«EnglishWithUs» бейне байқауының ресми ережелері

«EnglishWithUs» бренді елшілерінің байқауы

Конкурстың демеушілері: АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Астанадағы АҚШ елшілігі («Конкурс демеушілері»)

«EnglishWithUs» бренді елшілерінің байқауы АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Астанадағы АҚШ елшілігі («Конкурс демеушілері») тарапынан қаржыландырылады.

Конкурс мақсаттарының сипаттамасы

Конкурс ағылшын тілін үйренуді, қазақстандықтардың ағылшын тілін үйренудің түрлі салалардағы азаматтарға қалай көмектесетінін көрсету арқылы танымал етуге бағытталған. Конкурсқа қатысушылар ағылшын тілін жақсы білуге деген ынталарын айқындайтын бейне жүктеп беруі керек. (Қатысу құқығына кімдердің ие бола алатынын білу үшін, төмендегі «Қатысу шарттарына сәйкес болу» бөліміне қараңыз.)

Платформалар

Байқау YouTube, Instagram, Facebook және Vkontakte бейне және медиа платформалары негізінде өткізіледі; бірақ YouTube, Instagram, Facebook және Vkontakte жүйелері байқау серіктестері немесе демеушілері болып табылмайды. Конкурстың қатысушылары байқауға қатысып, контентті жоғарыда аталған платформаларға жүктеу арқылы, осы платформалар мен олардағы қызметтердің ұсынылу шарттарын және келісімдерін толықтай орындауға міндеттенеді.

Конкурсқа материалдарды қалай ұсыну керек

Түпнұсқалық клипті ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде «Неліктен ағылшын тілімді жақсартқым келеді?» деген сұраққа жауап ретінде жазып беру керек. Содан кейін бейнені өзіңіздің қолданушы атыңызбен жүктеп алып, оны #EnglishWithUS хэштегімен белгілеп, Астанадағы АҚШ елшілігін (Instagram сайтындағы @usinkz, АҚШ елшілігінің Астанадағы Facebook, YouTube немесе Vkontakte-де) атап өту керек. Сіз таңдаған әлеуметтік желі арқылы қабылданатын кез-келген форматтағы бейне клип түсіре аласыз, бірақ ол 3 минуттан аспауы тиіс. YouTube, Instagram, Facebook немесе Vkontakte сайттарына бейне клипті жүктегеннен кейін конкурстық материалды ұсыну шарасы аяқталған болып саналады және оны өзгерту, редакциялау немесе алмастыру мүмкін болмайды. Қатысушылар біреуден артық бейне клип ұсына алмайды. Байқауға қатысу әрекеті автоматты түрде конкурстың ресми ережелерімен келіскен болып есептелінеді. Байқауға ұсынылған материал конкурсқа қатысушының  өзі жазған түпнұсқалық бейне клип болуы тиіс.

Хэштег көмегімен бейнені жүктегеннен кейін, осы электрондық нысанды толтырыңыз. Конкурс жаңартуларын біліп отыру үшін, сізге Instagram @usinkz бетіне жазылуға кеңес беріледі.
Байқау 2017 жылдың 1 желтоқсанында сағат 6.00-ден бастап, Астана уақыты бойынша басталады. Материалдарды 1 желтоқсан сағат 06:00-ден (Астана) бастап 17 желтоқсан сағат 17:00-ге дейін ұсынуға болады. Материалдарды бағалау жұмыстары 18 желтоқсанда басталады және 2018 жылдың 5 қаңтарында аяқталады.

