Flag

An official website of the United States government

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің гранттар бағдарламасы | Қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабарлама
5 Хаттаманы оқу
Маусым 9, 2020

Small Grants for Media Development

Қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабарлама – Бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға арналған Шағын гранттар бағдарламасы

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде Қазақстанға журналистиканың кәсіби деңгейін көтеру және жергілікті БАҚ-тың мазмұнын жетілдіру мақсатында қолдау көрсетеді.

Осыған байланысты АҚШ Елшілігі Қазақстандық БАҚ нарығының деңгейін көтеруге бағытталған гранттарға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстандық ұйымдардың өтінімдері мен ұсыныстары төмендегі тақырыптардың бірін немесе бірнешеуін қарастыратын идеяларға бағытталуы керек:
Тақырып 1: Ақпаратты жинау немесе таратудағы инновациялық тәсілдер (әсіресе жастар арасында).
Тақырып 2: Кәсіби журналистиканың нормативтерін насихаттау, атап айтқанда фактілерді тексеру, ақпаратты растау және фактілік есеп беру.
Тақырып 3:Табыстың баламалы көздерін қоса алғанда, түрлі бизнес модельдер мен аудиторияны өсіру әдістерін үйрету арқылы Қазақстандағы БАҚ-тың қаржылық тұрақтылығын қолдау.
Тақырып 4: Сапалы есеп беру, этикалық және объективті журналистиканы дамыту мақсатында өзара тәжірибе алмасуды және мамандар желілерін қолдау.
Тақырып 5: Медиа-мазмұнды тұтыну тенденцияларын талдау, Қазақстандағы дезинформация/ мисинформация және қате түсініктер.

Хабарлама түрі: Грант беру немесе Ынтымақтастық туралы келісім
Қаржыландыру мүмкіндігінің нөмірі: DOS-KAZ-NS-AEECA-20-007
Болжалды орындау мерзімі: 6-12 ай
Төлемдердің болжалды саны: 8
Төменгі төлем мөлшері: $10,000
Жоғарғы төлем мөлшері: $40,000
Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 9 шілде, 18:00 дейін ұсынылуы қажет (Нұр-Сұлтан уақытымен)
АҚШ елшілігінің қоғаммен байланыс бөлімі лайықты өтінімдер болмаған жағдайда немесе АҚШ үкіметінің мүдделеріне сай келетін басқа да жағдайларда гранттың аз немесе көп мөлшерін беру құқығын өзіне қалдырады.

Толығырақ ақпарат пен өтініш формасын сілтеме арқылы алуға болады.

Қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабарлама – Кәсіби журналистерге арналған ағылшын тілі

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде Қазақстандағы журналистиканың кәсіби деңгейін көтеру және жергілікті БАҚ-тың мазмұнын жетілдіру, сонымен қатар Қазақстанның үштілді қоғам болу ұмтылысына қолдау көрсетеді.

АҚШ елшілігі журналистердің ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын қолдау мақсатында Қазақстанның сегіз қаласында журналистерге арналған ағылшын тілі курстарын өткізуді қолдауды жоспарлап отыр. Алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, Елшілік ағылшын тілін үйрену бағдарламасын әрі қарай жалғастырып, журналистердің ағылшын тілін әрі қарай жетілдіруге және кәсіби мансаптық өсуіне ықпал ететін мамандар арасындағы ресми емес байланыс желісін кеңейтуге ниет білдерді.

Шектелген есептік сома: 200 000 АҚШ долларын құрайды

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 9 шілде, 18:00 дейін ұсынылуы қажет (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Толығырақ ақпарат пен өтініш формасын сілтеме арқылы алуға болады.

Қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабарлама – Қазақстандағы журналистерге құқықтық қолдау көрсету

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде Қазақстанға журналистиканың кәсіби деңгейін көтеру және жергілікті БАҚ-тың мазмұнын жетілдіру мақсатында қолдау көрсетеді.

Журналистика әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі болып саналады. Көптеген журналистер өз жұмыстарын жүргізгені үшін ұсталып, немесе қамауға алынған болатын. Қазақстандық журналистер құқықтық қолдаудың болған жағдайында

олардың қауіпсіздігі мен қызметтік міндеттерін орындау қабілеті едәуір артатынына сенімді. Осыған байланысты Америка Құрама Штаттарының Елшілігі білікті коммерциялық емес ұйымға Қазақстандағы журналистерге құқықтық қолдау көрсету бағдарламасын жүзеге асыруда көмек көрсетуге ниетті.

Шектелген есептік сома: 80 000 АҚШ долларын құрайды

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 9 шілде, 18:00 дейін ұсынылуы қажет (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Толығырақ ақпарат пен өтініш формасын сілтеме арқылы алуға болады.

Қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабарлама – Қазақ тілінде контент жасаушылардың бесінші форумы

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде Қазақстанға журналистиканың кәсіби деңгейін көтеру және жергілікті БАҚ-тың мазмұнын жетілдіру мақсатында қолдау көрсетеді.

Осыған байланысты АҚШ Елшілігі 2021 жылы қазақ тілінде контент жасаушылардың бесінші форумын өткізуге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, Елшілік форумның кеңейтілген бағдарламасына, оның ішінде қазақстандық контент жасаушылардың форумға қосылуға және шығармашылық қоғамдастықтың мүшесі болуға мүмкіндік беретін аймақтық тренингтерге қолдау көрсетпек.