Түлектерге арналған бағдарламалар және түлектермен байланыс үзбеу

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі Түлектердің Шағын Гранттар Бағдарламасы туралы хабарлайды. Сіз АҚШ үкіметі қаржыландырған білім беру немесе кәсіби алмасу бағдарламасына қатыстыңыз ба? Сіз өзіңіздің қауымдастығыңызға пайда әкелетін, Америкалық және Қазақстандық азаматтардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын немесе қауымдастықтардың бір-бірі туралы білімдерін арттыратын жобаңыз бар ма? Шағын гранттар бағдарламасы АҚШ үкіметінің немесе АҚШ елшілігінің білім беру немесе алмасу бағдарламаларының түлектері болып табылатын Қазақстандықтардың әзірлеген және енгізген инновациялық, шағын жобаларын қолдайды.

Бағдарлама қазір жабық.

Қажетті құжаттар:

Құжаттарды мына электрондық поштаға жібере аласыз: kazakhstanalumni@state.gov

* Егер ұсыныстарыңыздың нұсқасын алдымен қарап шыққанымызды қаласаңыз, оларды 2018ж. 12 наурызға дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Оларға жауап ретінде пікірлер / түсініктемелер 2018ж. 20 наурызына дейін қайтарылады.

Халықаралық Түлектердің Алмасу қауымдастығының мүшесі болу үшін: https://alumni.state.gov/тіркеліңіз.

Гранттық ұсыныстар:

  • Қазақстандағы мәселені шешу үшін түлек ретінде алмасқан тәжірибесімен бөлісетінін көрсетіңіз;
  • Жобаға бір жыл мерзімде қатысатын уақыт кестесін қосыңыз;
  • Жеке тұлғалар үшін $ 3,000 аспайтын немесе түлектердің бірлескен жобалары болса, $ 6,000 аспайтын жоба есептемесін қосыңыз
  • Бағдарламаның қатысушылары жобаны қалай бағалайтынын көрсетіңіз

Барлық тақырыптар бойынша төменгі нұсқаулықтарды қамтитын жобалар бірінші орынға қойылады:

  • Грантты жүзеге асыру үшін Американдық бұрыштармен жұмыс жасау;
  • Қазақстанда ағылшын тілін оқытуды және пайдалануды қолдау;
  • Волонтерлік / тәлімгерлік / түлектердің алмасуы сияқты бағдарламаларды дамытуда басқа түлектердің қолдауымен біріккен жұмыс атқару;
  • Грантты жүзеге асыру үшін әр түрлі аймақтардан түлектермен ынтымақтастық жасау;
  • Білім алу немесе алмасу бағдарламалары кезінде алған тәжірибе мен білімдерімен үлкен қауыммен бөлісу.

Жобалық ұсыныстарды, есептемелер мен бюджеттік негіздеулерді қарастыру және бағалау кезінде назар төмендегілерге бөлінеді :

  • АҚШ миссиясының мақсаты үшін жобаның маңыздылығы
  • Инновациялар
  • Іске асырудың орындылығы
  • Түлектердің қатысуы / түлектердің өзара қарым-қатынас жасауы
  • Атқарылатын жобаның өзектілігі / уақыт талабына сай болуы
  • Жобаның белгілі бір бенефициарларға әсері
  • орынды есептеулер және бюджет негіздемесі

Өтінішті толтыру бойынша ұсыныстар (PDF, 52KB)

Сұрақтар үшін Түлектер үйлестірушісіне хабарласыңыз.