Global UGRAD

Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі 2022-2023 жылға арналған Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі 2022 жылдың 6 қаңтарына дейін ашық болатынын қуана хабарлайды. Global UGRAD бағдарламасы студенттерге АҚШ-тың колледж немесе университетінде 1 академиялық семестр ішінде оқуға, АҚШ-та мәдени және білім тәжірибесін алуға және біліміңіз бен дағдыларыңызды кеңейтіп, америкалық мәдениет пен құндылықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды тапсырудың соңғы күні 2022 жылдың 6 қаңтары Алматы уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Құжаттарды тапсыру үшін осы сілтеме https://webportalapp.com/sp/signup/ugrad_student_application_2022 арқылы тіркеліп, онлайн сауалнаманы толтырыңыз.

Студенттік порталда тіркеуден сәтті өткеннен кейін, UGRAD бағдарламасына арналған сауалнаманы толтыру жөніндегі нұсқаулықты таба аласыз.   

Бағдарлама толығымен Америка Құрама Штаттарымен қаржыландырылып, төмендегідей шығындарды қамтамасыз етеді:

  • Туған қаладан қабылдаушы америкалық университет бағыты бойынша халықаралық билет; 
  • АҚШ-та оқу және тұру;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Тегін оқу – айлық стипендия;
  • Оқу барысында қатысушылар күнделікті тамақ (күніне үш мезгіл тамақтана алады);
  • Қазақстанда АҚШ-қа сапарға дайындық кездесуіне қатысу;
  • АҚШ-қа келгеннен кейін онлайн кездесу; 
  • Вашингтон, Колумбия округіндегі бағдарлама түлектеріне арналған семинарға қатысу.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Global UGRAD –Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқитын және АҚШ-та бағдарламаның аяқталуынан кейін, қатысушының Қазақстанның жоғары оқу орындарында диплом алғанға дейін кемінде бір семестрін оқып, жалғастыратын студенттерге арналған АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бағдарламалар бюросының халықаралық студенттік алмасу бағдарламасы. Бағдарлама барлық қазақстандық жоғары оқу орындарында 1-3 курстағы және кез-келген мамандық бойынша оқитын студенттерге ашық. Бағдарламаға қатысушылар байқау негізінде анықталады.

Global UGRAD бағдарламасы АҚШ университетінде бір академиялық семестрді толықтай оқу үшін стипендиямен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның қатысушысы АҚШ-та аккредиттелген төртжылдық жоғарғы оқу орнында оқып, студенттік жатақханаға орналасады. Қажеттілік туындағанда, финалистер қарқынды ағылшын тілі курсынан өте алады. (Бағдарлама финалистерінің 25% ғана осындай мүмкіндік беріледі). 2022 жылдың күзінде ағылшын тілінің даярлық курсы өтеді. Осы ағылшын тілінің даярлық курсын оқитын студенттер, негізгі оқуын 2023 жылдың көктемінде бастайды. Сонымен қатар, бағдарлама барысында қатысушылар қоғамдық жұмысқа белсене араласып, кәсіби семинарлар мен шараларға қатыса алады. 

Академиялық бағыт пен жалпы көрсеткіштерді ескере, Global UGRAD бағдарламасы студенттерді тиісті университеттерге орналастырады. Сондықтан, Global UGRAD бағдарламасы бойынша оқитын студенттер америкалық университеттерді таңдамайды. 

Global UGRAD бағдарламасының финалистері Америкада оқуға арналған дайындық кездесуіне қатысып, АҚШ-қа келгеннен кейін таныстыру кездесуінен өтеді және соңында семинарға қатысады. 

Global UGRAD бағдарламысына іріктеу барысында үміткерлердің жеке және қоғамдық жетістіктері ескеріліп, ашық байқау негізінде өтеді. Осы байқауға келесі талаптарға сай студенттер өтінім тапсыра алады: 

