Мишель Еркін – соңғы кездері Исландиядағы Рейкьявиктегі АҚШ елшілігінің Миссиясы басшысының орынбасары және Уақытша сенімді өкілі қызметін атқарған сыртқы қызметтегі мансаптық қызметкер. Дипломатиялық мансабын 2003 жылы бастаған Мишель бұған дейін Алматы (Қазақстан), Панама (Панама), Бішкек (Қырғызстан), Сан-Сальвадор (Сальвадор) және Мәскеуде (Ресей) жұмыс істеген. Ел ішінде ол Экономика және бизнес бюросы (EB), Қару-жарақ туралы келісімдерді бақылау, тексеру және сақтау бюросы (AVC) және Батыс жарты шар істері бюросында (WHA) жұмыс істеді. Мишель Йель университетін «Аймақтану: Ресей және Шығыс Еуропа» мамандығы бойынша үздік бітірді. Ол Миннесота университетінің Жоғары заң мектебінен заң докторы дәрежесін алды. Мишель Миннесотаның солтүстігіндегі фермада өсті және оджибве (чиппева) тайпасының Ақ Жер ұлтының мақтан тұтатын ұрпағы. Мишель мен оның күйеуі Жомарт төрт бала тәрбиелеп отыр. Орыс және испан тілдерін меңгерген ол қазір қазақ тілін ұйреніп жатыр.
Language