Teaching Excellence and Achievement бағдарламасы

  1. Teaching Excellence and Achievement бағдарламасы

2018 жылда өтетін орта мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған Teaching Excellence and Achievement Program (TEA)) бағдарламасының ашылуы туралы хабардар етеміз.

Орта мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған Teaching Excellence and Achievement Program (TEA)) бағдарламасы Колумбия округі, Вашингтон қаласындағы орналасқан коммерциялық емес ұйым Халықаралық ғылыми зерттеу және алмасу кеңесі (АЙРЕКС) арқылы жүзеге асырылып, АҚШ мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет бюросымен қаржыландырылады. TEA бағдарламасы аясында, орта мектептің мұғалімдері өздерінің сабақ беріп жүрген пәндері бойынша білімін жетілдіру және Америка Құрама Штаттары жайлы білімін тереңдетуге ерекше мүмкіндікке ие болады. Аталған бағдарлама кәсіби мұғалімдерге күрделілігі жағынан жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасы бойынша оқумен тең немесе магистратура бағдарламасының деңгейінде өтеді.

Бағдарлама жеңімпаздары АҚШ-тың жоғары оқу орындарында алты апта ішінде өзінің квалификациясын жоғарлатуға мүмкіндік алады. Кәсіби даму сабақ беру методикасына бағытталған курстан, оқу бағдарламасын жазуға арналған семинардан, жалпы білім беретін орта мектептерде пайдалануға болатын сабақты түсіндіру әдістері мен білім беру саласындағы көшбасшылық жайындағы арнайы курстар мен интенсивті тренингтерден тұрады. Алты апталық тәжірибе шеңберінде, американдық мектеп ұстаздары мен оқушыларымен белсенді түрде жұмыс істеу үшін қазақстандық мұғалімдер американдық әріптестерімен бірге 40 сағаттық мектептегі тәжірибеден өтеді. Сонымен қатар, қатысушылар АҚШ-тағы мәдени ескерткіштерді аралап, ұстаздарға академиялық қолдау көрсетіледі.

Бағдарламаға құжатты тапсырған сәтте талапкер келесі талаптарға сай болу керек:

  • Қазақстан Республикасының азаматы және тұрғыны;
  • бакалавр деңгейі бар / жоғары оқу орнын бітірген тұлға;
  • кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттағы келесі пәндерден сабақ беретін орта мектеп мұғалімі (ағылшын тілі, математика, ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, немесе орта мектептегі арнайы білім беру бойынша мектеп мұғалімі);
  • ағылшын тілін жетік білетін және TOEFL iBT тест нәтижесі бойынша 120 баллдан 46 баллдан жоғары көрсеткішке ие болған талапкер.

Келесі талапкерлер TEA бағдарламасына қатыса алмайды:

  • АҚШ-қа немесе басқа Батыс мемлекеттеріне алмасу бағдарламалырымен жақында барып келген азаматтар және E-Teacher, SUSI, немесе IVLP бағдарламаның түлектері. Кәсіби дамуды қамтамасыз ету үшін шетелдік тәжірибесі бар талапкерлерге төмен басымдылық беріледі.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғалар, білім мекемелерінің штаттық басшылары, мектеп мүдірлері, білім саласында қызмет атқаратын административтік қызметкерлер, методист мұғалімдер, жоғары оқу орнының оқытушылары, ағылшын тілі бойынша жеке репетиторлар, және көбінесе шетелдік оқушылар оқитын мектеп мұғалімдері.

Осы сілтеме бойынша құжаттарды тапсыруға болады https://oas.irex.org/tea/Logon?ReturnUrl=%2ftea Нұсқауларды көру үшін келесі құжатты ашыңыз: Online Application Guide for Applicants – FY17 (PDF, 629 KB)