1 қыркүйекте АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының Орталық Азиядағы кеңсесі (CDC/CAR) Алматыдағы екі зертханаға жалпы құны 316 000 АҚШ доллар құрал-жабдық табыстады. Орталық референс-зертхана және Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы табысталған құрал-жабдықты жоғары сапалы сынама алу үшін және полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен COVID-19-ға жоғары спецификалық тестілеу көлемін арттыру үшін пайдаланатын болады.
Табысталған заттардың ішінде жоғары өнімді нақты уақыт режиміндегі ПТР жүйесі, ПТР тест жинақтары және РНҚ оқшаулау жинақтары бар. Бұл құрал-жабдықтар COVID-19 диагностикасында қолданылады. Қазан айында CDC/CAR осы екі зертханаға және Ұлттық сараптама орталығының филиалдарына құрал-жабдықтың екінші партиясын, соның ішінде құны 480 000 АҚШ долларынан асатын зертханалық пластик, сынақ жинақтары мен реактивтерді беруді жоспарлап отыр.
«Біз қазақстандық әріптестерімізді осы пандемиямен күресте қолдауды жалғастырудамыз. Осы жасалған көмек Америка Құрама Штаттарының қазақстандық қоғамдық денсаулық сақтау саласына жасаған салымдарының тек бір бөлігі. Біздің осы саладағы ынтымақтастығымыз ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді және әлі де ұзақ уақытқа созылады деп сенеміз», – деді CDC/CAR директоры Дэниел Сингер.
CDC/CAR Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне індет басталғалы тренинг өткізу және төтенше жағдай, зертханалық жұмыс, жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау, шекара пункттерінде бақылау өткізу, риск байланыстар мен қоғамды қатыстыру мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетіп келе жатыр. Сонымен қатар, CDC/CAR жетекші халықаралық денсаулық сақтау ұйымдары шығарған техникалық нұсқаулықтарды орыс тіліне аударып, Орталық Азиядағы денсаулық сақтау мамандарына таратты.
CDC Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен денсаулық сақтау мәселелері бойынша ұзақ уақыт жұмыс бойы жұмыс істеп келе жатыр. CDC Орталық Азиядағы алғашқы кеңсесі 1995 жылы Алматы қаласында ашылған. Бүгінде орталықтың кеңселері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда бар. CDC осы елдердің денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп жергілікті зертханалардың әлеуетін, эпидемиологиялық бақылауды және адами ресурстарды күшейту бағыттарында жұмыс істейді. Бұл жүмыстың мақсаты осы елдердің ауруларды анықтау, алдын-алу және күресу бойынша қабілеттерін күшейту.