Community Solutions бағдарламасы (2021)

Community Solutions бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Білім және мәдениет бюросымен қаржыландырылып, «IREX» үкіметтік емес ұйымымен басқарылады. Бағдарламаға қатысу тегін. Аталған алмасу бағдарламасы аясында бүкіл әлемдегі көшбасшыларға 2021 жылдың тамыз бен желтоқсан айлары аралығында қарқынды кәсіби дамудан өтуге мүмкіндік беріледі. Бағдарлама қатысушылары қоғамдық жұмыстар саласында маңызды тәжірибеге ие болып, өз мемлекеттеріндегі көшбасшылық және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге ат салыса алады.

ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ

  • 2021 жылдың 1 қаңтарында талапкерлер 25-38 жас аралағында болуы керек;
  • Талапкерлердің қоғамды дамыту саласында кем дегенде 2 жыл тәжірибесі болуы керек немесе әлеуметтік көмек көрсету саласында штаттағы қызметкер немесе ерікті ретінде 2 жылдық тәжірибесі болуы керек;
  • Талапкер өз мемлекетінде тұрып, қызмет атқаруы тиіс (ресми түрде босқын лауазымына ие және өз мемлекеті атынан басқа мемлекетте қызмет атқаратын адамдар бағдарламаға қатыса алады) ;
  • Жазбаша және ауызекі ағылшын тілін еркін білу қажет;
  • Тек ағылшын тіліндегі толықтай толтырылған сауалнамалар осы сілтеме арқылы 2020 жылдың 28 қазанына дейін қабылданады https://www.irex.org/program/community-solutions-program-application-information және https://oas.irex.org/csp/Logon?ReturnUrl=%2fcsp

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР

АҚШ-тағы төрт айлық тағылымдама. Қатысушылар өзінің америкалық әріптестерімен бірге үкіметтік емес ұйымдар, жекеменшік немесе мемлекеттік мекемелерде өз мемлекеттеріндегі өзекті бір мәселеге қатысты шешімді табуға бірге жұмыс істей алады. Community Solutions бағдарламасының қатысушылары таңдалған төрт бағыттың біреуі бойынша тағылымдамадан өте алады:

  • қоршаған ортаны қорғау,
  • толеранттылық және шиеленістерді шешу;
  • транспаренттік және қоғамға есептілік;
  • әйелдер мәселесі және гендерлік теңдік.

Мысал ретінде: Вьетнамдық гендерлік теңдік мәселесі саласындағы белсенді ерікті адам саудасы қылмысын азайту үшін Техас штатының Хьюстон қаласындағы «Жас әйелдердің христиандық ассоциациясымен» бірге адам саудасына қарсы жұмыс атқаруы мүмкін.

Қоғам көшбасшылары институты – көшбасшылық әлеуетті дамытуға арналған академия жеке оқытумен қатар әр қатысушыға жеке бапкерлік ұсынады. Аралас оқыту негізінде қатысушылар онлайн және жеке сабақтардан өтіп, кәсіби бапкерлік, тәжірибелі оқытумен қоса, өз саласындағы кәсіпқой маманмен бірлесіп әрекет жасай алады.

Жергілікті қоғамдық бастама. Қатысушылар, қабылдаушы американдық ұйыммен бірлесе отырып, өз қауымдастықтарындағы мәселелерді шешуге бағытталған жобаны жасайды және үйренген жаңа дағдылары мен білімдерін қоғамдастыққа енгізу үшін жобаны қайтып оралғаннан кейін отанында жүзеге асырады.

Қоғамды дамыту бойынша кәсіпқой мамандардың халықаралық желісі. Бағдарлама қатысушылары түлектер жобалары арқылы және қоғамдастық көшбасшыларына арналған онлайн-платформада ұсынылған мүмкіндіктер арқылы ғаламдық мәселелерді шешу үшін бүкіл әлемдегі пікірлес адамдармен байланыста және ынтымақтастықта болады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ БҮГІНГЕ ДЕЙІНГІ НӘТИЖЕСІ

  • АҚШ-тың 90-ға жуық қалаларында орналасқан 347-ден астам америкалық ұйымдар Community Solutions бағдарламасының қатысушыларын қабылдап, тұрақты халықаралық байланыстарды орнатуға ықпал етті;
  • Community Solutions бағдарламасына 2011 жылдан бері 83 мемлекеттен 630 белсенді азаматтар қатысты;
  • Community Solutions бағдарламасының әлеуметтік жобалары 274,000 адамдарға қолдау көрсетті;
  • Қабылдаушы ұйымдар бағдарламаға өз уақытын, тәжірибесін және кеңсе бөлмелерін беру арқылы екі миллион доллар соммасына тең материалдық емес қолдау көрсетілген.

БАҒДАРЛАМАДАН ӨТУ КЕЗЕҢДЕРІ

Құжаттар онлайн жүйе арқылы 2020 жылдың 28 қазанына дейін қабылданады. 2020 жылдың желтоқсанында жартылай финалистермен бірге сұхбат өтеді. Ақпан айында қатысушылар белгіленіп, сәуір/маусым айларында визалық сұхбат болады. Қатысушылар тағылымдамадан 2021 жылдың тамыз айынан желтоқсан аралығында өтеді.

2020 жылдың 16 қыркүйегі

Құжаттарды сілтеме арқылы қабылдау кезеңі басталады

2020 жылдың 28 қазаны 11:59 Шығыс стандартты уақытты

(2020 жылдың 29 қазаны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9:59-ға дейін құжаттар қабылданады)

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі

2020 жылдың желтоқсанның ортасы

Бағдарлама жартылай финалистерімен сұхбат

2021 жылдың қаңтарының соңы 

Бағдарлама жеңімпаздары анықталады 

2021 жылдың наурыз-сәуір айлары 

АҚШ Елшілігі қатысушыға арналған виза құжаттарын қабылдайды 

2021 жылдың наурыз-сәуір айлары 

Бағдарлама қатысушылар ағылшын тілі тестін тапсырады 

2021 жылдың маусымы 

Бағдарлама қатысушылары визалық сұхбаттан өтіп, Елшілікте бағдарламаға дайындық жайлы ақпарат алады 

2021 жылдың тамыз айы 

Бағдарлама қатысушысы АҚШ-қа сапар шегеді 

2021 жылдың тамыз-желтоқсан айлары 

Community Solutions бағдарламасының аясында тағылымдама 

2021 жылдың желтоқсан айларында 

Бағдарламаға қатысушы Қазақстанға оралады және қосымша жобалар туралы ақпаратты алады 

2022 жылдың қаңтар-маусым айлары 

Community Solutions бағдарламасының қатысушысы жоспарланған жобасын Қазақстанда жүзеге асырады 

COMMUNITY SOLUTIONS БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛЫҢЫЗ

Сұрақтарыңыз болған жағдайда, IREX ұйымына мына э-пошта арқылы хабарласа аласыз csp@irex.org

Бағдарлама жайында қосымша ақпарат алу үшін және бағдарламаға құжаттарды тапсыру үшін келесі сайтқа кіруіңізге болады https://www.irex.org/program/community-solutions-program-application-information

Бағдарлама жайында және түлектердің жобасы туралы жаңалықтар үшін біздің әлеуметтік парақшаларымызға қосылыңыздар

Facebook: @CommunitySolutionsProgram and @ExchangeProgramsAtState

Twitter: @cspecairex and @ECAatState