Шығыс Қазақстан облысы ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарын толықтай орындауға жақындады

Шығыс Қазақстан облысы ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарын толықтай орындауға жақындады

29-30 мамыр күндері, АҚШ Бас Консулы Эрик Мэйер Шығыс Қазақстан облысында болып, ЖИТС-ке байланысты көмек көрсетуге арналған АҚШ Президентінің Төтенше жоспары (ПЕПФАР) қолдау көрсетіп отырған мекемелерде болып қайтты. Мэйер мырзамен бірге бұл мекемелерге АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (ЮСЭЙД) Қазақстандағы Миссиясының Директоры Крис Эдвардс та барды.

Шығыс Қазақстан облысы АИТВ-мен күресті ПЕПФАР-мен ынтымақтасып жүргізуде. Осы ынтымақтастықтың арқасында, Шығыс Қазақстан облысы ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарын орындауға жақындауда: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 91 пайызы өздерінің АИТВ статусын біледі, солардың ішінде 61 пайызы антиретровирустық терапиямен тұрақты түрде қамтылуда, және 89 пайызының вирустық жүктемесі төмендетілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және ПЕПФАР 90-90-90 мақсаттарын 2020 жылға дейін орындауды міндеттенген.

“Мен Қазақстанды осынау абыройлы мақсаттарға жетуге елеулі қадам жасауымен құттықтаймын. Бұл прогресс Қазақстан Үкіметінің, қоғамдық мекемелердің, және донорлардың арқасында жүзеге асты. Алда әлі біраз жұмыс бар, дегенмен, мемлекет жаңа АИТВ инфекцияларын және АИТВ инфекцияларынан болған өлімдерді болдырмау жолына түсті», деді Мэйер мырза.

Сапар барысында, Бас Консул Мэйер және Миссия Директоры Эдвардс опиоидтық тəуелділікке шалдыққан адамдар үшін жәрдемдес терапияны кеңейту мәселесін талқылады. Емдеудің бұл түрі науқастарға кұнделікті өмірлеріне оралуға мүмкіндік бере отыра, олардың отбасылары және достарымен қарым-қатынастарын қалпына келтіруге оң әсерін тигізеді.

АҚШ-тың лауазымды тұлғалары АИТВ-ға шалдыққан адамдарға көмек көрсетіп, олардың қажетті ем алуларын қамтамасыз ететін беймемлекеттік мекемелердің өкілдерімен де кездесті. Осы емді қабылдап жатқан адамдар да АҚШ-тың лауазымды тұлғаларымен кездесіп, қалай қалыпты өмірлеріне оралғандарын айтып берді.

Біз Денсаулық Сақтау Министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығымен (бұрыңғы Мемлекеттік ЖИТС Орталығы) және қоғамдық мекемелермен АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрестегі ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз.

PEPFAR ТУРАЛЫ

PEPFAR – бұл АҚШ үкіметінің АИВ / ЖИТС сияқты жаһандық эпидемияға қарсы жауабы, ол тарихтағы жалғыз індетті жоюға бағытталған кез келген ұлттың ең үлкен міндеттемесі болып саналады. PEPFAR бақылауды жеделдету арқылы миллиондаған адамның өмірін сақтады, жақсартты және ЖИТС індетін әлеумет арасында денсаулыққа қауіп төндіретін ауру ретінде тоқтатты. Орталық Азияда PEPFAR 2010 жылдан бастап қызмет атқарады. Бағдарламаның Аймақтық өкілдігі Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан. Қосымша ақпаратты www.pepfar.gov сайтынан және PEPFAR-дың Twitter, Facebook және Instagram желілерінен таба аласыздар.

###

БАҚ сұрақтары бойынша, PEPFAR үйлестіру кеңсесіне +7 (727) 250 76 12 телефоны бойынша Бақытгүл Жұрқабаеваға хабарласыңыз; 8 701 720 58 11 email: zhurkabayevab@state.gov

Фото жүктеп алу