Fulbright TEA педагогикалық шеберлікті шыңдау бағдарламасы (2021-2022)

«Фулбрайт ТЕА педагогикалық шеберлікті шыңдау» бағдарламасын АҚШ мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы қаржыландырады. 1946 жылы АҚШ-тың Арканзас штатының экс-сенаторы Джеймс Уильям Фулбрайт студенттерге, зерттеушілерге, ғалымдар мен мұғалімдерге білімдерін жетілдіруге, сонымен қатар АҚШ және басқа да мемлекеттер азаматтары арасындағы мәдени-академиялық байланысты нығайту мақсатында АҚШ мемлекеттік департаментімен қаржыландырылатын гранттар бағдарламасын ұсынады. «Фулбрайт» бағдарламасы 1946 жылдан бастап 390.000 астам «Фулбрайттықтарға» АҚШ-та оқуға мүмкіндік берді.  

2021-2022 жылдар аралығында «Фулбрайт ТЕА педагогикалық шеберлікті шыңдау» бағдарламасы өзінің 25 жылдығын атап өтіп, үшінші жыл қатарынан мұғалімдерге медиа сауаттылық бағыты бойынша қосымша «Фулбрайт ТЕА медиа сауаттылық» бағдарламасын ұсынады. 

«Фулбрайт ТЕА» бағдарламасына мұғалімдер кәсіби педагогикалық қызметі, академиялық дайындығы және көшбасшылық қабілеті негізінде таңдалады. Бағдарламаға қатысушыларға қатысты соңғы шешімді тәуелсіз әрі жоғары лауазымдағы кеңеспен тағайындалатын, барлық академиялық алмасу бағдарламаларын үйлестіретін «Фулбрайт шәкіртақылар кеңесі» қабылдайды. 

Бағдарламаға қатысушылардың тәжірибесі және жетістіктерін байқау негізінде анықтау үшін тәуелсіз іріктеу комиссиясы құрылады.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Фулбрайт ТЕА» бағдарламасына таңдалған мұғалімдер: 

  1. АҚШ-тың жоғарғы оқу орнында магистр деңгейіндегі арнайы семинарларға қатысады; 
  2. Америкалық орта мектебіндегі сабақтарды бақылап, америкалық әріптесімен тәжірибесімен алмасып, бірге сабақ өткізеді; 
  3. Бағдарламаның басқа да қатысушыларымен АҚШ және Қазақстанның білім жүйесіндегі түрлі озық педагогикалық тәжірибе және әдістерімен алмасуға кәсіби-педагогикалық қауымдастықтың онлайн-платформасына белсенді қатысады; және
  4. АҚШ-та оқу барысында білім және мәдени шараларға қатысады. 

Бағдарламаның аяқталуынан кейін, мұғалімдер жұмыс атқаратын мектебінде оқушылар, әріптестер және кәсіби қауымдастықтармен өздерінің білімі мен тәжірибелерімен бөліседі. 

АМЕРИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТТЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Апталық семинарлар: Мұғалімдер АҚШ-тың жоғарғы оқу орнында шақыртылған білім саласындағы мамандар, оқытушылар және университет қызметкерлерімен өткізілетін апталық семинарларға, презентациялар мен талқылау кездесулеріне қатысады. «Фулбрайт TEA» бағдарламасы алдыңғы қатарлы оқыту әдістемелері, оқышулардың қажеттіліктеріне сай сабақ жүргізу жүйесіне, сабақтарды дайындау және оқыту технологияларын қамтитын академиялық семинарлар өткізеді. 

Америкалық мектептегі тағылымдама: Қатысушылар америкалық ұстазбен бірге америкалық мектеп ортасын іс жүзінде танып-білу үшін кемінде 40 сағаттық мектептегі тағылымдамадан өтеді. Бағдарлама барысында барлық қатысушыларға мәдени таныстыру, тәлімгерлік пен қолдау көрсетіледі. 

Кәсіби білім алуға арналған онлайн қауымдастық: Әрбір мұғалім басқа мемлкеттерден келген әріптестерімен бірге білім және көшбасшылық саласындағы қарым-қатынасты дамыту және алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу үшін онлайн қауымдастық шараларына қатысады. 

«ФУЛБРАЙТ TEA» БАҒДАРЛАМАСЫНА КЕЛЕСІ АЗАМАТТАРДАН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ:

  • АҚШ азаматтарынан және АҚШ-та тұрғылықты тұрғын мәртебесі бар азаматтардан;
  • АҚШ-та және шетелде оның алдында оқыған үміткерлерден құжаттар қабылданбайды;
  • Мемлекеттік мекемелердегі әдіскер, мектеп қызметкерлері, кемінде 50% уақытын мектепте штаттық режимде қызмет атқармайтын, тіл үйрету орталықтарындағы репетиторлары; штаттан тыс мектептегі оқытушы-жаттықтырушылар, жоғарғы оқу орнындағы оқытушылар, және қазақстандық мектептерде жұмыс істейтін шетелдік мұғалімдер бағдарламаға құжат тапсыра алмайды;
  • Жергілікті АҚШ Елшілігінің, Бас Консулдығының, USAID қызметкерлерінен;
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті және USAID ұйымының қызметкерлерінің жақын туысқандары мен отбасы мүшелерінен;
  • IREX ұйымының қызметкерлері мен жақын туысқандары; отбасы мүшелерінен.

