Flag

An official website of the United States government

Миссия басшысының орынбасары Джуди Куо
1 Хаттаманы оқу

Джуди Куо – дипломатиялық қызметтің жоғарғы буынындағы кеңесші  дәрежесіндегі кадрлық дипломат. Қазақстандағы АҚШ миссиясы басшысының орынбасары қызметіне кіріспес бұрын, ол Черногориядағы  АҚШ миссиясы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 1999 жылы  дипломатиялық қызметке тұрғаннан бері Джуди Куо Лондон, Мәскеу, Тайбэй  қалаларында жұмыс істеп, Вашингтондағы Америка Құрама Штаттарының  Мемлекеттік департаментінде, соның ішінде БҰҰ саяси істері жөніндегі  басқармасында, Ресей істері жөніндегі басқармасында, Еуропа істері  жөніндегі бюросының Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жасау бөлімінде,  Экономика және іскерлік мәселелері жөніндегі бюросында еңбек етті.  

Джуди Куо орыс, серб/черногор және қытай тілдерін меңгерген. Ол  Берклидегі Калифорния университетінде білім алып, саяси экономия бакалавры дәрежесін иеленді және Джорджтаун университетінің  Дипломатиялық қызмет мектебін ғылым магистрі дәрежесімен аяқтады. Куо  ханым 20 жыл бойы бос уақытында қоғамдық оркестрлерде ұрмалы  аспаптарда ойнап келеді, балетпен айналысқанды жақсы көреді, жеті  марафонға қатысты. Жұбайы Бао Нгуен-Кхоамен және Черногориядан  әкелген ойнақы мысығымен бірге олар дипломатиялық қызметтегі қызықты  оқиғаларды бастан кешуде.