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның жоғарғы оқу орнында оқитын және Қазақстанда тұратын студенттер;
  • Global UGRAD бағдарламысының аяқталуынан және Қазақстанға оралғаннан кейін, қазақстандық университетінде кемінде бір семестрі қалатын және күндізгі оқу негізінде оқитын қазақстандық студенттер. 
  • 2023 жылдың мамырынан кейін қазақстандық университетте бір семестрі қалған жағдайда, кез-келген мамандық оның ішінде медициналық мамандықтар бойынша оқитын студенттер бағдарламаға тапсыра алады;
  • Global UGRAD бағдарламысының үміткерлері өздерінің көшбасшылық потенциалын, білім жетістіктерімен қатар қоғамдық саладағы белсенділігін көрсету керек; 
  • Сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткерлер TOEFL iBT ағылшын тілі тестін тапсыруға жолдама алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 45 балл алу керек; 
  • АҚШ-та оның алдында оқымаған, АҚШ-та және шетелде болмаған үміткерлерге артықшылық беріледі; 
  • АҚШ-та оқуы аяқталғаннан кейін, 2023 жылдың қаңтары немесе мамыр айында Қазақстанға міндетті түрде оралуға келісім береді; 
  • Бағдарламаның басталу кезеңіне қарай қатысушы 18 жасқа толу керек. (Егер қазір жасыңыз 17 болса, құжаттарыңызды бағдарламаға қазір тапсыра аласыз);
  • Студенттердің оқу үлгерім көрсеткіші (GPA) кем дегенде 3.0 және одан жоғары болу керек.

Global UGRAD бағдарламысына келесі талаптар негізінде құжаттар қабылданбайды:

  • АҚШ азаматтарынан және АҚШ-та тұрғылықты тұрғын мәртебесі бар азаматтарынан;
  • АҚШ-та және шетелде оның алдында оқыған үміткерлерден құжаттар қабылданбайды;
  • Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттерде оқитын студенттерден және басқа мемлекеттерде оқитын, жұмыс атқаратын студенттерден;
  • Жергілікті АҚШ Елшілігінің, Бас Консулдығының, USAID қызметкерлерінен;
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті және USAID ұйымының қызметкерлерінің жақын туысқандары мен отбасы мүшелерінен;
  • World Learning ұйымының қызметкерлері мен жақын туысқандары; отбасы мүшелерінен.

TOEFL ТЕСТІЛЕУІ

Тек екінші кезеңге өткен қатысушылар ресми ағылшын тілі TOEFL тестілеуін тапсырады..Тестілеу шығындары толығымен Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен қамтамасыз етіледі. 

Студенттің міндеттері

  • Үміткерлер ұмтылысы жоғары, көшбасшылық қасиеттерімен қатар академиялық жетістіктерін, қоғамдық саладағы белсенділігін, оқудан тыс шараларға белсене қатысатындығын көрсету керек. 
  • Қатысушы студент академиялық дәрежеге ие болмағанмен, оқу барысында алатын бағаларын және транскриптерін өз қазақстандық университетіне көрсетіп, әрі қарай оқуын жалғастыру үшін, толығымен жауапты.
  • Студент АҚШ-та қоғамдық жұмысқа кемінде 20 сағат қатысуы керек. Сонымен қатар, финалистер кемінде үш кредитқа толатын Американистика бағыты бойынша бір курсты таңдау керек. Мысалы: АҚШ-тың тарихы, көркем әдебиеті, өнері немесе америка үкіметі жайлы курс)
  • Америкалық университеттің академиялық талаптарын орындамайтын студенттер (уақытылы үй тапсырмаларын орындамайтын, нашар орындалған тапсырмаларды тапсырса, сабақты босататын студенттер) Global UGRAD бағдарламасының стипендиясынан айырылып, Қазақстанға қайтарылады. Қатысушылар оқуларын жақсы деңгейде үлгеріп, кемінде 2,0 GPA мен аяқтау керек.

БАЙҚАУ ҚҰЖАТТАРЫ:

  1. Толығымен толтырылған онлайн сауалнама;
  2. Мотивациялық және көрсетілген тақырыптар бойынша шығармалар. (Онлайн сауалнамада шығарма тақырыптары көрсетілген);
  3. Төл-құжаттың немесе паспорттың көшірмесі (паспортыңыз/төлқұжатыңыз болмаған жағдайда, жеке куәлігіңіздің скан көшірмесін жүктеңіз);
  4. Ағылшын тіліне аударылған университеттегі оқу көрсеткішін көрсететін академиялық транскрипті (өзі аударған транскрипті үміткер тапсыра алады);
  5. Ағылшын тіліндегі екі кепілдеме хаты. 