Конкурстық талаптар

  1. Ұсынылған құжаттарда тіл тигізу, ашық сексуалды түрдегі материалдар, жалаңаштанған дене суреттері, балағаттаушылық, зорлық-зомбылық графикалық суреттері, зорлық жасауға үгіттеу, коммерциялық ұсыныстар немесе коммерциялық жарнама болмауы керек. Өткізілген материалдардың жергілікті заңға сәйкес келуі тиіс, олардың ішінде кез келген конкурс демеушілеріне немесе кез келген топтар, жеке тұлғалар мен мекемелерге қарсы қатал, азғырынды, қаралау және дөрекі контент немесе суреттер болмауы керек. Берілген материалдар сыртқы келбеті және мәні бойынша мәдени қоғамда қабылданған нормаларға сәйкес келуі керек. Басқаша айтқанда, барлық материалдардың мазмұны ғаламдық аудитория үшін лайық болуы керек.
  2. Ұсынылған материалдар үміткер жасаған бастапқы контент түрінде болуы керек. Олар басқа тараптың авторлық құқықтарымен қорғалған немесе зияткерлік меншік құқықтарына немесе басқа да меншік құқықтарына, соның ішінде жеке ақпаратты қорғауға және жария ету құқықтарына қатысты ешқандай элементтерді қамтымауы тиіс (төмендегі d тармағына сәйкес рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда). Конкурстың демеушілері авторлық құқықпен қорғалған материалдардың кез-келген «заңды пайдалану» жағдайын мойындамаған секілді, үшінші тарап жасаған немесе үшінші тарапқа тиесілі лицензияланған материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін де мойындамайды.
  3. Конкурстың демеушілері осы ресми конкурстық ережелердің мақсаттары мен мәніне, сондай-ақ осы өлшемшарттарға сәйкес келмейтін кез-келген материалдарды өз қалауы бойынша дисквалификациялауға құқылы.
  4. Осы конкурстық талаптарды орындау, түсіндіру және қолдану немесе осы ресми конкурстық ережелердің басқа ережелеріне қатысты кез-келген мәселелер немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, байқаудың демеушілері мұндай келіспеушіліктерді немесе мәселелерді өз қалауы бойынша шешуге айрықша құқығын сақтайды.
  5. Конкурсқа бейнені ұсынған кезде қатысушы бейнеде көрсетілген барлық адамдардың жазбаша келісімін алғанын растайды (немесе тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандар болып саналса, олардың ата-аналарының / қамқоршыларының келісімі). Байқауға қатысушы, конкурстық іріктеудегі барлық материалдарды, музыканы, суреттерді, мәтіндерді және басқа да контенттерді пайдалануға қатысты барлық қажетті лицензияларды, рұқсаттарды және рұқсат құжаттарын иемденгенін де растауы тиіс. Одан әрі, конкурстың қатысушысы сұрату бойынша осы рұқсаттардың, лицензиялардың және басқалардың барлығын растайтын сенімді құжаттарды ұсынуға дайын екендігін растайды. Мұндай құқықтарды, лицензиялар мен рұқсаттарды алу мүмкіншілігі болмаған жағдайда, бұл фотоматериалдардың тек қана байқау демеушісінің қалауы бойынша дисквалификациялануына әкелуі мүмкін.
  6. Бейне клипті өңдеу: бейне материалдарды өңдеуге арналған барлық дәстүрлі әдістер қабылданады. Кез келген бағдарламаны және кез-келген форматты пайдаланып бейне клиптерді өңдеуге болады. Дегенмен, бейне клиптер тығыздалып, YouTube, Facebook немесе Instagram медиа платформаларына жарамды пішімде жіберілуі тиіс.

Байқауға қатысу құқығы

  1. Байқауға қатысуға арналған құжаттарды толтырған кезде конкурсқа қатысушылардың жасы кем дегенде 18-де болуы керек. Конкурсқа қатысушылар Қазақстан тұрғындары болуы тиіс және АҚШ азаматтары немесе тұрақты тұрғындары бола алмайды.
  2. Конкурстық материалдарды ұсынатын тұлға конкурсқа қатысушы және сыйлық алу үшін конкурсқа қатысуға құқығы бар жалғыз тұлға деп танылады. Ұйымдар конкурсқа қатысуға және заңды тұлға ретінде де, өз өкілінің көмегі арқылы да сыйлық алуға құқылы емес. Марапаттауға жарамды болу үшін тапсырыс беруші толық және дұрыс ақпаратты ұсынуы керек.
  3. Конкурс демеушілерінің, YouTube, Facebook, Instagram, Vkontakte платформаларының, немесе АҚШ үкіметінің жұмысшылары, практиканттары, директорлары мен қызметкерлері; немесе байқауды басқаруға және жарнамалауға қатысатын, байқауға төрешілік ететін, сондай-ақ байқауды ұйымдастыруға, әзірлеуге және өткізуге қатысатын кез-келген мекеменің, компаниялардың немесе тұлғалардың кез-келген жұмысшылары, практиканттары, директорлары мен қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері (ерлі-зайыптылар, серіктестер, балалар, аға-iнiлер мен апа-сiңлiлер, сондай-ақ олардың жұбайлары немесе туыстары; сондай-ақ осы адамдардың кез-келгенiнiң үй шаруашылығында тұратын адамдар) конкурсқа қатысуға құқылы емес.
  4. Конкурс материалдарын ұсынғаннан кейін, аты (немесе қатысушының аты, егер қатысушы анонимді болып қалғысы келсе) және қатысушының елі тек қана байқау демеушісінің қалауы бойынша ғана көрсетілуі мүмкін.

