Мұхамед Әли Орталығының оқытушылары Қазақстанға келді.

Көбелек сияқты елбеле, ара сияқты шақ: 15-19 тамызда Кентукки штатының Луисвиль қаласындағы Мохаммед Али Орталығының екі американдық ұстазы Қазақстанның алты аймағынан келген 30 жас спортшы мен олардың бапкерлеріне арналған жазғы лагерьге келді. Бұл жазғы лагерь АҚШ елшілігі, Қазақстандық Бокс федерациясы мен «Перекресток» қайырымдылық ұйымының серіктестігі арқылы ұйымдастырылған. Сол лагерьде американдық бапкерлер жас қазақстандық боқсшыларды тәртіп қағидасына негізінделген бірнеше жаттығу сабақтарын өткізді.  Наурыз айында жас боксшылар менолардың бапкерлерінен құрылған делегация АҚШ-на сапар шегіп, Мохаммед Али Орталығына барды және атақты боксшының өмірі мен мұрасы туралы білді. Жас спортшылар АҚШ-нда және жазғы лагерде алған білімдері мен дағдыларын әрі қарай ұштап,  айналадағыларға үлгі болу үшін Бокс Федерациясының бапкерлерімен бірге жаттуғыларын жалғастыруда.