Қазақстанның азаматтық қоғам белсенділері Макс Бокаев және Талғат Аянның ісі жөніндегі

АҚШ-ТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

2016 жылдың көктемінде бейбіт шерулер ұйымдастырудағы болжамды рөлдеріне байланысты қазақстандық азаматтар Макс Бокаев пен Талғат Аянды әрқайсысын бес жылға түрмеге жабу жөніндегі Қазақстан Республикасының Атырау өңірлік сотының аталған тұлғаларға шешімінің әділ және заңды шығарылуына қатысты алаңдаушылық тудырып отыр. Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының заңдары мен институттарының құрметтей отырып, айтылып отырған істерді Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясының жоғары стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету үшін қазақстандық азаматтардың өз пікірлерін еркін және бейбіт түрде білдірулерін азаматтық және заңды құқықтарын сақтайтын, азаматтарға еркін және әділ үкім шығарылуына кепілдік беру мақсатында осы істер бойынша Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдарын құқықтық процестің қайта қарауды шақырады.
Жалпы, бейбіт жиналулар мен өздерінің саяси пікірлерін білдірудегі бостандықтар аясында азаматтарының мүдделері мен толғандыратын мәселелеріне жауапкершілікпен қарау – тұрақты, ашық және динамикалық қоғамның негізі болып табылады. Аталған бостандықтар халықаралық келісімдерде және сол келісімдердің тарабы болып табылатын Қазақстанның өз Конституциясында да осы бостандықтарға кепілдік берілген. Америка Құрама Штаттары БҰҰ Арнайы баяндамашысы Майна Киаидың бұл жағдай туралы алаңдаушылығын бөліседі және бейбіт қарсылық білдіруді қылмыстық жауапкершілікке балайтын көмескі заңдардың демократиялық қоғамдарда азаматтардың құқықтарына зиян келтіруі мүмкін екенін атап көрсетеді. Дос және стратегиялық әріптес ретінде, Америка Құрама Штаттары Қазақстанның барлық азаматтарының Қазақстанның өз құндылықтарына негізделген заңды және Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және қорғайтын тұрақты, демократиялық және ашық қоғам құру жолындағы Қазақстан халқының және үкіметінің ұмтылысын жоғары бағалайды.

###