марапатын иеленді.

АҚШ дипломатиялық миссиясы осы бағдарламаны Қазақстанда іске асыруға қолдау көрсеткен демеушілер мен әріптестеріне өз алғысын білдіреді. Солардың қатарында: Қазмедиа орталығы, «Шеврон» корпорациясы, Hilton Garden Inn Astana қонақ-үйі, Hewlett-Packard компаниясы, «Шабыт» қазақ ұлттық өнер универсиеті, «Тұран» университеті, Оңтүстік-Қазақстан ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қостанай қалаларының әкімдіктері, “Synergy” білім беру-ғылыми қоры, Arman Cinema Қостанай, Оңтүстік Калифорния университетінің кинематография факультеті.

Қосымша ақпарат алу үшін және фестиваль туралы баяндама жасау туралы сауалдарды жолдау үшін АҚШ Елшілігінің Жұртшылықпен байланыс бөлімінің (7172)70 22 16 телефонына хабарласуларыңызды өтінеміз.