Go Viral фестивалі баспасөз-кездесудегі АҚШ Елшісі Уильям Мозердің сөзі

Go Viral фестивалі

баспасөз-кездесудегі АҚШ Елшісі Уильям Мозердің сөзі

Жұма, 14 – ші маусым, 3 минут

 

Қайырлы күн және қош келдіңіздер. Сұрақтарға бірден көшпес бұрын, Сіздерге Go Viral фестивалі жайында айтқым келеді.

Go Viral – Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық өкілдігінің Алматыда жыл сайын өткізетін үш күндік фестивалі. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Go Viral – бұл Қазақстандағы АҚШ миссиясының иновация мен кәсіпкерлік саласын, сонымен қатар, Орталық Азиядағы экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуді, аймақтың басқа өңірлермен жаһандық қарым-қатынасын нығайтуын қолдайтын көптеген шаралардың бірі болып табылады.

 

Фестиваль Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азиядан келген медиа, мәдениет, бизнес және технологиялар саласындағы жетекші ойшылдарды және жаңашыл адамдарды біріктіреді.

 

Біздің спикерлеріміз өз білімдерімен, кәсіби құпияларымен, қолданатын құралдары жайында айтып, тәжірибелерімен бөліседі. Тақырыптардың басымды бөлігі адам баласының қазіргі таңда жаһандық аудиториямен және нарықпен жаңа технологияларды пайдалана отырып, жұмыс жасауының сәтті мысалдарына арналатын болады.

 

Мысалы:

  • жергілікті инновациялардың жаһанға танылуы
  • санды көшпенділік, немесе әлемнің кез келген түпкіріне сапар шегіп, жұмыс атқарудың жолдары
  • деректерді тексеру, сандық маркетинг, БАҚ нарығын өзгертетін жаңа үрдістер. Мысалы, подкастинг.
  • көркем жобаларды құру және насихаттау үшін жаңа технологияларды қолдану

Фестивальға қатысуға мыңдаған адам тіркелді – одан да көбі фестивальге Facebook-тағы ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп отыратын тікелей эфир арқылы қатыса алады.

Фестивальға қатысушылар – кәсіпкерлер мен инноваторлар. Олар жыл сайын өсіп келе жатқан Go Viral Network қауымдастығына қосылды. Олар фестивальге тәжірибе, идея және шабыт алмасу үшін; сонымен бірге, жаңа бірлескен жобаларды құру үшін; шығармашылықпен бөлісу үшін қатысады.

Биылғы жылы Go Viral Network жазғы фестивальмен ғана шектеліп қоймайды. Жоба Қазақстан мен Орталық Азияны қамтиды.