
Мәдениет Секторы Қазақстанның әкімшілік, мәдени және академиялық мекемелермен, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдармен (МЕҰ) бірлесе отырып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ақпарат және адам алмасу шараларына едәуір көмек бере алады. Ол Қазақстандағы АҚШ үкіметі қаржыландыратын білім-тәжірибе алмасу бағдарламаларын жүргізетін мекемелерді бақылайды.
Алмасу бағдарламалары мәдениет секторы жұмысының өзегі боп табылады. Академиялық, мәдени және кәсіби алмасулар қоғамдық дипломатияның ең нәтижелі құралдары болып табылады. Олар АҚШ мен өзге елдер арасындағы өзара ақпарат пен идея алмасуын жетілдіруді және өзара түсініспеншілігін артыруды көздейді.

Шәкіртақылар
АҚШ үкіметінің демеушілігімен жүргізілетін білім беру және кәсіби алмасу бағдарламаларымен танысыңыз.

Түлектер
Халықаралық алмасу бағдарламаларының түлектері қоғамдастығына, АҚШ үкіметі демеушілік еткен алмасу бағдарламаларына қатысқан ағымдағы және болашақ көшбасшылар үшін веб-сайтқа қосылыңыз.

Ағылшын тілін оқып үйрену
Ағылшын тілін шет ел тілі ретінде оқыту және үйрену, америкалық мәдениетті зерттеу және әлемдік оқыту қоғамдастығы шеңберінде ағылшынша сұхбаттасуға ынталандыру.

Мәдениет және басқа алмасулар
Мәдени мұраны қорғау, әйелдер мен қыздар құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіби даму, виртуалды алмасу және тағы басқа мәдени бағдарламалармен таныс болыңыздар.