Ж: Мен Талдықорғанда шаштараз болып жұмыс істеймін. Бетті әрлеу, шаш үлгілерін жасау, бет күтімі.
С: Алматының колледжінде оқимын. Фәлсафаны зерттеймін. Әке-шешем Қытайға кеткенде, әлі мектеп оқушысы едім. Ол 2017 жылдың наурыз айында болған. Мен он бірінші сыныпта оқыдым. Отбасымызға үкімет бір жер берген еді. Ата-анам сол жерде қауын, жүгері, бидай өсірді. Қазақстанға кетерде сол жерді жалға беріп кеттік. Бір айдың ішінде ата-анамыз ҚХР келгенде, жергілікті билік олардың төлқұжаттарын алып алып, бұдан әрі жер иелігінен бас тартулары керек деді. Ата-анам жерді жалға алушымен сөйлесуге барды. Қазақстанға оралу үшін әке-шешемнің жерден бас тартамыз деген құжатқа ол келісім қол қоюы керек еді. Бірақ ол қой қоймай қойды. Оның сөзінше, әкем кетсе, жер бойынша мәселе туындайды. Үкімет тәркілеп алмай ма? деген ойда болды.
Ж: Біздің әке-шешеміз – Қазақстан азаматтары. Әкем Қытайға үш айлық визамен кеткен. Визаның уақыты бітіп бара жатқанда, ҚХР билігі оны шығармады – еріксіз, олардың талаптарын орындаудан басқа шара жоқ еді. Олар әкеме жерден бас тартса да, сол жерді жалға беруден тапқан бүкіл ақшаны қайтаруы керек деді. Ол мүмкін емес. Ондай соманы қайдан табамыз. Олардың атуынша, мәселені шешудің басқа жолы – қазақстандық азаматтықтан бас тартып, қайта Қытай азаматтығын алу. Оның басқа жолы болмады. Жалға алу соның атына жазылған болатын.
С: Олар сол жылдың желтоқсан айына дейін туыстарының үйінде тұратын. Анамыздың бір жылдық визасы болды, мерзімі бітейін дегенде, Қазақстанға оралмақшы болды. Бірақ билік оны жібермеді, әкеммен ажыраспағынынша.
Ж: Олар оған күйеуіне қастандық жасалмасын десе, қағаздарға қол қойып, содан соң Қазақстанға кете алады деді. Сіз-біз демей айтылды. Екеуін бір бөлмеге апарып, ажырасу туралы қол қойдыртып алды. Анамыз желтоқсан айында оралды.
С: Соңғы естігеніміз – әкеміз Дөрбілжін әкімшілік аймағының №1 мектебінде күзетші болып жұмыс істейді. Ол сонда тұрады. Дәл солай: мектепте. Туыстары оны үйлерінде қабылдауға қорқады, сондықтан оның басқа барар жері жоқ. Мұны біз анамыздың үлкен әпкесінен естідік. Ол кейде оны көшеде көріп, WeChat қосымшасы арқылы бізге жаңалықтарды айтады. Бірақ ол қорқады. Ол әкеміздің мектепте оқушылармен бірге тамақтанып, түнде сынып ішінде ұйықтайтынын айтып жеткізді.
Ж: Әкеміз бізбен сөйлесуге қорқады. Сөйлескен жағдайда жазаланатын сияқты. Әкеміз жайында тек алыс туыстарымыздан естиміз. Біздің анамыз жалғыз тұрады. Әдетте біздің жағдайымызды айтатын – анамыз. Біз бұндай жағдайға үйрене алмай жүрміз. Анамыздың күйзеліс салдарынан жүрегі ауыра бастады. Ол ауруханада біраз уақыт өткізуге мәжбүр болды. Мен қазір оның халын білу үшін бара жатырмын.
—Ж. Е., 26 жас, және С.Е., 20жас (Е.Ж. әкесі)
Сұхбат 2019 жылдың мамыр айында жасалды