Энергетика департаментінің директоры: Николас Карлсон
Энергетика департаменті АҚШ пен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы серіктестіктің жүзеге асырылуы үшін жауапты. Энергетика департаменті мен Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің серіктестігі ядролық энергия мен қауіпсіздік, мұнай мен газ, электр энергиясы және қалпына келетін энергия көздері салаларындағы екі елдің Президенттері үшін маңызды бірқатар стратегиялық мақсатты көздейтін ағымдағы жобаларды қадағалайды.
Серіктестікке қоса, Энергетика департаменті Қазақстанда Нанн-Лугар қаруларды таратпау бағдарламасының (Қауіп-қатерлерді бірлесіп азайту бағдарламасы деген атпен де белгілі) бөліктерінің қолданылуына, әсіресе Ақтаудағы Кеңес дәуірінен қалған жылдам нейтрондармен жұмыс істейтін БН-350 реакторының қолданыстан шығарылуына және 75 кг жоғары байытылған уранның Алматыдағы Ядролық физика институтының жанындағы зерттеу реакторынан Ресейге қайтарылуына жауапты. Қазақстан Республикасының Кеден комитетімен серіктесе отырып, Энергетика департаменті Қазақстандағы шекара бекеттерін ядролық және радиологиялық материалдардың заңсыз тасымалдануын анықтайтын жабдықпен жарақтандыруды көздейтін Екінші қорғаныс сызығы бағдарламасының қолданысқа енгізілуі үшін де жауап береді.