Бағдарламаға үміткерлер төмендегі талаптарға сай құжаттарды тапсыру керек:

  • Сауалнаманың әрбір сұрақтарына толық және нақты жауап беріп, жеткілікті сөзді толық қамтып, эссенің негізін ойын ашу керек; (400-600 сөзге толуы шарт);
  • кепілдеме хатты беретін адам, ағылшын тілінде жаза алмаса, мүмкіндігінше, нотариалды расталған ағылшын тіліне аударылған екі кепілдеме хатты онлайн жүйеге жүктеу керек. Кепілдеме хаттың біреуі оқытушымен немесе университеттегі академиялық тәлімгермен толтырылуы керек. Бірінші курс студенттері кепілдеме хаттың біреуін мектеп мұғалімінен алып, екінші хатты өзі қатысатын үйірме немесе студенттік ұйымнан сұрай алады. Кепілдеме хатта кепілдеме берушінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, байланыс ақпараттары және э-поштасы көрсетілуі керек. Пандемия кезінде, кепілдеме берушінің толық деректері көрсетілген жағдайда, кепілдеме берушінің қолы және мөрі қажет емес;
  • екінші кепілдеме хат басқа оқытушыдан, жұмыс берушіден, жаттықтырушыдан, алдыңғы алмасу бағдарламасының үйлестірушісінен болу керек. Үміткердің отбасы мүшелері және достары кепілдеме хатты жаза алмайды;
  • бакалавриатта оқу барысында алған ресми академиялық транскриптердің барлығын ағылшын тіліне аударып, нотариалды расталған көшірмесін онлайн жүйеге жүктеу керек. Бағалар университеттің ресми құжаттында беріліп, декан немесе құзырлы университеттің лауазымды қызметкерінің қолымен және елтаңба салынған мөрімен расталуы керек.
  • транскрипте көрсетілмеген жағдайда, студент осы жылы университетте ресми түрде оқитындығын растайтын құжатты онлайн жүйеге жүктеу қажет. Аталған құжатты ағылшын тіліне аудару міндетті емес;
  • сіздің сауалнамаңыз толығымен толтырылып, барлық құжаттарды жүйеге жүктегеннен кейін, «Submit» батырмасын таңдаңыз. «Submit» батырмасын басқаннан кейін, ешқандай ақпаратты өзгерте алмайсыз. Сондықтан, барлығын мұқият және толықтай толтырғаныңызға көз жеткізіп, «Submit» батырмасын басыңыз. 
  • Транскриптердің және кепілдеме хаттардың мазмұны толығымен тиісті мекемелермен және оқытушылармен тексеріледі. 

Сауалнама үміткердің жеке жұмысын толықтай көрсету керек. Басқа адамның немесе басқа ресурстарда көрсетілген сөздерге, ойларға, тұжырымдамаларға ұқсас және басқа автордың ойын өз ойы ретінде көрсететін жауаптар мен эсселер қарастырылмайды. Үміткердің сауалнамасында немесе шығарламарында көрсетілген кез-келген плагиат болса, байқаудан сол сәтте алынып тастауға негіз болып табылады.  

Үміткерлерге кеңес: Білім орталықтары, консультанттар және бағдарлама түлектерінен эссені жазу үшін көмек сұрамауыңызды өтініп сұраймыз. Әрбір сауалнама мұқият іріктеуден өтеді. Академиялық адалдықты бұзған, сауалнаманы толтыру және эссені жазу үшін көмек алған үміткерлер анықталғаннан кейін, сол сәттен бастап іріктеуден шектетіліп, болашақта басқа да АҚШ Мемлекеттік департаменті бағдарламаларына құжаттары қарастырылмайды. Егер де сіз эссені Global UGRAD бағдарламасына үміткердің өзі жазбағаны туралы білсеңіз, осы э-поштаға жазуыңызды сұраймыз Nur-SultanInfo@state.gov.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 

Мерзімнен кеш немесе толық емес сауалнамалар қарастырылмайды. Сауалнамалар онлайн түрде 2022 жылдың 6 қаңтарына дейін тапсырылуы тиіс. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер 2022 жылдың мамыр айында хабарлама алады. 

БАЙҚАУ ШАРАЛАРЫ

Барлық қатысушылар байқау негізінде іріктелінеді. Қабылдау комиссиялары талаптарға сай өтінімдерді қарастырады. Жартылай финалистер сұхбатқа шақырылады. 

Бағдарламаға қатысты соңғы шешімді Вашингтон, Колумбия округіндегі АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бағдарламалар бюросы қабылдайды. 

Global UGRAD бағдарламасы басталмай тұрып, барлық жеңімпаздар медициналық сараптамадан өтіп, тиісті егу кітапшасын көрсету керек. 

Бағдарламаның соңында, қатысушылар америкалық университеттен оқу транскриптін алады. Сонымен қатар, Global UGRAD бағдарламысына қатысып, оқығандығын растайтын грамота алады. Алайда, қазақстандық оқу орнына алмасу бағдарламасы бойынша алынған транскриптін кредиттерін есептету студенттің жауапкершілігі.