
Мәдениет Секторы Қазақстанның әкімшілік, мәдени және академиялық мекемелермен, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдармен (МЕҰ) бірлесе отырып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ақпарат және адам алмасу шараларына едәуір көмек бере алады. Ол Қазақстандағы АҚШ үкіметі қаржыландыратын білім-тәжірибе алмасу бағдарламаларын жүргізетін мекемелерді бақылайды.
Алмасу бағдарламалары мәдениет секторы жұмысының өзегі боп табылады. Академиялық, мәдени және кәсіби алмасулар қоғамдық дипломатияның ең нәтижелі құралдары болып табылады. Олар АҚШ мен өзге елдер арасындағы өзара ақпарат пен идея алмасуын жетілдіруді және өзара түсініспеншілігін артыруды көздейді.
- Fulbright TEA педагогикалық шеберлікті шыңдау бағдарламасы (2021-2022)
- Фулбрайт педагогикалық шеберлікті және медиа сауаттылықты шыңдау бағдарламасы (2021-2022)
- Global UGRAD 2021-2022
- 2021 Community Engagement Exchange тәжірибемен алмасу бағдарламасы
- 2021 Techgirls Бағдарламасы
- Community Solutions бағдарламасы (2021)
- FLEX бағдарламасы