Астана АҚШ елшілігі

Қош келдіңіздер!

Астана қаласында орналасқан АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігіне қош келдіңіздер. Астана қаласы 1997 жылдың желтоқсан айында ресми түрде жаңа елорда болып жарияланды. Содан бері жыл сайын шетелдік дипломатиялық миссиялардың легі осында көшіп келіп жатыр.

Елшілікте саяси/экономикалық мәселелермен айналысатын бөлім,консулдық бөлім, әкімшілік бөлімі және қауіпсіздік бөлімі жұмыс істейді. Сонымен қатар, Әскери атташе кеңсесі, Коммерциялық қызмет,Баспасөз және мәдениет бөлімі, Бейбітшілік корпусы мен АҚШ Халықаралық даму агенттігінің бүкіл Орталық Азияны қамтитын аймақтық офисінің өкілдіктері бар.

Кеңес Одағы тарағаннан кейін 1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезде Америка Құрама Штаттары оны бірінші таныған мемлекет болды. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі 1992 жылы ашылып, 2006 жылы мына жердегі қазіргі мекен-жайына көшіп келді: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы 010010, «Ақбұлақ-4» шағын ауданы, 23-22 к., №3 ғимарат.

АҚШ Елшілігі Қазақстан Республикасының үкіметімен екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы, соның ішінде сауда, коммерция, демократия, гуманитарлық көмек, қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Сондай-ақ, АҚШ Елшілігі консулдық бөлімнің АҚШ азаматтарына қызмет көрсету бөлімі арқылы Қазақстандағы АҚШ азаматтарына қызметтер көрсетеді, ал американдық компанияларға Коммерциялық қызмет қолдау көрсетеді.