Go Viral аймақтық фестивалі 11-20 маусымда аралас форматта өтеді

Go Viral аймақтық вирустық идеялар фестивалі гибридті болды  

11 мамыр  – Жыл сайын өтетін бесінші Go Viral фестиваліне тіркеу бүгін басталады. Осы жылы фестиваль 11 маусымнан бастап 20 маусымға дейін гибридті форматта өтеді. Кейбір шаралар жергілікті жағдайларды ескере отырып, Қазақстанда Алматы қаласында, (Hide Park), сонымен қатар Душанбеде, Ташкентте және Бішкекте жеке өтетін болады. Воркшоптардың, дәрістердің, панельдік пікірсайыстар мен питчингтердің көбі біздің YouTube арнамызда, Facebook Live, Zoom платформаларында және фестиваль алдында ғана қосылатын жаңа Go Viral мобильді косымшасында қолжетімді болады.

Тіркелу тегін және www.goviral.kz сайтында қолжетімді.

Бүкіл әлем және оның ішінде өзіміз туған өңірімізді жан-жақты танып білу үшін Go Viral 2021 (бей)таныс Орталық Азия тақырыбын талқылайтын болады. Әдеттегідей, фестиваль медиа, бизнес, мәдениет және технологиялар саласында идеялармен алмасу, оқу және нетворкинг үшін платформа ұйымдастырады.

2017 жылы негізі қаланған Go Viral фестивалі мен оның серіктестері тілшілерге, кәсіпкерлерге, кинематографшыларға және музыканттарға әлеуметтік желілерді, баспасөзді, мәдениетті, бизнес пен технологияларды бүкіл әлеммен тығыз байланыста болу үшін пайдалану мүмкіндігін береді. Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық өкілдігі Орталық Азияда азаматтық қоғамды, инновацияларды және жасампаздықты дамыту бастамасына демеу көрсетуде.

«Үстіміздегі жылы Орталық Азия елдері өздерінің тәуелсіздігінің 30-жылдығын атап өткелі отыр. Америка Құрама Штаттары жаңашылдардың, инфлюенсерлердің және көшбасшылардың жаңа буынына қолдау көрсете алатынын мақтан тұтады. Пандемиядан кейін бізге қиыншылықтарды жергілікті ғана емес, өңірлік және ғаламдық деңгейде шеше алатын ұлы ойшылдар қажет болатыны бәрімізге белгілі. Мен осы жобаға үлесімді қоса алғаным үшін өте қуаныштымын және фестивальдің осы жылғы бірегей форматына зор үміт артамын», – деп өз ойымен бөлісті АҚШ Алматыдағы Бас консулдығының Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ананд Кришна.

Go Viral 2021 түрлі аудиторияны қызықтыруы мүмкін бірқатар тақырыптарды, оның ішінде жасанды интеллект, медицинадағы технологиялар; деректер туралы ғылым, фактілерді тексеру, сторителлинг, климаттың өзгеруі және т.б. қамтиды. Біздің спикерлер, фестивальдің кестесі және басқа жаңалықтар туралы молырақ ақпарат алу үшін біздің сайтымызды қарауыңызға болады. Сонымен бірге, жаңалықтарымызды Go Viral әлеуметтік желілері: Instagram, Facebook, Telegram, және YouTube арқылы білуге болады.

Біз сіздерді биылғы офлайн және онлайн фестивалімізде тағатсыздана күтеміз!

Көрнекі материалдар, фотосуреттер және Go Viral 2021 фестивалінің басталуы туралы бейнежазбаны мында жүктеп алуға болады. Хэштегтер: #GoViralCA2021 #GoviralCA

Go Viral 2021 фестивалінің баспасөз орталығы:

Далида Накупова, тел.: +7 701 222 2850 dalida.pr@gmail.com, media@goviral.kz

Тулеген Дарбасов, тел: +7 777 705 0128 tdarbassov@goviral.kz