Азаматтық қоғам үшін құқықтық ахуалды жақсарту жөніндегі диалог алаңы 

Азаматтық қоғам үшін құқықтық ахуалды жақсарту жөніндегі диалог алаңы 

Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 26 мамыр, 2021 ж. – Бүгін АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржыландыратын Американдық заңгерлер қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігінің (ABA ROLI) Қазақстандағы құқық үстемдігі бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетімен бірлесе отырып,  азаматтық қоғам ұйымдары (АҚҰ) үшін құқықтық ортаны жақсарту жөніндегі алғашқы диалог алаңының алғашқы отырысын ұйымдастырды. Аталған диалог алаңы – АҚҰ қызметін құқықтық реттеуді жетілдіруге байланысты ақпаратпен алмасуға арналған тұрақты әрекет ететін жаңа платформа. 

Кездесу барысында Орталық Азия бойынша USAID өңірлік миссиясы директорының орынбасары Питер Янг, жетекші АҚҰ көшбасшылары, мемлекеттік органдардың, ғылыми топтардың өкілдері, сондай-ақ АҚҰ құқықтық реттеу мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы Драган Голубович диалог алаңы жұмысының миссиясы мен стратегиясын талқылады. Өз сөзінде Голубович: «Қолданыстағы нормативтік-құқықтық база заңнаманы әзірлеу тұрғысынан АҚҰ-ға барлық даму кезеңдеріне қатысуға кең мүмкіндіктер береді. Алайда, оны жақсарту үшін бірқатар мүмкіндіктер бар, соның ішінде осы процесте сандық және онлайн технологияларды ұтымды пайдалану» екендігін атап өтті. Азаматтық қоғамның демократиялық қоғамда атқаратын маңызды рөліне назар аудара отырып, Янг: «Ашықтық пен қоғамдық сенімді арттыру үшін мемлекеттік органдардың азаматтық қоғамды қоғамдық тыңдауларға және заң шығару процесіне белсенді қатыстыруы, сондай-ақ қоғамдық ұсыныстардың нәтижелерін ескеруі маңызды», – деді.

Қатысушылар сонымен қатар заңнаманы жоспарлауда, әзірлеуде және мониторинг жүргізуде АҚҰ-ның қатысуын жақсарту мәселелерін талқылады және Үкіметке ұсыныстар берді.

 ###

USAID жетекші халықаралық даму агенттігі болып табылады және тұрақты дамуға қол жеткізудің катализаторы ретінде әрекет етеді. Қосымша ақпарат алу үшін  https://www.usaid.gov/central-asia-regional  сайтына және фейсбуктағы https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia/ парақшасына кіріңіз. 

ABA ROLI 60 елдегі серіктестерімен әділдікті қамтамасыз ететін, экономикалық мүмкіндіндіктерді кеңейтетін және адамгершілікті құрмет тұтуды қамтамасыз ететін тұрақты институттар мен қоғамдарды құру үшін  жұмыс жасайды.

###