Жеңімпазды таңдау

  1. Барлық өтініштердегі ресми байқау ережелерінің орындалып-орындалмауы байқау демеушілері тарапынан алдын ала тексеріледі. Ережелерге сәйкес келмейтін материалдар байқаудан шығарылады. Конкурстың демеушілері өздерінің қалауы бойынша конкурстың ресми ережелеріне сәйкестігін немесе ықтимал финалға қатысушы мен жеңімпаз жарыс материалын байқау сайтында жарияламастан бұрын, марапат беруді ұйғару мен жеңімпазды тану және басқа шара алдында толық тексеруді жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
  2. Төрешілер: Байқау әкімшілігі барлық өтінімдерді қарайды және байқау төрешілерінің қысқа тізімін ұсынады. Байқаудың қазылар алқасы жеңімпаздар мен финалға қатысушылардың соңғы таңдауын өткізеді. Қазылар алқасына Астанадағы АҚШ елшілігі мен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының бес қызметкері кірді. Төрешілер құрамы: АҚШ елшілігінің баспасөз атташесі, АҚШ елшілігінің ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық кеңсесінің басшысы, АҚШ елшілігінің ағылшын тілі бағдарламасы үйлестірушісі, Алматы қаласындағы АҚШ консулдығының қоғамдық істер бөлімінің офицері, Алматы қаласындағы АҚШ консулдығының қоғамдық істер бөлімінің басшысы.
  3. Бағалау өлшемшарттары: Жеңімпаздар мен финалға қатысушылар келесі өлшемшарттар бойынша таңдалады: ағылшын тілін меңгеруді жетілдіруге деген айқын ынтасы, бейне өтінімі мен оған ілеспелі мәтіннің сапасы мен түпнұсқалығы, сондай-ақ кәсіптердің, мекен-жайлардың және қатысушы жасының әртүрлілігі.
  4. Жеңімпаздар:

Әрбір жеңімпаз және финалға қатысушы  конкурстық ережелерге сәйкестігі туралы өтінішке және қысқаша өмірбаянмен (қажетті жағдайларда) бірге жауапкершілік / жариялау құқығын беру туралы және конкурстық материалдарды өткізу туралы қысқаша мәлімдемеге қол қойып, конкурстың демеушілеріне қайтаруға міндетті болады; кері жағдайда жеңімпаз және финалға қатысушы сыйлық алу құқығына ие болмайды. Әрбір жеңімпаз төмендегі «Сыйлықтар» параграфында сипатталғандай «Ағылшын тілінің Бренд Елшісі» міндеттерін орындауға келіседі. Егер байқаудың демеушілері ықтимал жеңімпазбен байланысқа шыға алмаса, бұл оның дисквалификациясына және байқау ережелеріне сәйкес келетін қалған байқау материалдарының ішінен тағы бір жеңімпазды таңдауына әкелуі мүмкін.

  1. Жеңімпаздар мен финалға қатысушылар өздерінің өтінімдерінде көрсетілген электрондық пошта және телефон арқылы хабар алады. Жеңімпаздар мен финалға қатысушылардың өздерінің нақты атауларының орнына бүркеншік аттарды пайдалану туралы шешім қабылдауына болады және өздерінің жеке мәліметтерін жарияламауды сұрауларына болады.

Сыйлық(тар)

  1. Гран-придің сегіз жеңімпазы «Қазақстандағы ағылшын тілі елшілерінің» атағын алады және ағылшын тілін бір жыл бойы оқып-үйренуге және дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қаншалықты ілгерілегендіктерін көрсету үшін $ 3,000 көлемінде грант алады.
  2. Он финалға қатысушы Қазақстандағы «Inter Press» кез-келген тіл мектебінде оқуға 60 мың теңге көлемінде сертификат алады (Алматы, Астана, Караганда ).
  3. Жеңімпаздар жүлдені алуға электронды пошта арқылы үш күнтізбелік күн ішінде келісім беруге тиісті. Мұндай келісім уақытында алынбаған жағдайда, байқаудың демеушілері басқа жеңімпазды таңдау құқығына ие болады. Әрбір жеңімпаз барлық қажетті ақпаратты, оның ішінде грантты беру туралы тіл сертификаттарын және банк шотының деректемелерін жіберу үшін жарамды пошта мекенжайын қоса беруі керек. Байқау демеушілері жүлдені жіберуге байланысты туындайтын кез келген мәселеге жауап бермейді, оның ішіне тасымалдаушының кінәсінен туындаған ұрлық, кідіріс немесе жойылу / кездейсоқ жоғалу жағдайлары кіреді.
  4. Сыйлықтың кез-келген пайдаланылмаған бөліктері аударуға жатпайды, айырбасталмайды немесе алмастырылмайды және қолма-қол ақшамен алынбайды. Алынған жүлде бойынша немесе оның алынуына байланысты барлық салықтар, сондай-ақ барлық алынған есептер жеңімпаздың айрықша жауапкершілігі болып табылады.

