Гранттар

АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасы 

АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасы Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуға және Қазақстан азаматтарының мүдделері мен іс-әрекет еркіндіктерін алға жылжытуға бағытталған.

Тұжырымдама-құжаттарын тапсырудың соңғы мерзімі – 28 ақпан 2015 жыл. 

Бағдарламаға қатыса алатын/қатыса алмайтын ұйымдар:

Қазақстанның мемлекеттік емес немесе бейкоммерциялық ұйымдар бағдарламаға қатыса алады. Қазақстанда тіркелмеген ұйымдар, коммерциялық ұйымдар, белсенді партиялық саяси қызмет жүргізіп жатқан топтар мен қайырымдылық ұйымдары бағдарламаға қатыса алмайды. 

Жобалық ұсыныстар келесі тақырыптарды қамтуы тиіс:

  • Азаматтық қоғамды дамыту және қауымдастықтар құру;
  • Ақпаратқа еркін қол жеткізу;
  • Заңның және құқықтық реформаның ұлықтылығы;
  • Ағарту және азаматтық білім беру;
  • Адам құқықтарын қорғау;
  • Қоршаған орта; және
  • Әралуандылық пен төзімділікті арттыруға қолдау көрсету. 

Гранттар келесі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:

  • Треннингтер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдердегі талқылаулар ұйымдастыру;
  • Қоғамды әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысуға жұмылдыру науқандары;
  • Әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсету;
  • Қолданыстағы заңнаманың сақталуын қадағалау;
  • Заңнамаға өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • Жобаға тікелей қатысы бар еңбекақы мен қаламақылар төлеп тұру;
  • Зерттеулер, сауалнамалар мен талдау жұмыстарын жүргізу;
  • Материалдарды басу және жариялау;
  • Жобаны іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықты сатып алу;
  • Жобаға тікелей қатысы бар әкімшілік және көлік шығындарын төлеу. 

Грант жобаға тікелей қатысы жоқ еңбекақы, жалға алу және ұйымның өзге де шығындарын өтеу үшін пайдаланыла алмайды.

Бір жобаға бөлінген қаржының ең үлкен мөлшері: 30,000 доллар.  

Өтініштерді қарастыру:

Шағын гранттар бағдарламасына өтініштер беру екі сатыдан тұрады. Бірінші сатыда үміткерлер әлеуметтік мәселенің сипаттамасы, жоба мақсаттары мен міндеттері, ұйымның тәжірибесі мен тұрақты дамуға қабілеттілігі, мақсатты аудитория мен шамамен алғандағы қаржы көлемі көрсетілген қысқаша тұжырымдама-құжатын ұсынулары тиіс. Шағын гранттар бағдарламасының қабылдау комиссиясы тұжырымдама-құжаттарын қарастырғаннан кейін іріктелген ұйымдарды өтініштер қарау үрдісінің екінші сатысына өтуге және грантқа толық өтініштер тапсыруға шақырады.

Өтініштерді берудің 1-ші сатысы – Тұжырымдама-құжат.

Тұжырымдама-құжатты әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты мына (PDF – 200 KB) сілтеме арқылы өтіп, алуға болады.

Тұжырымдама-құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 28 ақпан 2015 жыл.  

Бағдарламаға қатысуға қарастырудың негізгі шарттары:

Іріктеу барысында артықшылық төмендегі мақсаттарға қол жеткізген үміткерлердің тұжырымдама-құжатынтарына беріледі:

  • Қазақстанның азаматтық қоғамының өзекті мәселелерін шешу;
  • Әлеуметтік мәселелерді шешудің өнертапқыш жолдарын ұсыну;
  • Үшінші секторды дамытуға үлес қосу;
  • Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
  • Азаматтық қоғамды дамыту жобаларын іске асырудағы халықаралық тәжірибені қолдану; және
  • Қазақстандық азаматтарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысуға шақыру.

Іріктеуден табысты өткен тұжырымдама-құжаттардың иелері төмендегі тапсырмаларды орындап тиіс:

  • Шешілуі тиіс мәселенің нақты, қысқа әрі нұсқа және тиянақты тұжырымдамасын ұсыну;
  • Жобаның нақты, тез арада қол жеткізіле алатын мақсаттары мен міндеттерін көрсету;
  •  Мәселені шешу үшін нақты іс-қимылдар жоспарын ұсыну;
  • Жоспарланған іс-қимылдарды белгіленген мерзімде іске асыруға нақты дәлелдер ұсыну;
  • Үміткер-ұйымның ұсынылған жобаны іске асыру мүмкіндіктерін сипаттау;
  • Тыңдаушылардың мақсатты топтарын анықтау;
  • Жобаны іске асыруға жеткілікті кірістер мен шығыстар сметасын ұсыну.

Қаржы көлемі шектеулі және барлық жоба ұсыныстарына тегіс қаржылай қолдай көрсетілмейді.

SGP-Kazakhstan@state.gov электронды поштасына құжаттар тапсыруға және Шағын гранттар бағдарламасы туралы сауалдарды жолдауға болады немесе сұрақтар туындаған жағдайда Астана қаласындағы  бағдарлама үйлестірушілері Дина Әмрішевамен (телефон: +7 /7172/ 70 22 17) немесе Алматы қаласындағы бағдарлама үйлестірушісі Динара Қарқабаевамен (телефон: +7 /727/ 250 48 56 ) хабарласуға болады.

Тұжырымдама-құжатты әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты мына(PDF – 200 KB) сілтеме арқылы өтіп, алуға болады.