Бұқаралық ақпарат құралдары үшін
Ресми өкілдің кеңсесі
16-шы қараша, 2020
Мемлекеттік хатшының білім және мәдениет мәселелері жөніндегі көмекшісі (ECA) Мари Ройс қараша айының 16-28 аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби және Дубай қалаларына; Марокконың Рабат және Танжер қалаларына және Қазақстанның Нұр Сұлтан және Алматы қалаларына сапар шегеді. Академиялық бағдарламалар бойынша орынбасары Кэролайн Касагранд та осы сапарда Ройспен бірге жүреді.
Мемлекеттік хатшының көмекшісі Ройс Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары уақытында әмірліктің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, EducationUSA және Фулбрайт бағдарламасы сияқты білім алмасу бағдарламалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты талқылайтын болады. Ол сондай-ақ Кәсіпкер Әйелдерге арналған Академияның және Стивенс бастамасының (Stevens Initiative) қатысушыларымен және серіктестерімен кездеседі. Сонымен қатар, ол АҚШ пен Әмірлік үкіметтерінің жоғары лауазымды тұлғаларымен бірге Дубайда Expo 2020 көрмесіне арналған АҚШ павильонының айтарлықтай аяқталуына арналған салтанатты шарасына қатысады.
Мароккода хатшының көмекшісі Ройс Марокко үкіметінің аға мүшелерімен кездесіп, білім және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылайды. Ройс ханым биыл 200 жылдығын атап өтетін, әлемдегі ең көне дипломатиялық меншік және Америка аумағынан тыс жерде орналасқан АҚШ-тың жалғыз ұлттық ескерткіші болып есептелетін АҚШ дипломатиялық өкілдігіне барады. Сонымен қатар, ол ECA алмасу бағдарламаларының қатысушыларымен және түлектерімен, серіктес ұйымдарымен кездеседі.
Қазақстанға сапары кезінде, хатшының көмекшісі Ройс Қазақстан үкіметінің жоғары мүшелерімен кездесіп, білім және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқыламақ. Сонымен қатар, ол алмасу бағдарламаларының қатысушыларымен және жетекші ECA бағдарламаларының, соның ішінде English Access Microscholarship және Future Leaders Exchange (FLEX) бағдарламаларының түлектерімен кездеседі. Оған қоса, American Spaces кеңістігін ғылым, технологиялар, білім беру және математика (STEM) бағдарламалары үшін пайдалануды насихаттайтын Қазақстандағы өкілдік пен Chevron арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы құжатқа қол қою рәсіміне қатысады.
Қосымша ақпаратты ECECA-Press@state.gov немесе Twitter парақшасы @ECA_AS арқылы таба аласыздар.