Гаухар Қасымжанова: Азаматтық қоғамның елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді және ашық түрде қатысатынын көрдім.

АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТАР, ДОСТЫҚТЫ ЕСЕЛЕТЕР ӘЙЕЛ ЗАТЫ.

2004 жылы ол АҚШ мемлекеттік департаментінің  «US Media and Political Campaign» тақырыбында халықаралық сапаршылар бағдарламасына қатысуға таңдалды. Ол сайлау науқаны арқылы АҚШ-ның тәжірибесін үйренуге келген 20 қатысушылардың арасында болды. Сол төрт аптаның ішінде ол АҚШ-ның әр түкпіріндегі бес штатты аралады. 2012 жылы ол «Веллесли» колледжінің «Әйелдер қоғам саясатында» бағдарламасына қатысуға таңдалып алынды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік хатшысына қарасты Хатшылық басшысының орынбасары. Оған дейін ол Премьер Министр орынбасарының кеңесшісі және Жастар жөніндегі комитеттің төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Бұрын ол Премьер Министрдің Кеңсесі және Сенат Әкімшілігіне қарасты Ұлттық Медиа Холдингтер, Ұлттық талдамалық орталықтардың басшысы лауазымында жұмыс атқарған болатын. Қасымжанова ханым өзінің жұмыс өтілін Қазақстан Мемлекеттік радиосының жүргізушісі ретінде бастаған.  Өзінің журналистика саласындағы еңбегі үшін оған «Қазақстан журналистер одағының» лауреаты және     «The Ring of Eurasia» шарасының Халықаралық жастар форумының лауреаты атағы берілген. Қасымжанова ханымның «Әл Фараби» атындағы Қазақстан Ұлттық университетінің (2000ж) халықаралық қатынастар жөніндегі дипломы және «Дюк» университетінің (2007) халықаралық саясаттың дамуы бойынша «гуманитарлық ғылымдар магистрі» атағы бар.