Flag

An official website of the United States government

C5+1 елдері көшбасшыларының бірлескен мәлімдемесі
5 Хаттаманы оқу
Қыркүйек 27, 2023

C5+1 елдері көшбасшыларының бірлескен мәлімдемесі

Бейресми аударма

21 Қыркүйек, 2023 жыл 

Нью-Йорк декларациясы:  Қауіпсіздік, экономика және энергетика серіктестігіндегі C5+1 тұрақтылығы

Осы аптада біз – Америка Құрама Штаттарының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның және Өзбекстан Республикасының Президенттері – Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен тарихта алғаш рет C5+1 президенттік cаммитіне орай кездестік және одан әрі өзара іс-қимылдың мынадай қағидаттарын ұстануға міндеттенеміз.

Тұрақтылық үшін серіктестік 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарын сақтауға деген мызғымас міндеттемеміз бір, біздің серіктестегіміз, барлық мемлекеттің тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге негізделген. Біз 2015 жылы C5+1 министрлерінің бірінші кездесуінен бері ортақ мақсаттарға қол жеткізген елеулі ілгерілеуді жоғары бағалаймыз. 2022 жылы C5+1 Хатшылығының және экономика, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік жөніндегі жұмыс топтарының құрылуы біздің өзара іс-қимылымызды одан әрі тереңдете түсті. Біз әлі де C5+1 алаңы арқылы серіктестігімізді арттыруға дайынбыз.

Бейбітшілік пен өркендеу жолындағы ұмтылысымызды берік ұстана отырып, күрделі сын-қатерді  немесе туындауы мүмкін қауіптерді  шешуге келгенде, тұрақты ынтымақтастық бойынша аймақ пен біздің көзқарасымыз ортақ.  Біз бірлесе отырып,  С5+1-дің жаһандық мәселелерге келгенде, аймаққа сай  шешімдерді табу мақсатына адалмыз. Бірге Орталық Азиядағы қауіпсіздікті, экономикалық тұрақтылықты арттыратын, тұрақты дамуды қолдайтын, климаттың өзгеруімен күресетін және бейбітшілікті насихаттайтын іс-шараларға басымдық береміз.

Біздің ортақ көзқарасымызға қол жеткізу үшін өзара құрмет пен халқымыздың алдындағы жауапкершілікке негізделген тұрақты серіктестік қажет. Біздің ортақ көзқарасымызға қол жеткізу үшін өзара құрмет пен халқымыздың алдындағы жауапкершілікке негізделген тұрақты серіктестік қажет. Бұл өршіл бағдарламаны жүзеге асыру Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың келесі тарауын білдіреді және C5+1 механизмінің маңыздылығын тағы бір рет көрсетеді.

Қауіпсіздік саласындағы кеңейтілген ынтымақтастық 

Біз ортақ аймақтық қауіпсіздік сын-қатерлерін шешудің және Орталық Азия мемлекеттерінің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтаудың маңызды іргетасы ретінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенімізді растаймыз. Ауғанстандағы жағдай Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңызды факторы болып қала беретінін мойындай келе, біз қорғаныс, құқық қорғау және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастырамыз. Біз ынтымақтастықты,  оның ішінде ақпарат алмасуды ұлғайтуға, шекара қауіпсіздігі мен қауіпсіз көші-қон  саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Сирияның солтүстік-шығысындағы азаматтарды репатриациялауға қолдау көрсетуге, терроризмге қарсы тұруға және зорлық-зомбылыққа әкелетін радикалданудың алдын алу бойынша озық тәжірибелермен бөлісу сияқты ынтымақтастығымызды тереңдетуге деген ұмтылысымызды растаймыз. Бұл ұзақ мерзімді күш-жігер үлкен әлеуетті талап етеді және Орталық Азия көшбасшылары Америка Құрама Штаттарының АҚШ пен Орталық Азия арасындағы қауіпсіздік бойынша серіктестікті қолдау және жақсарту үшін қауіпсіздік бойынша көмек құралдары мен басқа ресурстарға басымдық беру  міндеттемесін құптайды.  С5+1 мүшелері осы мәселелер бойынша, соның ішінде министрлер деңгейінде диалогты кеңейтудің пайдасын мойындайды. Түйіндей келе, аймақтағы барлық ел мен  халықаралық кең қауымдастық терроризмнен азат, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, соның ішінде әйелдер мен қыздардың құқығын құрметтейтін, өзара және көршілерімен бейбіт тұратын, үкіметі барлық этникалық, діни және саяси топтарының өкілінен тұратын Ауғаныстанды қолдауды жалғастыруы керек. Біз Орталық Азияны Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаларын ілгерілететін бейбітшілік, сенім және ынтымақтастық аймағы ретінде тануды одан әрі қолдайтынымызды растаймыз.

