Flag

An official website of the United States government

EnglishWithUS байқауының ережелері
5 Хаттаманы оқу

1. Жалпы ережелері

1.1. Осы ереже EnglishWithUS байқауында жүргізілетін өткізу тәртібімен, байқаудың жеңімпаздарын анықтау және конкурс жеңімпаздарына жүлде беру тәртібін қоса алғанда, байқаудың қатысу шарттарын реттейді.
1.2. Байқау лотерея немесе құмар ойындардың қатарына жатпайды.
1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстандағы АҚШ Елшілігі.
1.3. Байқау Интернетте, Instagram.com әлеуметтік желісінде өткізіледі.
1.4. Байқаудың қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталып, олар сыйлыққа үш айлық ағылшын тілін оқыту курсына қатысу жүлдесіне ие болады.

2. Конкурстың шарттары мен өткізу мерзімі

2.1. АҚШ елшілігінің EnglishWithUS байқауы 12 кезеңнен тұрады. Байқаудың әр кезеңінде барлық қатысушыларға орындау үшін бір тапсырма беріледі. Байқаудың басты жүлдегерлері, берілген тапсырмалардың ішінен ең көп тапсырмасын уақытында орындаған қатысушылар арасынан анықталады.
2.2. Байқаудың әрбір кезеңінің ұзақтығы – 1 апта, сондықтан, конкурстың жалпы мерзімі – 12 апта. Байқау 2018 жылдың 4 маусымында сағат 12:00-де басталып, 2018 жылдың 26 ​​тамызында сағат 23:00-ге дейін Астана уақыты бойынша өткізіледі.
2.3. Байқаудың барлық кезеңдерінің толық шарттары АҚШ елшілігінің @usinkz Instagram әлеуметтік желі парақшасында көрсетіледі.
2.4. Байқаудың әр кезеңі дүйсенбіден сағат 12:00-де басталып, жексенбі сағат 23:00-ге дейін Астана уақыты бойынша жалғасады. Байқаудың әрбір кезеңінің нәтижелері қатысушылардың жауап берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде жарияланады. Жексенбі күндері сағат 23:00-ден кейін жарияланған конкурстық тапсырмалар қарастырылмайды.
2.5. Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың 27 тамызында анықталып, нәтижесі АҚШ елшілігінің @usinkz Instagram әлеуметтік желі парақшасында жарияланады.

3. Байқау қатысушыларының құқықтары мен оларға қойылған талаптар.

3.1. Байқау қатысушылары, байқау тапсырмаларын орындаған кезде кем дегенде 18 жаста болуы керек. Конкурсқа қатысушылар Қазақстан тұрғындары болуы тиіс және АҚШ азаматтары немесе тұрақты тұрғындары қатыса алмайды.
3.2. Байқау тапсырмалары Instagram әлеуметтік желісі парақшасында орындалуы керек. Барлық байқау ұйымдастырылған (2.2-тармағында көрсетілген) кезеңінде, қатысушылардың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалары жалпыға қолжетімді болуы тиіс.
3.3. Байқауға ұсынылған материалдарда тіл тигізу, ашық сексуалды түрдегі материалдар, жалаңаштанған дене суреттері, балағаттаушылық, зорлық-зомбылық графикалық суреттері, зорлық жасауға үгіттеу материалдары мен коммерциялық ұсыныстар немесе коммерциялық жарнама болмауы керек.
3.4. Қатысушылар ұсынған материалдар, өздері жасаған ерекше контент түрінде болуы керек. Олар басқа тараптың авторлық құқықтарымен қорғалған, зияткерлік меншік құқықтарына немесе басқа да меншік құқықтарына қарасты, соның ішінде жеке ақпаратты қорғауға және жария ету құқықтарына қатысты ешқандай элементтерді қамтымауы тиіс. Байқаудың ұйымдастушылары авторлық құқықпен қорғалған материалдардың кез-келген «заңды пайдалану» жағдайын мойындамаған секілді, үшінші тарап жасаған немесе үшінші тарапқа тиесілі лицензияланған материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін де мойындамайды.
3.5. Байқаудың ұйымдастырушылары мен өкілдеріне, ұйымдастырушы тұлғалардың өкілдеріне, сол сияқты байқаудың ұйымдастырылуына немесе өткізілуіне немқұрайды қарамайтын қызметкерлерге байқауға қатысуға тыйым салынады.
3.6. Қатысушының құқықтары:
3.6.1. Байқаудың ережесімен танысу.
3.6.2. Байқауға барлық ережелерді орындай отырып қатысу.
3.6.3. Қатысушының байқау жеңімпазы болып хабарланған кейін, байқаудың ережесіне сәйкес марапатты талап ету.
3.6.4. АҚШ елшілігінің @usinkz Instagram әлеуметтік желі парақшасында барлық байқау ережелерінің өзгерістері туралы ақпаратпен танысу.
3.6.5. Байқау тапсырмаларын қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындау.
3.7. Байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушы байқау тапсырмаларын орындаған уақытта, үшінші тұлғалардың алдындағы ісіне өзі жауапты. Қатысушы, үшінші тұлғалардан өзіне туған шағымдарды, немесе байқау өткізілуіне байланысты, байқау ұйымдастырушыларына қатысты шағымдарды жеке өзі және өз есебінен шешуге міндеттенеді.

