Flag

An official website of the United States government

Елдердің лаңкестікке қарсы күресі туралы 2019 бойынша есеп
2 Хаттаманы оқу
Маусым 25, 2020

АҚШ-тың терроризммен күрес жөніндегі үйлестірушісі Елші Натан Сейлс: Менің ойымша, Қазақстан шынымен де әлемдегі елдер арасында лаңкестіктің – Сирия мен Ирактан «Ислам мемлекеті» құрамындағы содырларды өз еліне қайтару, тергеу және реинтеграциялау сияқты – нақты мәселесін шешуде көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстанның көптеген азаматтарын қайтару, жасаған қылмыстары үшін заң бойынша тергеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ содырлардың отбасы мүшелерін қоғамға қайта бейімдеу мен оңалту бойынша тиімді бағдарламаларды жүргізгендегі көшбасшылығы – әлемдегі басқа елдерге үлгі.

Мен бірнеше ай бұрын Нұр-Сұлтанда болдым және айтылған оңалту орталықтарының біріне барып, Қазақстанның АҚШ-пен серіктестікте жүзеге асырып жатқан игі істерін өз көзіммен көрдім. Біз тек қана Орталық Азия аймағындағы елдер ғана емес, әлемнің басқа елдері де осы мәселе бойынша жұмыстарын жақсы орындап, Қазақстаннан үлгі алады деп үміттенеміз.

Елдердің лаңкестікке қарсы күресі туралы 2019 бойынша есеп (PDF, 2 MB)