АМЕРИКАНДЫҚ КОВБОЙЛАР КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН АСТАНАҒА КЕЛМЕК

Астана –16-шы тамыз күні сағат 10:30-да Астана қаласының «Қазанат» атшабарында Американдық ковбойлардың көкпар әлем чемпионатының қатысуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз маслихатына американдық тобының капитаны Крид Гарник қатысады. Баспасөз маслихатының аяқталуы барысымен ковбойлар атты ұстау және лассо шеберлектерін көрсетеді. Аталған турнир «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында тамыздың 20 мен 28 аралығында Астанадағы «Қазанат» атшабарында өтеді. Чемпионатқа 12 елден 200 спортшының қатысуы жоспарлануда. Жеребе нәтижесі бойынша Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Өзбекістан, Монғолия және Тәжікстан мемлекеттері сайыстың «А» тобында жарысатын болады. Ал, «В» тобының тізімінде Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Венгрия, Қытай және Ауғанистан мемлекеттері жарысқа түседі.

АНЫҚТАМА

Көкпар – шабыс, күрес және ойындар симбиозынан тұратын, қазақтар мен басқа да Орта Азия халықтары арасындағы ең танымал ат үстіндегі спорт ойындары түрлерінің бірі. Бұл ойын Полоға  ұқсас: Бұл салт аттылардың командалық ойыны ғой, бірақ мұнда доптың орнына бір серке тушасы пайдаланылады.

Ковбойлар (сиыршылар) – кезінде қолда ұстап отырған ірі қара малдарды жайылымдарда жаю үшін жалданған бақташылар болып табылады. Ковбойлар дәуірі 1865 жылдан бастап, негізінен Техас аумағында жабайыланып кеткен алпауыт бұқа табындарын айдап қамауға алу қажет болған кезеңдерде басталды. Тарих бойынша, ковбойлар әрқашан да америка рухани мәдениетінің бір бөлігі болып келе жатыр. Бұл күндерде ірі қара мен жылқы ұстайтын нағыз ковбойларды АҚШ-тағы ранчоларда кездестіруге болады. Ковбойлардың кейбіреулері осы күндерде де родео сайыстарына қатысып келеді.

Крид Гарниктің биографиясы: Крид Вайоминг штатындағы ранчосында дүниеге келіп, жас кезінен атпен шабуды үйренді. Ол радеомен шұғылданып, беймәлім жерлерде атпен серуендеуді ұнатады. Крид – кәсіби актер, ол Бродвей қойылымдарында қатысқан. Қазіргі таңда өз фильмдерін шығарады. Ол Нью-Йорк қаласындағы өнеркәсіп мектебін бітірген болатын, дегенмен, туған жерін Вайоминг штатын есептейді.

Оның қатысуымен түсірілген фильмдер тізімі

The Last Hunt (2016), To Be Determined (2012) and Straight on Till Morning (2012).

Lewis and Clark (TV Mini-Series), The Last Hunt (Short)

https://www.facebook.com/usembassy.astana/videos/10155990059350348/
https://www.youtube.com/watch?v=PgrpsQ5Aqu0&feature=player_embedded

Төменгі берілген нөмерлер арқылы 15 тамыздың 15.00 сағатына дейін аккредитацияны өтүіңізді сұраймыз:

70 22 16/ 8 777 223 08 51

ShalabekovaG@state