Flag

An official website of the United States government

Алматыда жыл сайынғы MediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестивалі басталды
2 Хаттаманы оқу
Қазан 8, 2022

Алматы, Қазақстан, 8 қазан, 2022– Орталық Азияның барлық елінен келген 200-ден астам медиамаман 2022 жылғы 8-10 қазанда төртінші жыл сайынғы MediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестиваліне жиналды. Олар нетуоркинг жасап, сәтті жобаларын таныстырып, аймақтағы медиа тап келіп отырған мәселелерді талқылайды. Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасын АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews жүзеге асырып жатыр.

Биыл MediaCAMP Fest офлайн өтеді. Бұған дейін COVID-19 пандемиясына байланысты екі жыл қатарынан онлайн форматта өтті. Фестивальде медиа саласының түрлі тақырыптарын қамтитын snap-talk, дәрістер мен шеберлік сабақтары болады. Фильм көрсетеді. Қатысушылар дағдарыс пен ақпараттық соғыс кезіндегі медианың рөлін талқылап, қаржылай тұрақтылық, инновациялар мен зерттеу журналистикасы туралы жаңа білім алады.

Орталық Азиядағы USAID аймақтық директорының орынбасары Луис Ривера медианың қоғам үшін маңыздылығына айрықша мән беріп, «Журналистер мен тәуелсіз медиа — деректер ұсыну, мифтерді жоққа шығару, медиасауат ілгерілету, сондай-ақ институттар ашықтығы мен есептілігінің кілті. Күнделікті жұмысыңызды және журналистік адалдықты қолдау мен аудиторияңызға мейлінше толымды әрі баланс сақталған ақпарат жеткізуге деген талпынысыңызды құрмет тұтамын» деп атап өтті.

MediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестивалі 10 қазанда MediaCAMP Award журналистика байқауының салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады. Байқау төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биыл байқауға Орталық Азияның барлық елінен 821 өтініш келіп түсіп, соның ішінен 74 материал «Уақыт тынысы», «Жеңімпаздар уақыты», «Жасампаздар уақыты», «Жастар уақыты», «Жыл тақырыбы. Жаңа уақыт» деген бес санат бойынша қысқа тізімге ілінді. Алтыншы арнайы номинация – «Уақыт көрінісі» номинациясының жеңімпазы фестиваль сайтындағы онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Іс-шараның егжей-тегжейлі бағдарламасы фестивальдің ресми сайтында жарияланған. Шеберлік сабақтарынан басқа сессияның барлығын фестиваль сайтынан, Facebook-парақшадан және YouTube-арнадан онлайн көруге болады. Шеберлік сабақтарының видеожазбасы іс-шара аяқталғаннан кейін сол платформаларда жарияланады.

###

USAID даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін жетекші халықаралық даму агенттігі және катализатор болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID веб-сайтына кіріңіз: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook парағы: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia