АҚШ Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының бөліміне құрал-жабдықтар тапсырды
7 қазан, Курчатов қаласы. АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттік (DTRA) Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының бөліміне құрал-жабдықтар тапсырды.
Олардың ішінде: қарауыл мұнаралары, автомобильдер, снегоходтар, квадроциклдер, радио және спутниктік телефондар, тактикалық жабдықтар және жаттығу құралдары.
Бұл техниканы Ұлттық Ұлан жақын маңдағы Семей полигонын және материалдары қолдан жасалған ядролық қондырғыны жасауға қаскүнемдердің қолына түспеуі үшін ядролық реакторлық кешендерді қорғау үшін пайдаланады.
Ұлттық Ұлан мүшелері біліктіліктерін арттырып, қашықтықтан білім алуға мүмкіндік беретін 21 орындық компьютерлік зертхана да сыйға тартылды.
Аталған іс-шара АҚШ пен Қазақстан арасындағы 26 жылдан астам ядролық қауіпсіздік саласындағы серіктестіктің бір бөлігі болып табылады.