АҚШ Павильонының қонақтары болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Егер Америка туралы көбірек білгіңіз келсе, ағылшын тілін жаттығуларыңыз келсе, немесе Америкада оқудың мүмкіндіктерін табуларыңыз келсе, біздің Американдық бұрыштарымыздың біреуіне жолығыңыз! Сізге ең жақын орналасқан Американдық бұрышты біздің веб-сайтымыздан қарап алыңыз!

Егер Америка бұрышында өтетін іс-шаралар немесе АҚШ-та оқу мүмкіндігі, ағылшын тілін меңгеру және басқа да ақпараттар қызықтырса, мына форманы толтырыңыз.

Егер Астанада болсаңыз, АҚШ Елшілігінің ұйымдастыруымен іс-шараларға қатысып көріңіз! Қазақстандағы АҚШ Елшілігі алдыңғы апталық іс-шаралар бағдарламасымен таныстырады:

20 маусым Байтерек алаңында АҚШ Қарулы Күштерінің “Starlifter” рок-группасы Қазақстанда алғаш рет өз өнерлерін көрсетеді. Әлемге қызмет ететін, ұшқыштар бейнесін көрсететін әскери музыканттар. Басталуы сагат 19.00. кіру тегін.

23 маусым, сағат 19.00 RED BULL BC ONE CENTRAL ASIA-да iLuminate командасының жарық шашу мерекесін жіберіп алмаңыз! iLuminate  – өнер мен технологияның керемет үйлесімі, әр адамға «шексіз қуат», шабыт берудің тамаша көрінісі.

25 жылда Қазақстан мен АҚШ арасындағы берік серіктестік құрылып, нығайтуда. Биыл, 25 маусымда экономика, білім және мәдениет  жөнінде екі ел өкілі сөз талқыламақ.

Қазақстанда АҚШ Миссиясы әртүрлі қызықты іс-шаралар және конкурстар өткізеді. Қосымша ақпарат алу үшін Instagram және Facebook желілерінен қарай аласыздар.

Егер  лотереяға қатысатын және IPHONE или IPAD ұтып алатын ойыңыз болса, берілген форма толтыру арқылы біздің бағдарлама жайлы хабардар болыңыз.