Dale Carnegie тренинг компаниясының Алматы және Астана қалаларында ашылуы

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық өкілдігі және АҚШ коммерциялық кызметі «Айтилект» компаниясымен серіктесіп, дүние жүзіндегі кәсіптік оқыту бойынша ірі компаниялырдың бірі – Dale Carnegie Training компаниясын Қазақстанда ашады. Салтанатты ашылуы Астанада 12 наурызда, Алматыда 14 наурызда сағат 9:00 өтеді. Астанадағы ашылу рәсімінде АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Майкл Клечески және Dale Carnegie & Associates компаниясының аға Вице-президенті Жан-Луи Ван Доорн сөз сөйлейді.

Dale Carnegie Training® компаниясының 88 мемлекетте өкілдіктері бар. Компания 1912 жылы атақты коммуникацяның тәжірибе адамы әрі ұстазы арқасында қалыптасқан болатын және 2012 жылы компания өз 100 жылдығын тойлады. Соңғы жылдары компания өз өкілдіктерін Чех Республикасында, Ресейде, Бельгияда, Кения мен Нигерияда ашты. Қазіргі кезде Dale Carnegie Training компаниясы Орталық Азияда өз өкілдігін дамытып, өзінің бірінші кеңселерін Қазақстандағы Алматы мен Астана қалаларында ашпақшы.

Dale Carnegie Training компанияның білім бағдарламалары уақыт дәлелдеген жүйе мен үнемі жетілдіріліп отыратын оқу тәсілдеріне негізделген. Бұл барлық болашақ серіктестер тренинг алатын Нью-Йорктегі компанияның методикалық орталығымен қабылданған жұмыстың жоғарғы стандарттарына сәйкес келетін коммуникация, презентация беру, лидерлік дағдыларға үйрету оқу тәсілдері. Қазіргі замандағы мәселелерді шешуде тиімді тәсілдерді жинақтау арқасында Dale Carnegie Training компаниясы маман кадрладың өсуіне және олардың барлық жақсы қасиеттерінің дамуына септігін тигізу саласында халықаралық лидер деп танылды.

Салтанатты ашылуы: 12 наурыз 2014ж. (Астана), 14 наурыз 2014 ж. (Алматы.)

Адрес: Астана – Park Inn by Radisson қонақ үйі, Сары Арқа көшесі 4

Алматы  – Rixos Almaty қонақ үйі, Сейфуллин көшесі 506/99

Уақыты: 09:00-12:00

Тақырыбы: XXI  ғасырда қызметкерлерді тарту мен басқару.

# # #

БАҚ сұрақтары бойынша:

Астанада –Марианна Курносова немесе Сауле Дайрабаевамен хабарласуға болады 70-24-15; 70-22-16; 

emails: KournossovaM@state.gov; DairabayevaS@state.gov 

Алматыда – Гауһар Мұқаман немесе Айгерім Бегалиевамен хабарласуғаболады: 250 4862; 250 4814; 8 777 227 4416; emails:MukamanG@state.govBegaliyevaA@state.gov