Go Viral фестивалі 14-16 маусымда Алматыға қайта оралады

Go Viral фестивалі 1416 маусымда Алматыға қайта оралады

Алматыдағы АҚШ Бас Консулдығы маусымның 14 мен 16 аралығында Алматы қаласында жыл сайынғы үшінші Go Viral фестивалінің өтетінін қуана хабарлайды.

Go Viral – Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық өкілдігінің демеушілігімен өтетін халықаралық фестиваль. Фестивальда медиа, мәдениет, бизнес және технология инноваторлары түрлі салалардың үздік ойшылдары мен пікір көшбасшыларынан жаңа тренділер мен ғұлама идеяларды естіп-білу үшін бас қосады. Оған шақырылған спикерлер – АҚШ пен Орталық Азияның белсенді, шығармашыл және ешбір нәрсеге бей-жай қарамайтын мамандары.

Биылғы фестивальдің тақырыбы – «Жаңа: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын». Go Viral 2019

«жаңа» ұғымын талдайтын болады. «Жаңа» дегеніміз осы күні не мағынаны білдіреді? Жаңа технологиялар, ақпарат тарату жолдарының сағат санап жылдамдауы, ашық ақпарат көздері мен мобильді шешімдердің кең дамуы, – осының бәрі біздің өмірімізді өзгертуде. Go Viral – адамдар өз ойларымен бөлісіп, қиындықтарды жеңе отырып бірге жұмыс жасайтын, шабыттанып, бірлескен креативті шығармашылыққа қол жеткізетін алаң. АҚШ пен Орталық Азиядан келген 50-ден астам спикерлермен қатынас арқылы фестивальдің 2000 қатысушысы технологияның бизнес жүргізудегі, өнер мен мәдениетті қабылдаудағы, бір-бірімізбен қатынасудағы, ақпарат алудағы дағдыларымызды қалай өзгертетініне өздері көз жеткізе алады.

Панельдік сессиялар, воркшоптар, музыкалық қойылымдар мен кинокөрсетілімдер, перфоманстар фестивальдің төрт бөлімінің бағдарламасына кіреді: Медиа, Бизнес, Мәдениет және Технология. Спикерлер толықтырылған шындық (дополненная реальность), жасанды интеллект, сандық номадизм, жаңа медиа-құралдар, сторителлинг, өнердегі технологияның қолданылуы, data science, кәсіпкерлік және стартаптар, тағы басқа өзекті тақырыптарды қозғайтын болады.

Go Viral 2019ға тіркелу фестивальдің веб-сайтында – www.goviral.kz – 15 сәуірде ашылып, мамыр айының соңына дейін жалғасады.

30 сәуір күні Go Viral ұйымдастырушыларының, оның ішінде АҚШ Бас Консулдығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Онда биылғы жылдың спикерлері жайлы ақпарат алуға болады.

Go Viral-дың әлеуметтік желілеріне жазылыңыз: Instagram желісінде GoViral.kz, Facebook, Twitter және YouTube желілерінде GoViralkz, немесе #goviral2019 хэштегі арқылы іздеңіз!

Сұрақтарыңыз болса, немесе спикерлерден сұхбат аламын десеңіз, төмендегі контактіге хабарласыңыз:

Кәмшат Төлеулиева, АҚШ Бас Консулдығы

MediaAlmaty@state.gov  | оф. +7 (727) 250 48 62 | WhatsApp/моб. +7 777 227 44 16