Flag

An official website of the United States government

USAID агенттігінің адам саудасына қарсы тұруға көмектесетін «Абырой мен құқық»
атты  жобасы Қазақстанда аяқталды
2 Хаттаманы оқу
Қазан 8, 2020

Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 8 қазан 2020 жыл – Бүгін АҚШ адам саудасының халықаралық дертіне қарсы тұруға және мигранттардың құқықтарын ілгерілетуге бағытталған «Абырой мен құқық» жобасының аяқталғанын және жетістіктерін атап өтті. Бұл жобаны АҚШ Халықаралық Даму Агенттігі (USAID) қаржыландырады және Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) Қазақстанда жүзеге асырады. Қорытынды шара барысында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да серіктестер мигранттар мен адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктерді, алынған сабақтарды және озық тәжірибелерді талқылады.

Қазақстан үкіметімен тығыз серіктестікте АҚШ үкіметі 2001 жылдан бері адам саудасының алдын алу шараларын жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жыл ішінде USAID-тің «Абырой және құқық» бағдарламасы аясында адам саудасы және мигранттардың құқықтары туралы хабардарлықты арттыру шаралары арқылы 165 000-нан астам адам қамтылды. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде адам құқықтары, этикалық жалдау және адам саудасына қарсы күрес тәсілдері бойынша 730 мемлекеттік қызметші, үкіметтік емес ұйымдар және студенттер оқытылды.

Атап өтерлігі, USAID өзінің үкіметтік емес ұйым серіктестері арқылы 700-ден астам адам саудасының құрбандары мен мигранттардың осал санаттарын реабилитация менқоғамға қайта интеграциясын қамтамасыз етті. 1000-нан астам адам өздерінің құқықтарын қорғауға арналған, соның ішінде мемлекеттік мекемелер арқылы көрсетілетін қызметтер алуға мүмкіндік алды. Іске асыру барысында USAID «Абырой және құқықтар» бағдарламасы азаматтық қоғамдастықтың мигранттардың құқықтарына қатысты ұлттық заңнамаларға өзгерістерді енгізуді бақылауға және ілгерілетуге қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында, сондай-ақ ХКҰ мен Қазақстан Республикасы Президентінің Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы бірлесіп өткізетін жыл сайынғы ұлттық диалогтар арқылы олардың іске асырылуына ықпал етуіне мүмкіндік жасады.

2001 жылдан бастап USAID адам саудасы туралы хабардарлықты арттыруға және адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуге 20 миллионнан астам доллар инвестициялады. USAID адам саудасына қарсы жұмысын өзінің Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон бағдарламасы арқылы жалғастыруда. Бұл бағдарлама адам саудасы құрбандарына мүмкіндік жасау, қауымдастық көшбасшылары мен лауазымды тұлғалармен бірлесу, мәліметтер мен саясатты жақсарту, адам саудасының қаупін арттыратын әлеуметтік нормаларға әсер ету және осал топтарды қорғайтын жүйелер мен қызметтерді құру арқылы адам саудасымен күресу бойынша жұмыс жасайды.

###

USAID жетекші халықаралық даму агенттігі болып табылады және тұрақты дамуға қол жеткізудің катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін сайтқа https://www.usaid.gov/central-asia-regional немесе

Facebook парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.

###