Гульмира Биржанова: Сөз бостандығы Ата Заңда қарастырылған құқық қана емес, ол мемелекеттің адам құқығын ұстануы.

АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТАР, ДОСТЫҚТЫ ЕСЕЛЕТЕР ӘЙЕЛ ЗАТЫ.

Мен, АҚШ мемлекеттік департаментінің «Халықаралық сапарлар» IVLP-2016 алмасу бағдарламасының түлегі, құқықтық медиа-орталығында заңгер болып жұмыс істеймін. Қызметім заң жобаларын жазумен байланысты болғандықтан, журналистер мен мемлекеттік емес ұйымдарға кеңес берумен және құқықтық тренинг өткізумен айналысамын.   Америка Штаттарына сапар маған сөз еркіндігі Ата Заңда жазылған құқық қана емес, сонымен бірге ол мемлекеттің адам құқығын ұстануы екендігіне көзімді жеткізді.

Сонымен қатар менің бұл сапарым америкалық сот төрелігі жүйесі, сөз еркіндігінің тәжірибеде қалай жүзеге асатыны, жергілікті БАҚ-ның қалай қызмет атқаратыны туралы білімімді толықтырды, әрі сапар барысында өз тәжірибемді америкалық заңгер әріптестеріммен бөлісуге керемет мүмкіндік берді. Алған білімімді өзімнің жұмысымда күнделікті пайдалана алатыныма сенімдімін.