Alumni Grants Program 2022-2023

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

АҚШ-ның мемлекеттік бағдарламары түлектеріне арналған шағын гранттар.

АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы NAN Ұлттық Түлектер Желісімен серіктесе отырып, түлектерге арналған шағын гранттар бағдарламасын (AGP) жариялайды.

  • Сіз АҚШ үкіметі демеушілік ететін білім беру/кәсіби алмасу бағдарламасы бойынша оқыдыңыз немесе оған қатыстыңыз ба?
  • Сіздің қоғамдастыққа пайда әкелетін, АҚШ-Қазақстан қарым-қатынастарын нығайтатын немесе бір қауымдастықтың туралы басқа қауымдастықа білімін арттыратын жобаңыз бар ма?

Түлектерге арналған гранттар бағдарламасы АҚШ үкіметінің білім беру немесе кәсіби алмасу бағдарламаларының түлегі болып табылатын Қазақстан азаматтары үшін әзірлеген және жүзеге асыратын инновациялық жобаларды қолдайды.

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Білім беру немесе кәсіби алмасу түлектердің гранттар бағдарламасы өз қауымдастығы алдында тұрған жаһандық мәселелерге инновациялық шешімдерді әзірлеу және енгізу үшін тәжірибе алмасу барысында алынған дағдыларды бөлісіп тарату үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Ұсыныстар қоғамды нығайтуға және дағдыларды бөлісіп таратуға бағытталған болуы керек.

Бағдарламаның басым бағыттары: 

  1. Жастарды және азаматтық қоғамды қолдау:
  • Жастардың азаматтық қоғамға қатысуын, әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматыдан тыс аймақтарда, соның ішінде әлеуметтік дағдыларды дамыту және құқықтар мен мүмкіндіктер туралы хабардарлығын арттыру.
  • Азаматтық қоғам ұйымдарының қаражатты тиімдірек тарту және басқару, үкіметпен және қоғаммен өзара әрекеттесу әлеуетін қолдау.
  • Заң үстемдігін құрметтеу мәдениетін және сыбайлас жемқорлықты азайту, есептілікті, ашықтықты және инклюзивті басқару үдерістерін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтары мен өзін-өзі қорғау туралы хабардарлығын арттыру.
  1. Жоғары білімді нығайту:
  • Академиялық еркіндікті жүзеге асыруда оқытушылар мен университет басшылығына қолдау көрсету. Бұған университетті басқаруды жақсарту, оқу әдістемесі, академиялық адалдықты ынталандыру, әріптестік оқыту немесе студенттерге қызмет көрсету және т.б. жобалар.
  • АҚШ университеттерінің озық тәжірибелерін біріктіру арқылы студенттер қауымдастығын дамытуды күшейту – студенттер қауымдастығына жалпы тұлға аралық және қоғамға қызмет көрсету дағдыларын дамытуға көмектесу, университет басшылығымен қарым-қатынас жасау және АҚШ тәжірибесімен алмасу барысында үйренген басқа да озық тәжірибелермен бөлісу.

ӨТІНІМ ЖӘНЕ ӨТІНІМ ҰСЫНУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

AGP 2022-2023 өтінім берушілер 2022 жылдың 7 қазаны, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін alumnikazakhstan@gmail.com электрондық поштасына өтінімдерді (жазбаша өтінім және бюджет нысаны) жіберуі қажет.

Қаржыландыру құралының түрі: Грант

Гранттың максималды сомасы: $7,000

Гранттың минималды сомасы: $3,000

Бағдарламаның аяқталуының болжамды мерзімі: 2023 жылдың 1 ақпаны

Толығырақ кеңестерді осы сілтеме арқылы таба аласыз.

ӨТІНІШ БЕРУ ҮДЕРІСІ:

Іріктеу екі кезеңде өтеді: өтінімдерді жинау және қабылдау комиссиясының өтінімдерді қарауы.

Өтініш беру үшін сізге қажет әрекеттер:

  1. Сілтеме арқылы түлек ретінде тіркеліңіз.
  2. Жазбаша өтінішті, бюджеттік нысанды толтырып, құжаттардың толық пакетін alumnikazakhstan@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіз.

ҚАТЫСУ ҮШІН ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Келесілер қатысуға құқылы:

– АҚШ Мемлекеттік департаменті демеушілік көсететін алмасу бағдарламасының (https://alumni.state.gov/list-exchange-programs) немесе АҚШ үкіметі демеушілік ететін алмасу бағдарламасының (https://j1visa.state.gov/) түлектері.

  • АҚШ азаматтары болып табылатын түлектер өтініш бере алмайды, бірақ жобаға топ мүшелері ретінде қатыса алады.
  • Өтініштерді алмасу бағдарламасының түлектері жеке тапсыруы керек. Коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, талдау орталықтары және академиялық институттар ұйым атынан өтініш беруге құқылы емес, бірақ жобалық іс-шараларды жүзеге асыруда серіктестер ретінде әрекет ете алады.

ШЫҒЫНДЫ БӨЛУ

Шығындардың қандай-да бөлігін өз қаражытынан төлеу қаржыландырудың талабы емес.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ 

Үдеріс туралы сұрақтарыңыз болса, NAN командасына alumnikazakhstan@gmail.com электрондық поштасы арқылы хабарласуды сұраймыз.

AGP 2022-2023 туралы білу үшін алдымен NAN тобында қол жеткізе алмасаңыз, kazakhstanalumni@state.gov пошта бойынша АҚШ миссиясының түлектерінің үйлестірушілерімен байланыса аласыз.