4. Байқау ұйымдастырушалырының құқықтары мен міндеттері

4.1. Ұйымдастырушылардың міндеттері:
4.1.1. Байқау ережелеріне сәйкес байқауды өткізу.
4.1.2. Байқау ережесіне сәйкес жеңімпаздарға сыйлықтарын табыс ету.
4.2. Ұйымдастырушының құқықтары:
4.2.1. Ұйымдастырушы өзінің құқықтарын орындамауға, қатысушылардың байқауға қатысу үшін тікелей немесе жанама шығындарын көтеруге келесі жағдайларда жауапкершілікті емес: телекоммуникация және энергетика желілердегі ақаулар нәтижесінде; зиянды бағдарламалардың әрекеттерінен; үшінші тұлғалардың бағдарламалық кешенге заңсыз әрі рұқсатсыз кіруге, өшіруге бағытталған әрекеттеріне. Ұйымдастырушы мұндай және басқа да жағдайларда байқау қатысушыларының шығындарын өтемейді.
4.2.2. Ұйымдастырушы, байқау барысында, қатысушылардың нәтижелеріне техникалық, бағдарламалық немесе басқа тәсілдер арқылы ықпал етпек болған күдік бар болса, байқаудың кез-келген сатысында күдікті қатысушыны байқаудан шектетуге құқылы. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын өзге де іс-шараларды орындаған қатысушы байқаудан шектетуге құқылы.
4.2.3. Ұйымдастырушының бақылауынан тыс қандай да бір техникалық, немесе басқа себептерге байланысты әлеуметтік желінің жұмысының шектелуі, немесе қатысушылар арасында байқау нәтижесіне байланысты алаяқтықтық күдіктері пайда болған жағдайда, Ұйымдастырушы байқаудың мерзімін өзгертуге, оның ішінде байқауды дереу тоқтатуға құқылы.
4.2.4. Ұйымдастырушы, жүлделерді пайдалану немесе байқауға қатысуға байланысты қатысушының шеккен шығындары мен зақымдарына ешқандай жауапкершілік алмайды.
4.2.5. Ұйымдастырушы, қатысушының өзі туралы жалған ақпарат берген жағдайда немесе жарыстың ережелерін бұзған жағдайда, қатысушыға жүлдені беруден бас тартуға құқылы.
4.2.6. Ұйымдастырушы, байқаудың қатысушысына жеңімпаз атанғанын бірден хабарлап, байланыс тәсілдері арқылы 24 сағат ішінде жауап бермеген қатысушыға сыйлық беруден бас тартуға құқылы.

