Flag

An official website of the United States government

FLEX бағдарламасы (2021-2022)
2 Хаттаманы оқу
Тамыз 12, 2020

Future Leaders Exchange Program 2021-2022

FLEX бағдарламасы туралы

FLEX орта білім саласындағы алмасу бағдарламасы: Армения, Әзірбайжан, Эстония, Грекия,  Грузия, Қазақстан, Қыргызстан, Латвия, Литва, Молдова, Монғолия, Польша, Румыния, Сербия, Тәджікістан, Туркменистан, Украина, Черногория мемлекеттерінде жүргізіледі. АҚШ Мемлекеттік Департаменттің Білім және Мәдени Министрлігімен қажыландырады. Бағдарлама – сайыс ретінде өткізіледі, жоғарғы сынып оқушылары АҚШ-қа баруға, Америкалық отбасында тұруға, мемлекеттік орта мектепте оқуға тегін мүмкіндік алады.

1992 жылы АҚШ сенаторы Билл Брэдли, АҚШ пен бұрыңғы Кеңес Одағы мемлекеттер арасында екі жақты мектеп оқушыларының алмасу бағдарламасын өткізу үшін қамтамасыз ететін тарихи заң жобасының басталып дүниеге келуіне және бекітілуіне түрткі болды. Қазіргі таңда бұл алмасу бағдарламасы FLEX деп аталады.

АҚШ-тан, бұрынғы Кеңес Одағының мемлекеттеріне достық қолын ұсына отырып бұл бағдарламаны АҚШ конгрессі бекіткен. Бұл бағдарлама алғашқы, ұзақ мерзімді жоғарғы сынып оқушыларына АҚШ-та бір жыл тұруына мүмкіндік беретін алмастыру бағдарламасы. Жиырма төрт жыл ішінде «FLEX» бағдарламасы аясында 25000 астам жоғарғы сынып оқушыларына шәкіртақы бөліп берілді. 2019/20 оқу жылында 800 оқушы АҚШ-та осы бағдарлама бойынша оқиды. Шәкіртақы алған әр оқушы бір жыл бойы АҚШ-та америкалық жанұяның мүшесі ретінде тұрып, америкалық орта мектепте оқитын болады.

Толық ақпарат: FLEX 2021-2022 Brochure (PDF, 1MB)