Жауапкершілік және құқық

  1. Байқаудың демеушілері ешқандай байқау материалдары мен тұжырымдамаларына қолдау білдірмейді. Байқаудың демеушілері конкурсқа ұсынылған өтінімдерге байланысты кез-келген жауапкершіліктен бас тартады, оның ішіне конкурстық материалдарды жасауға бірлесіп қатысқан тараптар арасындағы дауларды шешу жауапкершілігі кіреді.
  2. Байқау және оның демеушілері авторлық құқықты бұзуға немесе кез-келген зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтыратын әрекеттерге жол бермейді. Байқаудың демеушілері екінші тараптың авторлық құқықтарын бұзады, деп саналған конкурстық материалдарды немесе басқа зияткерлік меншік құқықтарын алып тастауға және дисквалификацияға құқылы.
  3. Байқауға қатысушылар өздерінің түпнұсқалық жұмыстарын иелену айырықша құқығын сақтап қалады. Ұсынылған материалдар байқауға қатысушының зияткерлік меншігі болып қалады, және байқау демеушілері мен АҚШ үкіметі сайысқа қатысушы ретінде тіркелген кез келген адамның кез келген жұмысына қатысты авторлық құқығына қарсы ешқандай талап қоймайды. Байқауға қатысушы байқау демеушілеріне нақты түрде барлық контентті пайдалану құқығын беруге келіседі. Финалға қатысушылар мен/немесе жеңімпаздардың, тиісті тапсырыс бойынша, қажет деп тапқан кез келген арналар арқылы, қайта лицензиялауға және табыстауға жататын, конкурстық материалдарды пайдалануға, жаңғыртуға және таратуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ туынды жұмыстарды дайындау және / немесе қандай да бір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кез-келген медиа-форматтарда байқау материалдарын шығаруға және / немесе көрсетуге дүниежүзі бойынша айрықша емес және роялти салығы салынбайтын мерзімсіз лицензияны конкурстың демеушілеріне ұсынулары қажет.
  4. Байқауға қатысушы конкурсқа ұсынылған материалдар мен олардың мазмұнын, сондай-ақ осы материалдарды ұсынудың немесе жариялаудың кез-келген салдары үшін айрықша жауапкершілікті өзіне алады.
  5. Байқаудың демеушілері кез-келген уақытта байқауға ұсынылған материалдар мен байқауға қатысушыларды тексеруге және осы ресми конкурстық ережелерді бұзған кез-келген қатысушыны немесе конкурстық материалдарды дисквалификациялауға құқылы. Сондай-ақ, байқаудың демеушілері конкурсқа қатысу құқығын растайтын және осы конкурстық ережелердің орындалуын растайтын қосымша құжаттарды өз қалауы бойынша сұратуға құқылы..
  6. Егер сыйлық немесе оның кез-келген бөлігі қолда жоқ болса, онда байқаудың демеушілері өздерінің қалауы бойынша жүлдені басқа бір немесе одан да көп құндылық пен сападағы басқа сыйақымен ауыстыруға құқылы.
  7. Конкурстың демеушілері өздерінің дәлелді пікірі бойынша (i) ресми бәсекелестік ережелерін бұзған; (ii) электрондық платформаны пайдалану шарттарын бұзған, немесе (iii) жосықсыз әрекет етіп, зиянды бәсекелестікпен басқаларға кедергі келтіріп немесе басқа адамға қасақана кінәратсыздық жасаған, оған қатер төндірген, сес көрсеткен немесе қорқытқан кез-келген адамды кез-келген уақытта өз қалауы бойынша  дисквалификациялауға немесе ережелерді ұстанбады, деп қарауға құқылы.
  8. Байқаудың демеушілері кез-келген себеппен және өз қалауы бойынша жарыстың тәртібіне өзгерістер енгізуге немесе оның өткізілуін тоқтата тұруға, доғаруға немесе болдырмауға құқылы.
