Global UGRAD – АҚШ колледжінде не университетінде академиялық дәрежесіз бір семестр оқу үшін көшбасшылық қабілеттері бар студенттерге арналған стипендиялық бағдарлама. Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет істері бюросының Global UGRAD бағдарламасы Америка Құрама Штаттарында оқуға басқа мүмкіндігі жоқ қатысушыларды қолдауға бағытталған. Жеңімпаздар АҚШ қоғамымен, мәдениетімен және академиялық институттарымен терең танысып, кәсіби дағдыларын арттыру мүмкіндігіне ие болады.
Барлық қатысушы қабылдаушы оқу орнының ұсынған бакалавриат бағдардамаларының курстарына бір семестрге қабылданады. Қатысушылар Америка Құрама Штаттары туралы түсінігін арттыру үшін финалистер кемінде үш кредитке тең бір Америка зерттеу курсын таңдауы керек. Қатысушылар басқа студенттермен бірге кампус тұрғын үй нысандарында тұрады және кем дегенде 20 сағаттық қоғамдық жұмыстарға қатысуы керек. Сондай-ақ, АҚШ-қа келмес бұрын бағыт-бағдар беретін виртуалды сессия мен бағдарлама аяқталғанда өтетін семинарға қатысу міндеттеледі.
Global UGRAD бағдарламасының финалистері америкалық университеттерді таңдамайды. Студенттердің академиялық бағыты пен жалпы көрсеткіштерін ескере отырып, Global UGRAD бағдарламасы студенттерді тиісті университеттерге орналастыратын болады. АҚШ-тың 43 штатындағы аудандық және қалалық жерлерінде орналасқан 70-тен астам колледж бен университеттер қабылдаушы университеттер тізімін құрайды. UGRAD алмасу бағдарламасы аясында академиялық дәреже берілмейді.
Бағдарламаны тәмамдаған қатысушылар АҚШ Мемлекеттік департаментінен бағдарламаны сәтті аяқтағаны туралы сертификат алады. Бағдарлама қатысушылары АҚШ-тағы қабылдаушы және қазақстандық университтері арасындағы кредиттік аударымдарға жеке жауапкершілік алады. Бағдарлама АҚШ университеттерінде таңдалған пәндерге тіркелуге кепілдік бере алмайды. Үміткерлер бұл жағдайдың олардың негізгі университетін тәмамдауын кейінге қалдыруы мүмкін екеніне дайын болуы керек. Бағдарлама ауысу мақсатында арнайы курстарға тіркелуге кепілдік бере алмайды.
Байқауға келесі талаптарға сай үміткерлер өтінім бере алады:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу;
- Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның жоғарғы оқу орнында оқитын және Қазақстанда тұратын студенттер;
- Global UGRAD бағдарламысының аяқталуынан және Қазақстанға оралғаннан кейін, қазақстандық университетінде кемінде бір семестрі қалатын және күндізгі оқу негізінде оқитын қазақстандық студенттер.
- Global UGRAD бағдарламысының үміткерлері өз көшбасшылық мүмкіндігі мен білім жетістігімен қатар қоғамдық саладағы белсенділігін көрсету керек;
- Сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткерлер TOEFL iBT ағылшын тілі тестін тапсыруға жолдама алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 55 балл алу керек. 48-60 ұпай жинаған студенттер бағдарламаның алмасу бөліміне дейін виртуалды ағылшын тілін оқытуға қабылданады. Таңдалған студенттер Америка Құрама Штаттарындағы бағдарламаның алмасу бөлігіне қатысу құқығына ие болу үшін ең кем дегенде 61 балл жинауы керек. Өтініш беру сәтінде TOEFL тестілеуі талап етілмейді. Сұхбаттан сәтті өткен үміткерлер TOEFL iBT тестін тегін тапсыруға шақырылады.
- АҚШ-та бұрын оқымаған, АҚШ-та және шетелде болмаған үміткерлерге артықшылық беріледі;
- STEM пәндері, информатика, IT, қоршаған ортаны зерттеу, жаңартылатын энергия көздері және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ өңірлік жоғары оқу орындарында оқитындарға артықшылық беріледі;
- Үміткерлер АҚШ-та оқуы аяқталғаннан кейін Қазақстанға міндетті түрде оралуға келісім береді;
- Бағдарлама басында үміткер 18 жаста болуы керек. (Егер қазір жасыңыз 17-де болса, құжаттарыңызды бағдарламаға қазір тапсыра аласыз);
- Студенттердің оқу үлгерім көрсеткіші 4.0-дан (GPA) кемінде 3.0 және одан жоғары болу керек.
Байқауды өткізу кезеңдері мен мерзімдері
Құжаттарды онлайн түрде тапсырудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 15 желтоқсан күні, Шығыс уақыт белдеуі бойынша (UTC-04:00) 11:59-ға дейін.
Жеңімпаздар 2024 жылдың күзгі семестрі (2024 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін) не 2025 жылдың көктемгі семестрі (2025 жылдың қаңтар мамырына дейін) АҚШ университеттеріне оқуға барады. Үміткерлер қатысу семестрін таңдай алмайды.
Онлайн өтінім беру сілтемесі: https://webportalapp.com/sp/ugrad_student_application_2024
Global UGRAD бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты келесі сайттан оқи аласыздар: https://www.worldlearning.org/program/global-undergraduate-exchange-program/