С5+1 Экономикалық және энергетикалық дәліз 

Жаһандық нарыққа жол ашу үшін Орта Азияға, оның ішінде жасыл экономикаға тұрақты халықаралық инвестицияларды тарту үшін ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін шарттарды күшейту қажет. Бұл өз кезегінде аймақтың қарқынды сауда дәлізі арқылы инклюзивті экономикалық дамуға жол ашады. Осы мақсатта біз аймақтық ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты дамыта отырып, қалыпты сауда қатынастарын орнатумен қоса Орта Азиядағы АҚШ-тың жеке сектор саудасы мен инвестициясы үшін неғұрлым қолайлы іскерлік ортаны құру бойынша күш салуға міндеттенеміз. Біз балама сауда жолдарын кеңейтіп, АҚШ пен Орталық Азия кәсіптерінің арасындағы жаңа байланыстарды жүргізу, ағылшын тілі мен кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өтетін жас мамандардың аймақтық желісін құру үшін маңызды қадамдар жасауға ниеттіміз. АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы (CIPE) – АҚШ Сауда палатасының филиалы – C5+1 дипломатиялық алаңын толықтыру және АҚШ-Орталық Азия экономикалық байланысын нығайту үшін жеке сектордың бизнес алаңын құру бойынша жұмыс істейді.

Көлік бағыттарын әртараптандыру үшін Транс каспийлық сауда жолын не «Орта дәліз» деп аталатын жолды инвестициялау мен дамытуды жалғастыра отырып, Орталық Азияны Оңтүстік Азиямен байланыстыратын энергетикалық инфрақұрылым мен көлік желілерін кеңейту қажет. C5+1 экономикалық мақсаттарын ілгерілету үшін Жаһандық инфрақұрылым мен инвестиция серіктестігі (PGI) экономикалық дамуды, энергетикалық қауіпсіздікті және Орта дәліздің қосылуын жеделдету үшін инфрақұрылымдық инвестицияларды масштабтау мүмкіндіктерін қарастырады. АҚШ Мемлекеттік департаменті, Дамуды қаржыландыру корпорациясы, АҚШ Экспорт-импорт банкі және Америка Құрама Штаттарының Халықаралық Даму Агенттігі (USAID) арқылы маңызды транспорт, таза энергия және маңызды минералдарды тасымалдау тізбегін мен цифрлық қосылыммен қоса қол жетімді экономикалық құралдарды пайдалануға дайын екенімізді растаймыз. Сондай-ақ, С5+1 елдерінің инклюзивті, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін қажетті нақты әрекеттерді талқылау үшін, біз қазан айында өтетін USAID Өзара байланыс бойынша C5+1 министрлік отырысында аймақтық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі диалогымызды жалғастырамыз.

Сонымен қатар, біз С5+1 елдерінде инклюзивті экономикалық өсуге мүмкіндік беретін инвестициялар мен бизнес-ортаны қолдау үшін халықаралық қаржы институттарымен серіктестік орнатуға ниеттіміз. Бұл климаттың өзгеруі сияқты жаһандық сын-қатерлерді шешуге инвестицияларды тарту мақсатында Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкіндегі жаңа инновациялық қаржыландыру тетіктері мен Еуропа қайта құру және даму банкінің капиталын ұлғайтуға қолдау көрсетуді қамтиды.

Энергетикалық қауіпсіздікті арттыру және климаттың өзгеруінің салдарымен күресу  

Орталық Азияның энергетикалық қауіпсіздігін арттыру үшін біз энергия экспортының жаңа бағыттарын әртараптандыру және кеңейту және жаһандық нарықтарды сенімді қамтамасыз ету үшін өңірлік энергетикалық жүйелерді интеграциялауды жалғастырамыз. Біз сондай-ақ таза энергия өндірісін ұлғайту, метанды азайту жобалары, тұрақты гидроэнергетикалық қуаттарды дамыту және энергия тиімділігін арттыру, әсіресе энергияны ауыстыруға бағытталған мемлекеттік және жеке қаржыландыруды жұмылдыру арқылы күш-жігерді екі есе арттыруға міндеттенеміз. USAID Power Central Asia сияқты C5+1 бағдарламалары арқылы Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азия мемлекеттері аймақтық, таза энергия саудасы мен таза экономика болашағының экономикалық пайдасын ашады. Біз әлемді қатерсіз, қауіпсіз және тұрақты ядролық отынмен қамтамасыз ету арқылы, соның ішінде өсіп келе жатқан жаһандық таза энергия сұраныстарын қанағаттандыру әлеуетін дамыту үшін ынтымақтастықты тереңдетуге дайынбыз. Аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікке біздің назарымыз әртарапты, тұрақты және қауіпсіз маңызды минералдарды жеткізу тізбегін құруды; шикізатты өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу; және стратегиялық тәуелділікті азайту және экономикалық, энергетикалық қауіпсіздік және климаттық мақсаттарға жету үшін аймақтық өнеркәсіптік ынтымақтастық арқылы құндылық қосуды қамтиды. Таза энергия және басқа да технологиялар үшін қажет маңызды минералдарға сұраныс алдағы онжылдықтарда айтарлықтай кеңейеді. Орталық Азияның орасан зор минералдық байлығын одан әрі дамыту және маңызды минералдар қауіпсіздігін арттыру үшін біз C5+1 маңызды минералдар диалогын бастаймыз. Ол C5+1 маңызды минералдық мәселелер мен мүмкіндіктер туралы ақпаратты бөлісе алатын, мемлекеттік қызметкерлер мен жеке сектордың индустриясы арасындағы байланыстарды дамыта алатын, инвестицияны катализдейтін және маңызды пайдалы қазбаларды жеткізу тізбегі бойынша ынтымақтаса алатын форумды қамтамасыз етеді.

