Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі жыл сайынғы екінші Go Viral фестиваліне тіркеудің басталғанын хабарлайды.

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі жыл сайынғы екінші Go Viral фестиваліне тіркеудің басталғанын хабарлайды.

Go Viral — бұл Алматыдағы SmArt.Point коворкинг кеңістігінде 15-17 маусым аралығында өтетін, медиа, бизнес, мәдениет және технология салаларындағы инновациялық идеялардың таралуына бағытталған үш күндік фестиваль.

Фестивальдің міндеті – шығармашылық аудиторияға, оның ішінде, журналистерге, кәсіпкерлерге, кинематографистерге, музыканттар мен ынтагерлерге әлеуметтік желілер, жаңа тұғырнама мен технологиялар арқылы өздерінің контенттерін құрып, жүргізуге мүмкіндік беру. Go Viral фестивалі АҚШ, Орталық Азия және Шығыс Еуропаның алдыңғы қатарлы трендсеттерлері жүргізетін мастер-класстар, талқылаулар, әрі музыка және кинодан тұрады. Олар ғаламдық аудиториямен қалай табысты түрде бірлесіп әрекет етуге болатыны жайлы баяндайды.

Бұл жылы Орталық Азиядан жаңа идеялармен жігерленіп, заманауи трендтер жайында хабардар болып, нетворкингке белсенді түрде қатысып, сонымен бірге, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты бекітуге 1500 қатысушы келеді деп күтілуде.

Go Viral – 2018 фестивалінің тақырыбы — «Interlaced: Біздерді біріктіретін инновация, өзара әрекеттестік және шабыт беретін желілер» деп аталады. Бұл тақырып аясында: аймақтық байланыстар мен бірегейлік, ынтымақтастық, әділетті журналистика, digital медиа және басқа да бағыттар қамтылатын болады.

Фестивальде: Ғаламдық аудиторияны тартатын контентті қалай құру керек? Әлеуметтік өзгерістер үшін сторителлингті қалай қолдануға болады? Техникалық инвесторлар үшін Орталық Азия тартымды ма?  Заманауи музыканы жаңа технологиялар мен мәліметтер талдауы қалай өзгерте алады? Сандық әлемде өзіңнің бірегейлігіңді қалай табуға болады?  VR біздің күнделікті өмірімізге қалай әсер етеді? дегендей және басқа да мәселелер талқыланады.

Фестиваль форматтары: негізгі баяндамалар; шеберлік сабақтары; питчинг пен таныстырылымға дайындық; музыка және кино; видеоконференциялар; нетворкинг және менторлық; панельді пікірталастар мен дөңгелек үстелдер; пікір алмасу аумағы мен TechLab. Қатысу тегін, бірақ, арнайы таңдалған 1500 адаммен шектеледі.

Фестивальге қатысу үшін қатысушылар http://www.goviral.kz/ru/fest ресми сайтында тіркеуден өтуі керек. Тіркеу 2018 жылдың 8 маусымына дейін жүргізіледі.

Мекен-жайы: SmArt.Point, Байзақов к.280

Осы жылдың бірқатар белгілі спикерлері: Эдриэнн Росс, Коғамдық байланыстар жөніндегі хатшы көмекшісінің орынбасары; Джон Стэнмайер, құрметті марапаттарға ие Time және National Geographic фотожурналисті; Саймон Островский, Emmy сыйлығын алған документальды кинорежиссер және журналист; Ольга Брейнингер, «В Советском Союзе не было аддеролла» бестселлерінің авторы; Джама Джурабаев, Стивен Спилбергтің “Первому игроку приготовиться” фильмінің концепт-суретшісі; Каки Кинг, американдық гитарист және композитор; Брэндон Эндрюс, Shark Tank гуру-кәсіпкері; Джереми Киршбаум, VR-ді тәжірибеден өткізген стратег, кәсіпкер және өзінің жеке валютасы бар.

Фестиваль жайында толығырақ сіздер веб-сайттан, сондай-ақ, әлеуметтік желілерден біле аласыздар:
Facebook: @GoViralkz, Instagram: GoViral.kz;  Twitter: @GoViralkz; YouTube: GoViral KZ;  #Goviralkz #Goviralkz2018