  9. Байқаудың қатысушылары конкурстың демеушілерін, олардың бас, еншілес және үлестес ұйымдарын, қызметшілерін, директорларын, қызметкерлерін, практиканттарын және өкілдерін кез-келген талаптар, шығындар, міндеттемелер, залалдар, қаржылық міндеттемелер, ұсталымдар немесе борыштар мен шығыстар бойынша жауапкершіліктен келесі жағдайларда босатуға келіседі (оның ішінде, адвокаттың ақысы): (i) осы ресми ережелерді бұзу; (іі) үшінші тұлғалардың құқықтарын, кез келген авторлық құқықтарды, тауар белгілерін, зияткерлік меншікті, ақпаратты жарияламауға және жариялауға қатысты міндеттемелерді немесе осы байқауға байланысты кез келген басқа да мүліктік құқықтарды бұзу; немесе (iii) кез келген үшiншi тұлғаға байқау материалдарын өткiзу себебімен келтiрiлген зиян үшiн кез келген талап, оның iшiнде қаржы шығыны. Жауапкершіліктен босату жөніндегі бұл міндеттер байқаудың аяқталуына қарамастан, мерзімсіз болады.
  10. Байқауды өткізу, жұмыстарды бағалау және марапаттарды тапсыру АҚШ-тың тиісті заңдарына және қабылдайтын елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. АҚШ заңы мен қабылдаушы елдің заңы арасында қайшылық туындаған жағдайда АҚШ заңы басым болады.
  11. Байқаудың демеушілері мен АҚШ үкіметі қатысушылар туралы жеке ақпаратты, жеке басты куәландыратын мәліметтерді және басқа да құпия ақпаратты қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Байқау қатысушылары ұсынатын байланыс ақпараты АҚШ-тың Астанадағы елшілігінде сақталып, келешекте қатысушылармен басқа мақсаттарда байланысу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл ақпарат конкурстың басқа демеушілеріне және / немесе үшінші тұлғаларға заңмен рұқсат етілген шектерде ұсынылуы мүмкін.
  12. Байқаудың демеушілері талапкердің байқауға қатысуынан немесе оның конкурсқа қатысу әрекеттерінен немесе оның конкурстық бағдарламаға қатысуға қатысты ақпаратты алуға, жүктеуге әлде өзгеше түрде қабылдауға қабілеттілігі немесе қабілетсіздігіне байланысты туындаған кез-келген шығындар мен залалдар үшін ешқандай міндеттемелер немесе жауапкершіліктерді қабылдамайды. Байқаудың демеушілері келесі жағдайлар үшін қандай да бір міндеттемелерді немесе жауапкершіліктерді қабылдамайды: байқауды өткізуге байланысты туындайтын техникалық мәселелер немесе ақаулар, соның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету немесе компьютерлік техниканың жұмысындағы қателер; компьютерлік ақаулық, телефон, кабельдік байланыс, спутниктік, электрондық, желісіз немесе интернет байланысы, немесе басқа да онлайн режиміндегі байланыс мәселелері; интернет қызметінің ұсынушыларына, серверлер, хост немесе провайдерлерге байланысты қателер немесе шектеулер; бұрмаланған, шатастырылған немесе ақаулы деректердің жөнелтілуі; электрондық пошта хабарларын жіберу немесе қабылдау бойынша ақаулар; электрондық байланыстың жоғалуы, кешігуі, кідіруі немесе бөтен біреу тарапынан қолға түсірілуі; қандай да бір себептермен байқау сайтының толық немесе жартылай жұмыс істемеуі; интернет желісіндегі немесе байқау сайтындағы кептеліс; рұқсатсыз кіру, хакер әрекеті, ұрлау, вирус пен қоңыз-құрт енгізу; немесе байқаудың өткізілуіне байланысты байқаудың кез келген элементтерін жою, жоғалту, жетіспеушілік тудыру, электрондық шоттағы қате жөнелтілу, қол жетпеушілік немесе шоттың жоғалуы.
  13. Пайдаланушы байқау сайтымен байланысты барлық қауіп-қатерлерді қабылдайды. Байқаудың демеушілері байқауға қатысуға, байқау сайтын қолдануға немесе байқау сайты туралы ақпараттарды жүктеуге байланысты компьютерлік техникаға келтірілген қандай да бір жеке бұзылуы, мүліктің бүлінуі немесе қандай да бір зақымдануы үшін жауапты емес. Байқауға қатыса отырып, оның қатысушысы байқау демеушілерін байқауға тікелей немесе жанама түрде қатысуынан туындаған барлық талаптардан босатады.
  14. Байқаудың демеушілері ауа-райының, өрттің, ереуілдің, соғыс актілері мен терроризмнің немесе кез-келген басқа себептердің салдарынан жарыстың толық әлде ішінара тоқтатылуына немесе оның кешіктірілуіне жауапты емес.