Біз Орталық Азияның су қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның сапасын арттыруға инвестициямыз, азық-түлік қауіпсіздігі, санитария, ауыл шаруашылығы және энергетика секторындағы байланыстарды ескере отырып, су және экология мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастықты арттыруға жұмыс жасаймыз. Орталық Азиядағы USAID бағдарламалары судың айналымын жақсырақ болжау, деректер сапасын және ақпарат алмасуды жақсарту, климатқа бейімделген ауыл шаруашылығын дамыту және құрып кету қаупі төнген түрлердің мекендеу орындарын, соның ішінде қар басқан аумақтарды сақтау үшін метеорологиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, оқытуды және стипендияларды қамтамасыз етті. Біз тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және аймақтың экожүйелерінің саулығын арттыру үшін Орталық Азияда су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру және суды үнемдейтін технологияларды енгізу мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенімізді растаймыз. USAID Regional Water and Vulnerable Environment (өңірлік су және осал қоршаған орта) бағдарламасы арқылы біз климаттың өзгеруімен бір уақытта күресетін су, энергия, азық-түлік және қоршаған ортаны қорғау қажеттіліктерін азайту, бейімделу және төзімділік бойынша тиісті шаралармен бірлесіп шешуді жоспарлап отырмыз. Әрі қарай, біз мұздықтарды сақтауды қолдайтынымызды растаймыз және қауымдастықтың бейімделу әлеуетін арттыруға міндеттенеміз.

Адамдар арасындағы серіктестік  

Біздің ең бай қарым-қатынастарымыз біздің халықтар арасында және біз C5+1 іс-шараларының барлығына адами өлшемді қосудың маңыздылығын мойындаймыз. Біз заң үстемдігі мен демократиялық басқаруды ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істеуге ынталы екенімізді растаймыз. Біз білім беру әлеуетін арттыру, кәсіптік оқыту, жастарды дамыту және алмасу мүмкіндіктерін қолдау арқылы Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азия арасындағы байланысты қолдауды және нығайтуды жалғастырамыз. Біз аймақтық байланыс пен мәдениетаралық түсіністікті арттыру құралы ретінде Орталық Азия мен Ауғанстанның түкпір-түкпірінен келген қыз-жігіттерді оқытатын Орталық Азиядағы жоғары оқу орындарына қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Сонымен қатар, біз үкіметтерімізді мәдениет, білім, ғылым және әлеуметтік салалардағы ынтымақтастықты кеңейту және адамдар арасындағы тығыз қарым-қатынасты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтауға шақырамыз. Біз адам құқықтарын, соның ішінде әйелдердің, балалардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғауға деген ынтамызды растаймыз.

Серіктестіктің жаңа атмосферасы 

Біз C5+1 шеңберіндегі серіктестіктің жаңа атмосферасын мойындаймыз, форматтың құндылығын растаймыз және тұрақты диалог пен бірлескен іс-қимыл арқылы ынтымақтастықты, аймақтық қауіпсіздікті және тұрақты дамуды нығайтуға міндеттенеміз. Осы Саммит барысында қабылданған міндеттемелер неғұрлым тұрақты, қауіпсіз және гүлденген Орталық Азияға ортақ көзқарасқа негізделген. Осы міндеттемелерді жүзеге асыра отырып, біз инклюзивті өркендеу мен қауіпсіздікті ілгерілету үшін сенімге негізделген тұрақты жолды модельдеуге тырысамыз.

Бұл бірлескен көзқарас бізге C5+1 серіктестігі тарихындағы ең салдарлы кезеңге қадам басқан кезде бағыт беретін болады. Осы мақсатта біздің командалар тұрақты, екіжақты және ұжымдық түрде кездесіп отырады және біз сауда, энергетика, климат және қауіпсіздік сияқты тақырыптар бойынша С5+1 министрлер кездесулері арқылы өзара іс-қимылымызды жалғастыруға міндеттенеміз. Серіктестігіміз халқымыз үшін практикалық нәтиже беруін жалғастыру үшін, біз туындайтын проблемаларды бірлесіп шешу үшін жоғары деңгейдегі диалогты қолдауды жалғастырамыз.

 

21 қыркүйек, 2023 жыл

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон

Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов

Америка Құрама Штаттарының Президенті кіші Джозеф Р.Байден

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев