Америкалық топ Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» шығармасын орындады

Бұл әнді қазақтың ұлы ақыны Абай мен оның музыкасының 175 жылдығына орай Теннесси штатының Нэшвилл қаласынан келген американдық топ орындады. Humming House музыкалық ұжымы 2011 жылы АҚШ-тың Теннесси штатының Нэшвилл қаласында құрылды. Жап-жас бес адамнан құралған топ фолк, соул және блюграсс сияқты стильдерді араластырып музыка ойнайды. 2018 жылы топ American Music Abroad бағдарламасы аясында Қазақстанға …

Ары қарай оқу»

Community Solutions бағдарламасы (2021)

Community Solutions бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Білім және мәдениет бюросымен қаржыландырылып, «IREX» үкіметтік емес ұйымымен басқарылады. Бағдарламаға қатысу тегін. Аталған алмасу бағдарламасы аясында бүкіл әлемдегі көшбасшыларға 2021 жылдың тамыз бен желтоқсан айлары аралығында қарқынды кәсіби дамудан өтуге мүмкіндік беріледі. Бағдарлама қатысушылары қоғамдық жұмыстар саласында маңызды тәжірибеге ие болып, өз мемлекеттеріндегі көшбасшылық және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге …

Ары қарай оқу»

CDC алматылық екі зертханаға 316 000 АҚШ долларға құрал-жабдық табыстады

1 қыркүйекте АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының Орталық Азиядағы кеңсесі (CDC/CAR) Алматыдағы екі зертханаға жалпы құны 316 000 АҚШ доллар құрал-жабдық табыстады. Орталық референс-зертхана және Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы табысталған құрал-жабдықты жоғары сапалы сынама алу үшін және полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен COVID-19-ға жоғары спецификалық тестілеу көлемін арттыру үшін пайдаланатын болады. Табысталған …

Ары қарай оқу»

Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық өкілдігі. Арнайы #Abai175 Үшін.

Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық өкілдігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, Абай идеяларының қазіргі әлеммен байланысын көрсету, қазақтың ұлы ақынының шығармашылығын дәріптеу және оны тану мақсатында әлеуметтік желідегі #Abai175 науқанын аса құрметпен қолдайды. “Желсіз түнде жарық ай” – АҚШ Елшісі Уильям Мозердің сүйікті әндерінің бірі. Елші мырза өлеңді ағылшын тілінде 2019 жылы оқыған болатын. “Аса құрметті …

Ары қарай оқу»

USAID Орталық Азиядағы АИТВ бойынша «Флагман» бағдарламасын аяқтайды

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., 2020 ж. 6 тамыз – Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Орталық Азиядағы АИТВ бойынша «Флагман» бағдарламасын сәтті аяқтады. Қазақстанда бағдарлама аясында АИТВ-ға тестілеу, АИТВ талдауы оң нәтиже берген адамдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнату, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өзін-өзі тестілеу енгізілді. Жаңа АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайларының санын азайту және АИТВ-дан қайтыс …

Ары қарай оқу»

Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз

Бүгін, біз 30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымы жеті жыл бұрын адам саудасының құрбандары бар екендігін мойындау, осы дүниежүзілік қасірет туралы хабардар болу және құрбандардың құқықтарын қорғауға көмектесу үшін жариялаған Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтеміз. Биыл БҰҰ адам саудасы құрбандарына алғашқы көмек көрсететіндерге – оларды анықтайтын, қолдайтын, оларға кеңес беретін, құрбандар үшін әділеттілік …

Ары қарай оқу»

Баспасөзге арналған «C5+1»-дің жоғары деңгейдегі диалогының бірлескен мәлімдемесі

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ Баспасөз хатшысының кеңсесі Дереу тарату үшін БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 9 шілде, 2020 жылы Баспасөзге арналған «C5+1»-дің жоғары деңгейдегі диалогының бірлескен мәлімдемесі Бұл мәлімдеменің мәтінін Америка Құрама Штаттарының үкіметі және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасының үкіметтері АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы мен С5 елдерінің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өткен «C5+1» кездесуіне …

Ары қарай оқу»

Елдердің лаңкестікке қарсы күресі туралы 2019 бойынша есеп

АҚШ-тың терроризммен күрес жөніндегі үйлестірушісі Елші Натан Сейлс: Менің ойымша, Қазақстан шынымен де әлемдегі елдер арасында лаңкестіктің – Сирия мен Ирактан «Ислам мемлекеті» құрамындағы содырларды өз еліне қайтару, тергеу және реинтеграциялау сияқты – нақты мәселесін шешуде көшбасшылардың бірі болып табылады.  Қазақстанның көптеген азаматтарын қайтару, жасаған қылмыстары үшін заң бойынша тергеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ содырлардың отбасы …

Ары қарай оқу»

Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы COVID-19 диагностикасын қолдау мақсатында лабораториялық материалдар мен жабдықтарды ұсынды

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ COVID-19 ДИАГНОСТИКАСЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ ҰСЫНДЫ Алматы, Қазақстан – Америка Құрама Штаттары Қазақстан үкіметінің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларын қолдау үшін АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) көмегімен, қажетті зертханалық жабдықтар мен материалдардың жеткізілгені туралы хабарлады. АҚШ үкіметі USAID-тің Жергілікті денсаулық сақтау тұрақтылығы жобасы аясындаҚазақстандағы COVID-19-ға қарсы төтенше әрекет етуін …

Ары қарай оқу»

АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы Қауіптерді азайту агенттігі арқылы Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне екінші мәрте жеке қорғаныс құралдарын тапсырды

12 маусым 2020 Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы Қауіптерді азайту агенттігі (DTRA) арқылы Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне екінші мәрте жеке қорғаныс құралдарын тапсырды. Бұл қажетті қорғаныс құралдары коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы сапта тұрған медициналық қызметкерлердің пайдалануы үшін Орталық әскери емханаға берілді. Тұтастай алғанда, АҚШ үкіметі Қазақстан Республикасымен бірлесе отырып, елдегі COVID-19 жеңуге 6,5 миллион доллардан астам сомада …

Ары қарай оқу»

USAID COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен Орталық Азия мигранттарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 2 млн. АҚШ долларын бөледі

26 мамыр 2020, Қазақстан– АҚШ үкіметі Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі (USAID) арқылы COVID-19 пандемиясының барысында Орталық Азиядағы мигранттарды қорғау мақсатында 2 миллион АҚШ долларын бөлетін болады. Бұл жәрдем USAID тарапынан қаржыландырылатын және «Winrock International» күшімен жүзеге асырылатын «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасының аясында көрсетілетін болады. COVID-19 пандемиясы Орталық Азиядағы миллиондаған мигранттар үшін гуманитарлық және …

Ары қарай оқу»

Қызылша ауруының тарауымен күреске арнап АҚШ үкіметі Қазақстанға 750,000 АҚШ долларын бөлді

12 мамыр, 2020 жыл, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Амерка Құрама Штаттар үкіметі АҚШ халықаралық даму Агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанның жақындағы қызылша ауруының таралуына қарсы жұмсаған күшіне қолдау ретінде 321 млн. астам теңге (750 000 АҚШ долларын) бөлді. Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) арқылы USAID бұл қаражатты қызылша ауруының таралуының түбегейлі себептерін анықтау, қоғамның бұл …

Ары қарай оқу»

Covid-19 вирусына төтеп беруін қолдап, жұқтыруды болдырмау және бақылау мақсатында АҚШ Қазақстанға қосымша қаражат бөлді  

11 мамыр, 2020 жыл, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Америка Құрама Штаттары үкіметі АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға қосымша 214 миллион теңге (500 000 АҚШ долларын) бөлді. АҚШ үкіметінің Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күресіне қосқан жалпы үлесі 1,6 миллиард теңгеден (3,79 миллион АҚШ долларынан) астам соманы құрады. Қосымша қаржыландыру Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына (ЮНИСЕФ) …

Ары қарай оқу»

CDC Қазақстанның COVID-19-бен күресіне 1,6 млн АҚШ доллар бөлуді мақұлдады

Америка Құрама Штаттарының ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC/CAR) Қазақстан үкіметіне COVID-19 коронавирусының өршуіне қарсы күреске 1,68 млн. АҚШ доллар көлемінде көмек көрсетуге міндеттенді. Бұл қаражат Орталық Азия елдеріне 6,8 млн. АҚШ доллар көлемінде кешенді көмек көрсету аясында бөлінетін болады. Жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, Орталық Азиядағы CDC аймақтық кеңселері  аталған қаражатты коронавирус пандемиясы жағдайында …

Ары қарай оқу»

АҚШ COVID-19-бен күресу үшін Қазақстанға қосымша көмек көрсетуде

22 сәуір, 2020 ж., Нұр Сұлтан, Қазақстан – Америка Құрама Штаттарының Үкіметі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуын төмендету үшін қосымша 348 миллион теңге (800 000 АҚШ доллар) бөлді. Осы жылдар ішінде АҚШ Қазақстанмен серіктестікте табысты жұмыс істеуде және қазіргі уақытта инвестициялар үшін басым бағыттарды анықтау мақсатында Қазақстан Үкіметімен, халықаралық гуманитарлық …

Ары қарай оқу»

АҚШ Қазақстанның коронавирус індетті болдырмауға бағытталған күш-жігерін қолдайды

17 наурыз, 2020 жыл, Нұр-Сұлтан, Қазақстан — Бүгін АҚШ өзінің Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (ЮСАИД) арқылы жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) Нұр-Сұлтандағы Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына тапсырды. Бұл құралдар АҚШ Үкіметінің COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының ықтимал таралуына дайындалу кезінде Қазақстанға көрсеткен жедел көмегінің бөлігі болып табылады. ЖҚҚ-мен қатар, ЮСАИД агенттігі Қазақстанның COVID-19 індетіне жауап беруін …

Ары қарай оқу»

Елші Мозер AgriTek көрмесінде АҚШ павильонын ашты

Елші Мозер AgriTek көрмесінде АҚШ павильонын ашты: «Америка Құрама Штаттары – әлемдегі ең ірі азық-түлік экспорттаушы ел, олардың арасындағы әлемдегі ең өнімді өндірушілерінің көпшілігі Қазақстанның ауа-райына ұқсас климатта жұмыс істейді, сондықтан біздің технологияларымыз бен жаңалықтарымыз қазақстандық ортаға жақсы бейімделгіш және аса жақсы сәйкес келеді. Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозердің AgriTek/FarmTek 2020 ауылшаруашылық көрмесінің ашылуында сөйлеген сөзі 11 наурыз 2020 жыл, Нұр-Сұлтан Қайырлы күн, құрметті елшілер мен Қазақстан …

Ары қарай оқу»

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Шыңжаң автономиялық аймағында адам құқықтары дағдарысынан зардап шеккен этникалық қазақтардың отбасы мүшелерімен кездесуі

Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео жексенбі күні Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы лагерлерде немесе түрмелерде қамалып отырған этникалық қазақтардың отбасы мүшелерімен кездесті. Бұл адамдардың туған-туыстары – 2017 жылдың сәуір айынан бастап, ҚХР лагерлерде ұстап отырған  миллионнан астам этникалық қазақтардың, ұйғырлардың және басқа да мұсылман азшылық топтарының арасында. Мемлекеттік хатшы: «Америка Құрама Штаттары Сіздердің …

Ары қарай оқу»

АҚШ пен Қазақстан «ашық аспан» жайлы келісімге қол қойды

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ Пресс-релиз БАҚ-на арналған хабарлама 6 қаңтар 2020 жыл Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Әуе қатынасы туралы («ашық аспан» жайлы) келісімге қол қойғанын қуана хабарлаймыз. Келісімге АҚШ Үкіметінің атынан АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Х. Мозер және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қол қойды. Келісім АҚШ-тың «ашық …

Ары қарай оқу»

АҚШ Елшісі Халықаралық адам құқықтары күніне орай мәлімдемесі

Бүгінгі бытыраңқы әлемде халықтардың бәрі бірдей келісетін, түрлі мәдениеттер өзінің ажырамайтын бөлігі деп қабылдайтын тақырып қалмады деп ойлау – оңай іс. Алайда, 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күні сонау жылдар бұрын адамзат дәл осыған қол жеткізгенін есімізге салады. 1948 жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы бір ауыздан барлық адамға бірдей берілген құқықтар жүйесі – …

Ары қарай оқу»

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы және NASA ғарышкері др. Шэннон Уокермен бірге 2019 Ғарыш аптасына аттанайық!

АЛМАТЫ – 4-10 қазан аралығында Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы және American Space Almaty Chevron компаниясымен бірлесіп, 2019 Ғарыш аптасына шақырады. Апта аясында ғарыш саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктермен таныстыратын ойын-сауық, шығармашылық, білім шараларынан құрылған кең бағдарлама ұсынылады. Бүкіл әлемде биыл «Ай: жұлдызға апарар жол» тақырыбында өтетін 2019 Ғарыш аптасы Аполлон 11 миссиясының Айға қонуының 50 жылдығына арналады. …

Ары қарай оқу»

ЖАҢА АҚШ БАС КОНСУЛЫ ЭРИК МАЙЕР АЛМАТЫДА ЖҰМЫСҚА КІРІСІП, АҚШ ПЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНЫСТАРДЫҢ НЫҒАЙТУЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

АЛМАТЫ, 3 қазан – Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы ретінде Эрик Майер мырзаның тағайындалғанын хабарлады. Бас консулдың географиялық өкілдігіне Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы кіреді. “Алматыдағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы ретінде қызметімді бастау мен үшін үлкен абырой”,- деді Майер мырза. 14 жыл бұрын Майер мырза Алматыға турист …

Ары қарай оқу»

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі жыл сайынғы екінші Go Viral фестиваліне тіркеудің басталғанын хабарлайды.

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі жыл сайынғы екінші Go Viral фестиваліне тіркеудің басталғанын хабарлайды. Go Viral — бұл Алматыдағы SmArt.Point коворкинг кеңістігінде 15-17 маусым аралығында өтетін, медиа, бизнес, мәдениет және технология салаларындағы инновациялық идеялардың таралуына бағытталған үш күндік фестиваль. Фестивальдің міндеті – шығармашылық аудиторияға, оның ішінде, журналистерге, кәсіпкерлерге, кинематографистерге, музыканттар мен ынтагерлерге әлеуметтік желілер, жаңа тұғырнама …

Ары қарай оқу»

Гомофобия, трансфобия және бипобияға қарсы халықаралық күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме

Бүгін біз жыл сайынғы Халықаралық гомофобия, трансфобия және бипобияға қарсы кунін атап өтудеміз. Бұл күні біз Қазақстандағы лесбиян, гей, бисексуал және трансгендерлік қауымдастықтарға қолдау көрсетеміз. Адам құқықтары жалпыға бірдей және барлық адамдарға тең қолданылады. Біз кемсітушіліктің барлық түрлеріне толықтай қарсы тұрамыз және біз лесбиян, гей, бисексуал және трансгендер (LGBT) адамдарының құқықтары мен бостандықтарын сақтауға тырысамыз. …

Ары қарай оқу»

АҚШ күштерінің Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтары қолбасшысы Астанаға қауіпсіздік серіктестігін талқылауға келді

АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Жозеф Л. Вотел Астанаға бірінші іссапарымен келді. Мамырдың 14-і мен 15-і аралығында Вотел Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қолдау және басқа да мәселерге қатысты АҚШ пен Қазақстанның серіктестігін талқылау ниетімен Қазақстан үкіметінің жоғары басшылығымен кездеседі. Аймақтық қауіпсіздікті ңығайту, сонымен қоса Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша АҚШ пен Қазақстан бірлесе күш салу міндеттемелерін қабылдағанын …

Ары қарай оқу»

Орталық азиялық Spelling Bee жарысында Қазақстан екі жыл бойы жеңіске жетті

Сулейман Демирел атындағы Университетінің 4 курс студенті Динара Куракбаева ағылшын тілінде approbation сөзін дұрыс айтып, Spelling Bee Орталық азиялық 2018 жылғы жарыста бірінші орын алды. Екінші орынға Қарағандыдан Меруерт Совет ие болды. Осымен екінші жыл бойы Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстанда және Өзбекстандағы АҚШ-тың елшіліктері Spelling Bee (ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс айту) атты жарысын ұйымдастыруда. Орталық азиялық …

Ары қарай оқу»

АҚШ Елшілігі жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған екінші мәрте жыл сайынғы Spelling Bee сайысын өткізеді

АҚШ Елшілігі Қазақстанның  көптілділік саясатын қолдап, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған екінші мәрте жыл сайынғы Spelling Bee сайысын өткізеді.  Сайыс жарыс арқылы  жастар арасында ағылшын тіліне деген қызығушылықты туғызудың қызықты жолы болып табылады. Spelling Bee сайысының аймақтық айналымдары Қазақстанның 11 қаласында өтті. Астанада өтетін республикалық айналымда бақ сынау үшін әртүрлі аймақтардан 33 қатысушы …

Ары қарай оқу»

Жаңа Американдық Кеңістік Алматыда ашылды

АЛМАТЫ, 20 қазан – АҚШ Бас консулдығының жаңа Американдық кеңістігі (American Space) толық қайта құру мен редизайннан өтіп, Алматыдағы SmArt.Point коворкинг кеңістігінде ашылды.  Американдық кеңістік – бұл Алматылықтар өз идеяларын және дағдыларын дамыта алатын қоғамдық орталық, әрі түрлі жобалар бойынша ынтымақтастық орнататын зертхана. Оның ішінде технологиялардың көмегімен әр түрлі мәселелерді шешуде шығармашылық тәсілдемені қолдайтын Makerspace …

Ары қарай оқу»

Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күрес күніне орай бірлескен мәлімдеме

Астана, 17 мамыр 2017 ж. – 2017 жылы 17 мамырда біз Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күрес күнін атап өтеміз. Бүгін біз Қазақстандағы барлық ЛГБТ қоғамдастығына қолдау көрсетіп, тілектестігімізді білдіреміз. Кемсітпеушілік қағидасының заңның үстемдігіне және демократиялық қоғамға негіз қалаушы маңызы бар. Кейбір адамдар өздерінің жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестігі үшін әлі күнге дейін ашық …

Ары қарай оқу»

АЛМАТЫДАҒЫ АҚШ БАС КОНСУЛДЫҒЫНЫҢ «GO VIRAL» ФЕСТИВАЛІ МАУСЫМ АЙЫНДА ӨТЕДІ

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы медиа, бизнес, мәдениет салаларындағы қазақстандық жетекші жаңашылдармен бірге «Go Viral» фестиваліне тіркеудің басталғанын жариялайды. «Go Viral» – 16 – 18 маусым аралығында «Almaty Towers» ғимаратында өтетін үш күндік фестиваль. Музыкалық өнер, кино көрсету, мастер класстар мен презентациялардан тұратын қарқынды үш күн аралығында Орталық Азия өңірінің мыңдаған фестаивальға …

Ары қарай оқу»

Қазақстанда «48h Film Race» атты екінші республикалық киноконкурс басталды

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі «48h Film Race» (48 сағатта фильмді түсіру) атты киноконкурсын екінші рет ұйымдастырып отыр. Киноконкурста БАРЛЫҚ тілек білдірушілердің қысқа метражды фильм түсіріп, қатысуға мүмкіндіктері бар. Қатысушылар келесі сілтеме бойынша: https://goo.gl/5LAfPT 16 ақпанға дейін тіркелу қажет. 18-ші ақпанда сағат 12.00-де қатысушыларға электрондық пошта арқылы тақырып бойынша нұсқаулықты және де фильмдерге арнайы компоненттерін қосу бойынша …

Ары қарай оқу»

АҚШ. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТРЫ ҮШІН 10-ЖЫЛДЫҚ ВИЗАЛАРДЫ ЕНГІЗДІ

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ұзақ мерзімді іскерлік және туристік визаларды енгізетінін қуана хабарлайды. 2016 ж. 29 желтоқсаннан бастап қазақстандық білікті талапкерлер АҚШ-қа бірнеше сапарға жарамды визаны он жыл мерзімге ала алады. «Он жылға жарамды іскерлік және туристік визаның енгізілуі қазақстандық және американдық азаматтарға өздерінің сапарларын жоспарлауға қосымша уақыт береді және визаны …

Ары қарай оқу»

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол мырзаның президенттік сайлаудың нәтижелері бойынша мәлімдемесі

Бүгін Американың сайлаушылары Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының келесі президенті етіп таңдады. Америка Құрама Штаттарында сайлау науқандары белсенді әрі талқыға толы сипатта аталып өтетін дәстүр сонау тәуелсіздігімізді алғаннан бері 240 жыл бойы келе жатыр. Алайда, сайлау аяқталып, жарыстың соңында, жаңа президент, мемлекеттің басқарушысы ретінде Америка Құрама Штаттарының Конституциясын ұстануға және америкалықтардың мүдделері үшін қызмет етуге …

Ары қарай оқу»

АҚШ пен Орталық Азия бес мемлекетінің сазгерлері бірлескен концерт қояды

12 қазанда Астанадағы «Жастар» сарайында АҚШ пен Орталық Азияның бес мемлекетінің сазгерлері бір сахнада бірлескен концерт қояды. Бұл бірегей жоба Орталық Азия мен АҚШ-тың арасындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығына арналған «Playing together» («Бірге құйқылжытайық») Орталық Азия қалаларын шарлау туры аясында өтеді. Концерт Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның (оның атынан «Омнибус» музыкалық ансамблінің 6 сазгері өнер …

Ары қарай оқу»

Мұхамед Әли Орталығының оқытушылары Қазақстанға келді.

Көбелек сияқты елбеле, ара сияқты шақ: 15-19 тамызда Кентукки штатының Луисвиль қаласындағы Мохаммед Али Орталығының екі американдық ұстазы Қазақстанның алты аймағынан келген 30 жас спортшы мен олардың бапкерлеріне арналған жазғы лагерьге келді. Бұл жазғы лагерь АҚШ елшілігі, Қазақстандық Бокс федерациясы мен «Перекресток» қайырымдылық ұйымының серіктестігі арқылы ұйымдастырылған. Сол лагерьде американдық бапкерлер жас қазақстандық боқсшыларды тәртіп қағидасына негізінделген бірнеше жаттығу …

Ары қарай оқу»

Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қарамағындағы Әскери ынтымақтастық бөлімінің қызметіндегі подполковник Эрик Густафсон 16 шілдеде «Дала Қыр

Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қарамағындағы Әскери ынтымақтастық бөлімінің қызметіндегі подполковник Эрик Густафсон 16 шілдеде «Дала Қыраны 2016» жаттығуының ашылу салтанатына қатысты. Осымен он үшінші болып табылатын, бұл жыл сайынғы жаттығу 16-28 шілде аралығында Ұлыбританияның Станта оқу-даярлық базасында өтіп жатыр. Бітімгерлік опреацияларды әзірлеуге ерекше көңіл бөлінеді. Әскери ынтымақтастық бөлімі «Дала Қыраны» жаттығуының тарихындағы бүгінгі күннің ең ірі …

Ары қарай оқу»

АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастардың 25 жылдығын тойлау мақсатында АҚШ дипломатиялық миссиясы «25 жыл бірге» кампаниясын іске қосады

Қазақстандағы АҚШ елшілігі АҚШ пен Қазақстан арасында қарым-қатынас орнаудың 25 жылдығын тойлау жөніндегі кампания басталғаны туралы ізгі құрметпен жариялайды.  Мыңдаған қазақстандықтар мен американдықтар 25 жылдан астам құрған достыққа ерекше көңіл бөле отырып, кампания үш негізгі тақырыпқа: инновациялар, достық пен әріптестікке бағытталады. Инновацияларда 25 жыл бірге • Тех.әйелдер: АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Тех. Әйелдер» бағдарламасына қатысқан ғылым, …

Ары қарай оқу»

Хатшы Эрнест Мониз мырзаның Назарбаев Университетінде сөйлеген сөзі

Д-р Эрнест Мониз АҚШ Энергетика министрі 2016 жылғы 7 сәуір Министр Мониз: Сіздерге рақмет, Президент Кацу мен менің жаңа ең жақсы досым Босумбаев мырза. Ол офисте екі апта болды, біз онымен өткен аптада Вашингтонда және осы аптада Астанада кездестік. Қарапайым зерттеу әдісін қолдана отырып, мен алдағы уақытта Қазақстанмен қарым-қатынас жасайтын боламын. Бұл – менің Қазақстанға …

Ары қарай оқу»

Джон Керри: Наурыз мейрамымен құттықтау сөзі.

Мен президент Обамаға қосылып, әлемдегі барлық достарымызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын және оларға бақыт, деңсауылық, аманшылық тілеймін. Американдықтар ретінде біз Иран республикасынан Орта Азия және Кавказға дейінгі елдердің халқына және АҚШ-тың осы мерекені қарсы алатын қауымдастықтарына жаңа көктемді және жаңа жылды қарсы алуына қосыламыз. Наурыз – ол жаңарту және келісімнің уақыты, отбасылар үшін өзінің мәдениетін және …

Ары қарай оқу»

АҚШ пен Қазақстан арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы диалог

Вашингтон 9 наурыз, 2016 АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Роуз Гетемюллер Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашиқбаевты Вашингтон қаласында мемлекеттік департаментте 8 наурызда төртінші АҚШ пен Қазақстан арасындағы Cтратегиялық серіктестік туралы диалогтың жұмыс сессиясында қабылдады. АҚШ делегациясын халықаралық және аймақтық істер, қауіпсіздік және экономика салаларында серіктестік, адам және жұмыс құқықтары, заңнама және басқару, білім беру саласында …

Ары қарай оқу»

АҚШ елшілігінің Қазақстаннан асырап алынған балалардың қайғылы өлімі туралы ресми мәлімдемесі

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы америкалық отбасы асырап алған казақстандық балалардың өліміне себеп болған трагедияны естіп, терең қайғыға бөленді. АҚШ халқы Қазақстанның халқымен бірге қайғыруда. АҚШ құқық қорғау органдары орын алған оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бұл оқиғадан соң АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтондағы Қазақстаннның елшілігімен хабарласқандай, АҚШ дипломатиялық миссиясы Астанадағы Сыртқы Істер Министрлігімен хабарласты. …

Ары қарай оқу»
Толығырақ ақпаратты көрсету ∨