Go Viral Network жаңа уақыт көшбасшыларының Next30 байқауын жариялайды

2021 ж. 21 маусымда Орталық Азия елдері тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай АҚШ-тың Орталық Азиядағы бес дипломатиялық уәкілдігі Go Viral Network қоғамдастығымен бірігіп, Орталық Азияның 1991 жылдан бері туылған 30 жаңа көшбасшысының үлесін атап өтуге арналған өңірдің жас көшбасшылары арасында өңірлік Next30 байқауын жариялады. 

Next30 байқауының барлық қатысушылары 20 маусымнан бастап 20 шілдеге дейін тіркеуден өте алады. Орталық Азияның Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Түркіменстаннан шыққан 30 жаңашылы өздерінің бизнестегі, медиадағы, мәдениеттегі, технологиялардағы және азаматтық қоғамдағы жетістіктерімен, табысқа жету тарихымен, өңірдің болашағы туралы ойларымен бөліседі және Орталық Азияның болашақ игілігі үшін қосатын үлестері туралы әңгімелейді.

«Америка Құрама Штаттары біздің Орталық Азиямен серіктестігімізді мақтан тұтады және өзінің 30 жылдық тәуелсіздік мерейтойын атап өтіп жатқан әрбір елді құттықтайды. Осы шара арқылы біз Орталық Азияның басқаларды инновациялық идеялар ойлап табуға және бірлескен жобалар жасауға итермелейтін, жергілікті кәсіпкерлерге демеу беріп, бүкіл әлемнің шығармашыл, бастамашыл адамдарының өзара арақатынас құруына себепкер бола алатын жас көшбасшыларына қолдау көрсеткіміз келеді», – деді Алматыдағы АҚШ бас консулы Эрик Майер.

Байқаудың финалистері – 2021 ж. 13 тамызда, ал жеңімпаздары 2021 ж. 17 қыркүйекте жарияланады. Іріктеу шарттарына сай (2021 ж. 20 шілдедегі жағдай бойынша) барлық үміткерлердің жасы 18-ден кем болмауы тиіс және 1991 жылдан бұрын туылмаған болу керек. Үміткерлер тіркеу үлгілерін ағылшын тілінде толтырып, өздерінің Орталық Азияның жарқын болашағы үшін қосқан үлестері мен маңызды инновациялары туралы 300 сөзден тұратын баяндамасында көрсету қажет.

«Орталық Азияның жастары жаңашыл, дарынды, әрі өршіл келеді. АҚШ-тың Орталық Азиядағы дипломатиялық уәкілдіктері тәуелсіздік алған соң дүниеге келген, түрлі мүмкіндіктер мен жаңа идеяларға толы болашақтың кілті іспеттес жаңа көшбасшылар ұрпағына демеу беруді көздеген Go Viral Next30 бастамасына мақтанышпен қолдау көрсетеді», – деді Тәжікстандағы Go Viral бағдарламасының директоры, әрі Go Viral негізін қалаушы Чарльз Мартин.

Next30 жеңімпаздары бас қосып, Go Viral өңірлік шараларында өзара жақынырақ таныса алады, сонымен қатар олар келесі жылы АҚШ-қа барып, медиа, бизнес, мәдениет және технологиялар саласындағы американдық сарапшылармен және жаңашылдармен танысу  мүмкіндігіне ие болады.

Көбірек ақпарат алу үшін Go Viral әлеуметтік желілерін қараңыз: Instagram, Facebook, Telegram және YouTube. 

Байқау туралы фото және бейнематериалдарды мына жерден табуға болады. Хэштэгтер: #Next30GV #GoViralCA

Go Viral Central Asia 2021 фестивалінің баспасөз қызметі 

Далида Накупова, ұялы: +7 701 222 2850; dalida.pr@gmail.com, media@goviral.kz