Flag

An official website of the United States government

Мемлекеттік хатшының көмекшісі Мари Ройс бұрын Шыңжаң лагерлеріне қамалған, не туыстары ұсталып,
жоғалып кеткендермен кездесті
3 Хаттаманы оқу
Қараша 27, 2020

Assistant Secretary of State Marie Royce met with ethnic Kazakhs and Uyghurs

Мемлекеттік хатшының көмекшісі Мари Ройс бұрын Шыңжаң лагерлеріне қамалған, не туған-туыстары ұсталып, жоғалып кеткен қазақ және ұйғыр ұлт өкілдерімен кездесті.

Ройс ханым кездесуге келгендерге өз бастарынан өткендерін ашық айтуда батылдық танытқандары үшін алғыс айтты, олар айтып берген жайттар Қытай Халық Республикасының зорлықшыл саясатының шынайы бет-бейнесін көрсетеді және ҚХР-ға адам құқығын бұзуын тоқтатуы үшін халықаралық қысымның күшеюіне ықпал етеді.

Ройс ханым “Қытай үкіметінен зомбылықты тоқтатып, Шыңжаңның мұсылман және түркі қауымының өз дініне табынып, өз мәдениетін құрметтеуге деген құқығын мойындауды талап етуде біз сіздермен біргеміз. Сіздерді тыңдау бүгін мен үшін үлкен құрмет. Мен сіздерден естігенімді өзіммен әкетіп, Шыңжаңда болып жатқан жағдай туралы шындықты бұдан да көп адамға бөлісемін,” деді.

Шыңжаңда Қытай коммунистік партиясы ұйғырларға, қазақтарға және басқа да азшылық ұлт өкілдеріне қарсы адам құқықтарын өрескел бұзуда. Құжатталған құқық бұзушылықтарға халықты мәжбүрлеп бақылау, мәжбүрлі еңбекке тарту, лагерлерде себепсіз ұстау, жаппай қадағалау, отбасының бөліп-жару, мәдени және діни салт-жораларға тосқауыл қою жатады.

Америка Құрама Штаттары Қытай коммунистік партиясын бұл сұмдық тәжірибені тез арада тоқтатуға шақырады.