АҚШ Бас консулдығы Алматы

Алматыдағы АҚШ-тың Бас Консулдығына қош келдіңіздер

2009 жылдың желтоқсанында Америка Құрама Штаттары Алматыда Орталық Азиядағы бірден-бір американдық консулдығын ашты. Бас консулдықта Мемлекеттік департаменттіңкеңселері (оның ішінде – консулдық, қоғаммен байланыс мен саяси-экономикалық бөлімдер), АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқармасы (DEA), АҚШ-тың коммерциялық қызметі және Президенттің ЖИТС-тің алдын алу төтенше жоспары бойынша бағдарламасы (PEPFAR) орналасқан. Бұл Консулдық өңір Қазақстанның төрт Оңтүстік аймағын (ОБЛЫСТАРЫН) қамтиды. Дегенмен, көптеген Консулдық агенттігінің секциялары Қазақстанда және Орталық Азияда аса кең өкілеттілікке ие.

Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы сауда, экономикалық даму, демократия мен басқару, гуманитарлық көмек, денсаулықты күшейту және сырқатқа қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау сияқты екі жақты және аймақтық мәселелердің кең аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ, Бас консулдық Қазақстандағы американың азаматтарына және бизнестерге өздерінің қызметін ұсынады.