Үміткерлерге кеңес: Білім орталықтары, консультанттар және бағдарлама түлектерінен эссені жазу үшін көмек сұрамауыңызды өтінеміз. Әрбір сауалнама мұқият іріктеуден өтеді. Академиялық адалдықты бұзған, сауалнаманы толтыру және эссені жазу үшін көмек алған үміткерлер анықталғаннан кейін, сол сәттен бастап іріктеуден шектетіліп, болашақта басқа да АҚШ Мемлекеттік департаменті бағдарламаларына құжаттары қарастырылмайды. Егер де сіз эссені «Фулбрайт ТЕА» бағдарламасына үміткердің өзі жазбағаны туралы білсеңіз, осы э-поштаға жазуыңызды сұраймыз Nur-SultanInfo@state.gov.

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

  • 2021 жылдың 15 наурызы Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 18:00 дейін құжаттар бағдарламаға онлайн түрде қабылданады. 
  • 2021 жылдың сәуірінде жартылай финалистер онлайн сұхбатқа шақырылады және сұхбаттан сәтті өткен жағдайда TOEFL iBT тестін тегін түрде тапсыруға жолдама алады. 
  • 2021 жылдың қыркүйегінде бағдарлама жеңімпаздары анықталады.  
  • 2021 жылдың қараша-желтоқсан айларында көктемгі семестрге жолдама алған жеңімпаздар АҚШ-қа сапарға арналған дайындық кездесуіне қатысып, 2022 жылдың қаңтары мен наурыз аралығында АҚШ-қа алты апталық оқуға барады. 
  • 2022 жылдың маусым-шілде айларында күзгі семестрге жолдама алған жеңімпаздар АҚШ-қа сапарға арналған дайындық кездесуіне қатысып, 2022 жылдың қыркүйек пен қазан аралығында алты апталық АҚШ-қа оқуға барады. 

БАЙҚАУҒА КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ҮМІТКЕРЛЕР ӨТІНІМ ТАПСЫРА АЛАДЫ:

  • Жергілікті балалардың басым бөлігі оқитын мектептерде ағылшын тілі, математика, жалпы ғылыми, әлеуметтік пәндер бойынша орта мектептерде штаттық режимде жұмыс атқаратын мұғалімдер, сонымен қатар инклюзивті білім беру мекемелерінде сабақ беретін ұстаздар; 
  • «Орта мектеп мұғалімдері» ұғымына 12-18 жастағы оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер кіреді. Бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер, өзінің 50% уақытын орта және жоғарғы сыныптарға сабақ берген жағдайда ғана, бағдарламаға қатыса алады. 
  • Мектеп қабырғасында және білім саласында өзінің көшбасшылық қабілетін көрсете алған ұстаздар артықшылыққа ие болады;
  • Бакалавр дипломының болуы немесе бакалавр деңгейінің эквиваленті; 
  • Бағдарламаның басталуына орай, кемінде штаттық режимдегі үш жылдық орта мектептегі тәжірибесі бар ұстаздар. Орта мектепте толығымен бес жыл тәжірибесі бар ұстаздар артықшылыққа ие болады;
  • Бағдарламаға тапсыру және қатысу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтығымен қоса Қазақстанда тұрғылықты тұратын үміткерлерден құжаттар қабылданады;
  • Ағылшын тілін жақсы деңгейде білетін мұғалімдер. Құжаттарды тапсырған сәтте, TOEFL iBT тілдік тестілеу сертификаты қажет емес. Егер екінші кезең яғни онлайн сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткер TOEFL iBT тестілеуін тегін түрде тапсыруға мүмкіндік алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 45 балл алу керек; Тестілеу барысындағы барлық шығындарды Қазақстандағы АҚШ Елшілігі өтейді:
  • Бағдарламаның аяқталуынан кейін, мектепте жұмысын әрі қарай жалғастыруға ынталы үміткерлер артықшылыққа ие болады; және
  • тек ағылшын тілінде толықтай толтырылған сауалнамалар қарастырылады.

«ФУЛБРАЙТ ТЕА» БАҒДАРЛАМАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫМЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛЫП, ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ШЫҒЫНДАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ:

  • J-1 визасы бойынша қолдау;
  • Туған қаладан қабылдаушы америкалық университет бағыты бойынша халықаралық билет; 
  • АҚШ-та оқу барысында қатысушылар тегін тұрып, күнделікті тамақ (күніне үш мезгіл) тамақтана алады; 
  • шәкіртақы және медициналық сақтандыру; 
  • Вашингтон, Колумбия округіндегі бағдарлама түлектеріне арналған семинарға қатысу;
  • Кәсіби даму мен мәдени бағдарламарға қатысуға мүмкіндік алады.  

Онлайн сауалнама https://fulbright.irex.org/ 2021 жылдың 15 наурызы Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 18:00 дейін қабылданады. 

Fulbright TEA бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты осы сайттан оқи аласыздар:  www.fulbrightteacherexchanges.org

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, э-поштаға жазуларыңызды сұраймыз: kenesbayevaat@america.gov

Онлайн анкетаны толтыру бойынша нұсқауды (PDF, 1MB) жүктеп, оқуыңызды сұраймыз.