5. Жарнама

5.1. Байқауға қатысуға ұсынылған материалдар, баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пайдаланылуы мүмкін, және қатысушы материалдың пайдалануына келісім береді. Байқауды ұйымдастырушы жарнамалық мақсаттарда, қатысушылардың байқау материалдарын, аты-жөнін және суретін АҚШ Елшілігінің веб-сайтында немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушының келісімінсіз жариялау құқығын өзіне қалдырады.
5.2. Байқау қатысушысына осы бөлімде көрсетілген әрекеттерге сыйақы берілмейді. Осы бөлімде көрсетілген іс-әрекеттерді орындаудан негізсіз бас тартқан қатысушы, байқау ұйымдастырушысына байқау өткізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттер ретінде қарастырылуы мүмкін.
5.3. Байқауға қатысушылар қатысу фактісі, олар өздерінің есімдерін, фотосуреттерін және бейнематериалдарын, сондай-ақ байқауға қатысуға ұсынылған басқа да материалдарын, байқаудың ұйымдастырушысы және оның өкілетті тұлғасы пайдалануы мүмкін екендігіне толық келісімін білдіреді. Бұл келісім Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жарнамалық немесе басқа коммерциялық мақсаттарда, шексіз мерзімде және қандай да бір сыйақысыз қолданылады.

6. Байқау жеңімпазын анықтау тәртібі мен жүлделері

6.1. Байқаудың жеңімпазы болу үшін, байқаудың бірінші аптасынан бастап байқау тапсырмаларының әрқайсысын уақытылы түрде орындау қажет.
6.2. Қатысушылардың ұсынған барлық материалдары, байқаудың ережесіне сәйкес, ұйымдастырушылар арқылы алдын-ала тексеруден өткізіледі. Ережелерге сәйкес келмейтін материалдарды ұсынған қатысушылардың жұмысы қабылданбайды.
6.3. Байқаудың жеңімпазын анықтайтын қазылар алқасының құрамына байқаудың негізгі ұйымдастырушысы – АҚШ елшілігі және оның серіктестері кіреді.
6.4. Жүлделер:
6.4.1. Байқаудың барлық кезеңдерінен өтіп және барлық талаптарына сай келген қатысушылардың ішінен, қазылар алқасы дауыс беру арқылы анықтайтын 10 жеңімпазға, 3 айлық ағылшын тілінің оқыту курсына қатысу сертификатары тапсырылады.
6.4.2. Байқаудың 5 тапсырмасынан бастап одан да көп тапсырма орындаған және барлық талаптарына сай келген қатысушылардың ішінен бір жеңімпаз анықталып, Iphone 8 телефонымен марапатталады. 2018 жылдың 26 тамызына дейін 5 тапсырмадан жоғары орындаған қатысушылардың ішінен жеңімпазды анықтау random.org сайтты пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады.
6.4.3. Байқау ұйымдастырушысының қалауы бойынша, байқау қатысушыларына қосымша ынталандыру сыйлықтары ұсынылуы мүмкін.
6.5. Ережеге сәйкес марапатталған сыйлықтардың ақшалай баламасы төленбейді.
6.6. Байқаудың нәтижелері АҚШ елшілігінің @usinkz Instagram әлеуметтік желі парақшасында, тікелей эфир арқылы жарияланады.

7. Ерекше шарттар

7.1. Шынайы жүлделердің сипаты, жүлделердің жарнамадағы бейнесінен өзгеше болуы мүмкін.
7.2. Қатысушы байқау ережелерін орындамаған жағдайында жүлдеге ие бола алмайды.
7.3. Ұйымдастырушының байқауға байланысты барлық мәселелер бойынша шешімдері түпкілікті болып табылады, және қайта қарауға жатпайды.
7.4. Ұйымдастырушы байқау туралы қосымша ақпарат беру құқығын өзіне қалдырады.
7.5. Осы байқауды адал, қауіпсіз немесе толық көлемде жүргізуге, ұйымдастырушымен қадағалана алмайтын кедергілер туындағанда, ұйымдастырушы өз қалауы бойынша сайыстың күшін жоюға, тоқтатуға, өзгертуге немесе тоқтата тұруға, байқауға Қатысушының қатысуын тоқтатуға құқылы.
7.6. Байқауға қатысуға байланысты барлық шығындарды қатысушылар өз мойындарына алады (соның ішінде Интернет желісін қоладануға байланысты шығындар).
7.7. Қатысушылардың байқауға қатысу фактісі – байқаудың осы Ережелерімен толық келісімі болып табылады.