Community Solutions бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

COMMUNITY SOLUTIONS БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Community Solutions бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Білім және мәдениет бюросымен қаржыландырылып, «IREX» үкіметтік емес ұйымымен басқарылады. Аталған алмасу бағдарламасы аясында бүкіл әлемдегі көшбасшыларға 2020 жылдың тамыз бен желтоқсан айлары аралығында қарқынды кәсіби дамудан өтуге мүмкіндік беріледі. Бағдарлама қатысушылары қоғамдық жұмыстар саласында маңызды тәжірибеге ие болып, өз мемлекеттеріндегі көшбасшылық және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге ат салыса алады.

ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ

  • 2020 жылдың 1 қаңтарында талапкерлер 25-38 жас аралағында болуы керек;
  • Талапкерлердің қоғамды дамыту саласында кем дегенде 2 жыл тәжірибесі болуы керек немесе әлеуметтік көмек көрсету саласында штаттағы қызметкер немесе ерікті ретінде 2 жылдық тәжірибесі болуы керек;
  • Талапкер өз мемлекетінде тұрып, қызмет атқаруы тиіс (ресми түрде босқын лауазымына ие және өз мемлекеті атынан басқа мемлекетте қызмет атқаратын адамдар бағдарламаға қатыса алады) ;
  • Жазбаша және ауызекі ағылшын тілін еркін білу қажет.

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР

АҚШ-тағы төрт айлық тағлымдама. Қатысушылар өзінің америкалық әріптестерімен бірге үкіметтік емес ұйымдар, жекеменшік немесе мемлекеттік мекемелерде өз мемлекеттеріндегі өзекті бір мәселеге қатысты шешімді табуға бірге жұмыс істей алады. Community Solutions бағдарламасының қатысушылары келесі төрт бағытта: қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық және шиеленістерді шешу, транспаренттік және қоғамға есептілік, әйелдер мәселесі және гендерлік теңдік бағыттарында тағылымдамадан өте алады. Мысалы: Вьетнамдық гендерлік теңдік мәселесі саласындағы белсенді адам саудасы қылмысын азайту бойынша Техас штатының Хьюстон қаласындағы «Жас әйелдердің христиандық ассоциациясымен» бірге адам саудасына қарсы жұмыс атқаруы мүмкін.

Қоғам көшбасшылары институты – көшбасшылық әлеуетті дамытуға арналған академия жеке оқытумен қатар әр қатысушыға жеке бапкерлік ұсынады. Аралас оқыту негізінде қатысушылар онлайн және жеке сабақтардан өтіп, кәсіби бапкерлік, тәжірибелі оқытумен қоса, өз саласындағы кәсіпқой маманмен бірлесіп әрекет жасай алады.

Жергілікті қоғамдық бастама. Қатысушылар, қабылдаушы американдық ұйыммен бірлесе отырып, өз қауымдастықтарындағы мәселелерді шешуге бағытталған жобаны жасайды және үйренген жаңа дағдылары мен білімдерін қоғамдастыққа енгізу үшін жобаны қайтып оралғаннан кейін отанында жүзеге асырады.

Қоғамды дамыту бойынша кәсіпқой мамандардың халықаралық желісі. Бағдарлама қатысушылары түлектер жобалары арқылы және қоғамдастық көшбасшыларына арналған онлайн-платформада ұсынылған мүмкіндіктер арқылы ғаламдық мәселелерді шешу үшін бүкіл әлемдегі пікірлес адамдармен байланыста және ынтымақтастықта болады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ БҮГІНГЕ ДЕЙІНГІ НӘТИЖЕСІ

  • АҚШ-тың 90-ға жуық қалаларында орналасқан 300-ден астам америкалық ұйымдар Community Solutions бағдарламасының қатысушыларын қабылдап, тұрақты халықаралық байланыстарды орнатуға ықпал етті;
  • Community Solutions бағдарламасына 2011 жылдан бері 79 мемлекеттен 631 белсенді азаматтар қатысты;
  • Соңғы алты жыл ішінде, Community Solutions бағдарламасының әлеуметтік жобалары 295,000 адамдармен байланыста болуға себеп болды;
  • Қабылдаушы ұйымдар бағдарламаға өз уақытын, тәжірибесін және кеңсе бөлмелерін беру арқылы екі миллион доллар соммасына тең материалдық емес қолдау көрсетті

БАҒДАРЛАМАДАН ӨТУ КЕЗЕҢДЕРІ

Құжаттар онлайн жүйе арқылы 2019 жылдың 30 қазаны сағат 1800-ге дейін http://oas.irex.org/csp вебсайтында қабылданады.

2019 жылдың желтоқсанында жартылай финалистермен бірге сұхбат өтеді. Ақпан айында қатысушылар белгіленіп, сәуір айында визалық сұхбат болады. Қатысушылар тағылымдамадан 2020 жылдың тамыз айынан желтоқсан аралығында өтеді.

COMMUNITY SOLUTIONS БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛЫҢЫЗ

  • Сұрақтарыңыз болған жағдайда, IREX ұйымына мына э-пошта арқылы хабарласа аласыз csp@irex.org
  • Бағдарлама жайында қосымша ақпарат алу үшін және бағдарламаға құжаттарды тапсыру үшін келесі сайтқа кіруіңізге болады www.irex.org/csp; https://exchanges.state.gov/non-us/program/community-solutions
  • Бағдарлама жайында және түлектердің жобасы туралы жаңалықтар үшін біздің әлеуметтік парақшаларымызға қосылыңыздар

Facebook: @CommunitySolutionsProgram and @ExchangeProgramsAtState

Twitter: @cspecairex and @ECAatState