АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің (EPA) өкілдері Нұр-Султан қаласындағы үш күндік іс-сапарын аяқтады

АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің (EPA) өкілдері Нұр-Султан қаласындағы үш күндік іс-сапарын аяқтады

Нұр-Сұлтан, 19-шы сәуір: АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің (EPA) өкілдері ауаның сапасын басқару мәселелерін және ауа сапасы бойынша жұмыстың басымдылықтарын талқылау үшін Қазақстан үкіметінің өкілдерімен, индустрия және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Нұр-Султан қаласындағы үш күндік іс-сапарын тәмамдады. EPA осы сапар барысында жиналған ақпаратты Қазақстандағы ауа сапасын жақсарту және халықтың денсаулығын жақсарту үшін екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру үшін пайдаланады. Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен бірлесіп, халықтың, әсіресе бала денсаулығын сақтауда мақсатын көздеп, ауаның ластануын азайту үшін үлес қосуға ұмтылады.

 

Атмосфералық ауаның ластануының денсаулыққа әсері елеулі экономикалық зардаптарға әкеледі. 2016 жылы жүргізілген «Жаһандық аурулардың ауыртпалығы» зерттеуі бойынша, ауаның ластануы бүкіл әлемде шамамен 6,1 миллион адам өліміне әкеліп соқты. Біз ауа сапасын басқаруда Қазақстанның алдында тұрған қиындықтардың бар екенін мойындаймыз.

 

АҚШ тәжірибесі таза ауаға қол жеткізу экономикалық өсуге зиян келтірмейтінін көрсетті. 1970 жылдан бастап АҚШ жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) 246 пайызға артып, ауаның ластануын 70 пайыздан астамға қысқартты. Ауа сапасын басқару, соның ішінде қоршаған ортаның жай-күйін бақылау және ауаның ластануын бақылау тамаша инвестиция болып табылады. EPA компаниясы агенттігі АҚШ-та ауаның ластануын бақылау мен оған қарсы күреске жұмсалған әрбір доллар үшін Америка халқына 30 доллар көлемінде экономикалық пайда әкелетінін есептеп білді. Болашақта ынтымақтастық жалғасын тапса, EPA Қазақстанға ауа сапасын жақсарту жолындағы бастамасына техникалық қолдау көрсетіп, құралдар әкеліп, оқытуды ұсынады.