ЖАҢА АҚШ БАС КОНСУЛЫ ЭРИК МАЙЕР АЛМАТЫДА ЖҰМЫСҚА КІРІСІП, АҚШ ПЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНЫСТАРДЫҢ НЫҒАЙТУЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

АЛМАТЫ, 3 қазан – Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы ретінде Эрик Майер мырзаның тағайындалғанын хабарлады. Бас консулдың географиялық өкілдігіне Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы кіреді.

“Алматыдағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы ретінде қызметімді бастау мен үшін үлкен абырой”,- деді Майер мырза. 14 жыл бұрын Майер мырза Алматыға турист ретінде келіп, Қазақстанмен, Алматымен қатты таңданды, ал бірнеше жылдан кейін жұбайымен қайта оралды. “Мен бірден Қазақстанның бай мәдениетімен, әсерлі табиғатымен, қазақ тамағымен және адамдардың жылы ынтасымен тамсандым”.

“Мен Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуын асыға күтемін және де екі жақты қызығушылығы бар мәселелерге, оның ішінде экономикалық өсу, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, ағылшын тілін үйренуде қолдау көрсету, инновация мен өнер, сондай-ақ мәдени алмасуды ынталандыру сұрақтары бойынша Қазақстан халқымен одан әрі ынтымақтастықты арттыруға дайынмын”,- деп ерекше көңіл аударды АҚШ Бас консулы Эрик Майер.

Сонымен қатар, АҚШ Бас консулы Қазақстанның Орталық Азияда лидерлік рөлін атап өтті. Оған АҚШ-тың бірнеше маңызды мемлекеттік ұйымдарының аймақтық бөлімдерінің Алматыда орналасқандығы дәлел. Оның ішінде: Аурулардың алдын алу мен бақылау жөніндегі АҚШ орталығы, Орталық Азиядағы АҚШ Коммерциялық кызметінің өкілі, Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма және ЮСАИД. Майер мырза бұл “экономикалық өсу, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және өзара түсіністікті алға жылжытудағы” мәселелерде Қазақстанның бүкіл аймақта орталық рөлін дәлелдейді.

АҚШ консулы Эрик Мейер АҚШ Мемлекеттік департаментінің дипломатиялық қызметінде он жеті жыл бойы жұмыс істеген. АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы лауазымына тағайындалуынан бұрын, Эрик Майер Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі Бюроның Арнайы көмекшісі және Аға кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, ол Камбоджадағы Пномпень қаласында Бас консул ретінде және Финляндиядағы Хельсинки қаласында консул ретінде қызмет атқарды. Эрик Майер Аргентина және Мысыр мемлекеттерінде де дипломатилық қызмет атқарған. АҚШ-тың Арктикалық кеңесінде төрағалық етуі кезінде, Эрик Майер Вашингтонда Мұхиттар және халықаралық қоршаған орта мен ғылым мәселелері бойынша бюросының кеңесшісі болды.

Мемлекеттік департаментке келуден бұрын, Эрик Майер авиатранспорт индустриясы саласында корпоративтік сату және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімдерінде жұмыс атқарған. Майер мырза Берклидегі Калифорния Университетін саясат ғылымдары кандидаты дәрежесімен аяқтады. Сонымен қатар, ол Джорджтаун Университетінің бизнес-әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесін алды. Ол дания, француз, кхмер, орыс және испан тілдерінде сөйлейді. Эрик Майер үйленген және екі қызы бар.

«Мен отбасыммен бірге Қазақстанның оңтүстігін жаңадан ашып, оның аймағын зерттеп, мәдениетімен және адамдарымен танысуға асыға күтемін»,- деді АҚШ Бас консулы Майер.