Әр түрлі ұлттарға арналған иммиграциялық виза бағдарламасы
DV-2022 бағдарламасына қатысу үшін E-DV жүйесі өтініштерді қабылдауды шығыс күндізгі уақыты (EDT) бойынша 2020 жылдың 7 қазаны, сәрсенбі күні сағат 12:00 бастап, шығыс стандартты уақытына (EST) сәйкес 2020 жылдың 10 қарашасында, сейсенбі күні сағат 12:00-де тіркеуді тоқтатады. Жүйенің өте жоғары сұраныстың салдарынан тоқтап қалуын болдырмау үшін бағдарламаға қатысушыларды ертерек өтініш беруге шақырамыз.
Жыл сайын Мемлекеттік департамент әр аймақ пен мемлекетке бөлінген әр түрлі ұлттарға арналған визаны (Diversity Visa) тіркелген өтініш берушілер арасында кездейсоқ таңдау әдісімен іріктеу өткізеді.
2021 жылдың 8 мамырынан бастап the Electronic Diversity Visa (E-DV) веб-сайтындағы Entrant Status Check арқылы өтініштерді тексеру ақпараты жаңартылып, қатысушылар онлайн-өтініштері іріктеуден өткенін не өтпегенін біле алады. Оны тексеру үшін өтінішті толтырған кезде алған растау нөмірін енгізу керек. Растау нөмірін жоғалтқан жағдайда өтінішіңізді тексере алмайсыз. Растау нөмірін қайта жіберуге мүмкіндігіміз жоқ. Назар аударыңыз: Мемлекеттік департамент электрондық поштаға ұтыс туралы хат немесе хабарлама жібермейді. АҚШ–тың елшіліктері мен консулдықтары жеңімпаз қатысушылардың тізімін көрсетпейді. Мемлекеттік департаменттің іріктелген үміткерлерге хабарлама жіберетін ЖАЛҒЫЗ құралы – ол сайт арқылы қатысушы мәртебесін тексеру .
Diversity Visa 2021 бағдарламасының қатысушылары өз өтініштерін 2020 жылдың 6 маусымы мен 2021 жылдың 30 қыркүйегі аралығында E-DV веб-сайтынан дейін тексере алады.
Diversity Visa 2022 бағдарламасының қатысушылары өз өтініштерін 2020 жылдың 8 мамыры мен 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында E-DV веб-сайтынан дейін тексере алады.
Өтініш таңдалған жағдайда, Сіз автоматты түрде растау парақшасына өтесіз де керекті нұсқаулар, оның ішінде Америка Құрама Штаттарына иммиграцияға байланысты төлемдер жөнінде ақпарат ала аласыз. Іріктелген кісілер ұтыс туралы ақпаратты ТЕК қатысушы мәртебесін тексеру арқылы біле алады. Мемлекеттік департамент жеңімпаздарға хабарлама немесе электрондық поштаға ескерту жібермейді, сонымен қатар АҚШ-тың елшіліктері мен консулдықтары жеңімпаз қатысушылар тізімін жарияламайды. Іріктеуден өтпеген қатысушылар да өтініштері туралы ақпаратты ТЕК қатысушы мәртебесін тексеру арқылы ала алады. Қатысушы мәртебесін өздеріңіз тексеруді және өзге біреудің Сіздің орныңызға тексеріп, хабарлайтынына сенбеуді сұраймыз.
Бағдарламаның толық ережелерімен танысу үшін және үміткерлердің жиі қойылатын сұрақтарына жауап алу үшін DV нұсқаулығын қараңыз.
DV бағдарламасына байланысты жалған электрондық хаттар мен хабарламалар жіберетін алаяқтардан абай болыңыздар!
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттеріне АҚШ-қа виза алу, атап айтқанда, DV иммиграция визасын алу мақсатында жеке адамдармен жұмыс жасауда сақтық танытуыңыздың қажет екенін ескертеді. Елшілік алаяқтық жолмен делдалдық етушілер, виза қызметін ұсынатын электрондық хаттар, веб-сайттар, телефонға қоңырау шалулар, СМС және баспасөз жарнамалары туралы хабарламаларды жүйелі түрде қадағалайды. Бұл адамдардың АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігіне қатысы жоқ, Елшілік аталған қызметтердің ешқайсысымен қолдамайды, куәландырмайды, мақұлдамайды. Алаяқтар туралы қосымша ақпарат алу үшін Diversity Visa Scams веб-парақшасын қараңыздар. Алаяқтардың құрбаны болып қалмаңыздар!
Usvisas.state.gov веб-сайтындағы Diversity Visa рәсімдерін аяқтағаннан кейін, атап айтқанда иммиграциялық визаны алуға қатысты (DS-260) сауалнамасын тапсырғаннан кейін, сізге Кентукки консулдық орталығы (KCC) сұхбат жоспарланғандығы туралы электрондық хат жіберуі мүмкін. Электрондық хат сұхбат белгіленген күнді, уақытты және орналасқан жерді көру үшін Растау нөмірін қолданып E-DV веб-сайтындағы қатысушының мәртебесін тексеруге кіруге нұсқау береді.
Сұхбаттасу процесі туралы қосымша ақпаратты usvisas.state.gov сайтындағы E-DV парақшасынан тексере алады.